Шарттың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі

Содержание работы

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Файлы: 1 файл

курс жумыс.docx

— 97.38 Кб (Скачать файл)

ҚР АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс.

Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.

Шарт жасасу қандай да бір тараптың міңдеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.

ҚР АК-ның 395-бабы "оференттің байланыстылығы" ұғымын енгізді. Бұл шарт өлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.

"Оферент  байланыстылығы" ұғымынан "офертаның  қайтарып алынбайтындығы" ұғымы  туындайды. Оферент офертамен байланыста  болатын мерзім өткенше ол  офертаны қайтарып ала алмайды  және оның ережелерін өзгерте  алмайды. Бұл ережені бұзу екінші  тараптың офертаны қайтарып алудан  көрген шығынын өтеу міңдетінің  туындауына әкеп соғады.

Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозиттівтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395-баптың 3-тармағы).

АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға үсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды[61].

Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.

Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: олар 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.

Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғандық болады.

Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.

Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер оңдай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін

білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.

АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек[47].

Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.

Оферент акцептті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады (АК-ның 401-404-баптары).

Шарт жасасу тәртібі. Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.

Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса — ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім корсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайыңда тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады.

Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құкықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады.

АК-ның 397-бабының 3-тармағыңда жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезіңде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.

Оферент, жауап ала алмағаңдықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезіңде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орыңдау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп келгеңдігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орыңдаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығыңды өтеуге міндетті.

Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіңдігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кәнісінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергеңдігін хабарламайды. 15 мамырда М. көлік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міңдетті[45].

Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қаңдай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.

Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жеріңде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады (АК-ның 398-бабы).

Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқаңда маңызы зор. Мұңдай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады.

Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостаңдығы болғанмен, АК-да және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі АК-да қарастырылған.

Мұндай жағдайлар кеп емес. АК-да белгіленгендердің ішінен жария шартты және алдын ала шартты атауға болады. Өзге заң актілерінде белгіленген жағдайлар ішінен мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабы).

АК-ның 399-бабына сәйкес, міңдетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғанда; шартжасасу оферент үшін міндетті болғанда.

Бірінші нұсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.

Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын ондай хабар алғаннан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі өткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.

Екінші нұсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді[53].

Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайыңда хабар алынбаса, пікір қайшылығы  хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы.

Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылығын сот қарауына беруі үшін АК-ның 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін,   ақылға қонымды мерзім.

Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, ал кейбір жағдайларда — тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.

Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екшші тарап оны мәжбүр ету туралы және оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-ның 399-бабының 4-тармағы).

Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады.

Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды.

АК-ның 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар:

шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары);

пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады.

Пікір қайшылығы сотта қаралғаңда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс.

Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.

Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері. Шартты өзгерту дегеніміз — оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі.

Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.

АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесіңде[3].

Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібіңде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі — шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.

Информация о работе Шарттың жалпы ережелері