Шарттың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі

Содержание работы

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Файлы: 1 файл

курс жумыс.docx

— 97.38 Кб (Скачать файл)

Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.

Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті) [55].

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.

АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Соңдықтан да, олардың мазмұныңда заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.

Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.

Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.

Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шартгың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.

Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).

Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруте міңдеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.

Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелеңдіру туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.

Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.

Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады.

Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.                                               

Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.

Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).

ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады[43].

Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалыңды. Ниет туралы хаттамадан аддын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретіңде қаралмасын деген тұжырымға алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).

Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені болмаса, басқадай құқықтық салдарға өкелмейді.

Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міңдетті болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).

Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жөне т.б.)

Азаматтық кодексте көрсетілгендей 387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:

1) оны коммерциялық  ұйым жасайды;

2) коммерциялық  ұйымның тауарлар сату, жұмыс  орындау немесе қызмет көрсету  жөніндегі міндеттері белгіленеді;

3)  ұйым, өз  қызметінің сипатына қарай, бұл  міндеттерді өзіне жүгінген өр  адамға қатысты жүзеге асыруға  тиіс;

4) коммерциялық  ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан  басқа реттерде, шарт жасасуда  бір адамның алдында екінші  адамға артықшылық беруге құқылы  емес.

Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзіңде оңдай мүмкіңдік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Оған мысал, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.

Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады.

Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайыңдаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б. [49].

Қазақстан Республикасының Үкіметі, заң актілеріңде белгіленген жағдайларда, жария құқықтардың кейбір түрлері жайында міндетті ережелер шығаруға құқылы (типтік шарттар, ережелер және т.б.)

Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайыңдайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.

Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.

Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретіңде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады.

Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.

АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады, ақылға қонымды принцип жайында АК-ның 8-бабын негізге алуға болады[56].

Жалпы қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.

Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол — қосылған жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы. Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігін білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.

Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың — өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың — үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.

Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.

Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл — азаматтық құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі.

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері мыналар:  жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы); үшішпі жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап); үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).

Үшінші жақ өз құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта алдын ала қарастыра алады[50].

Ондай жағдай заңнамада да бекімін табуы мүмкін АК-ның 391-бабының 2-тармағында белгіленген.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшішні жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегеңдігіне байланысты емес.

Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Тәжірибеде кездестетіндей, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орыңдалуын талап етуге құқылы.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда — үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.

Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.

Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады.

АК-ның 815-бабының 7-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді.

Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтаңдыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.

1.3 Шарт жасасу, өзгерту  және оны бұзу

 

Шарт жасасудың кезеңдері. Азаматтық заңнамада белгіленгендей шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

Информация о работе Шарттың жалпы ережелері