Терроризмның жалпылама түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:06, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.............................................4
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері.................4 1.2 Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар.........................................7
2. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.......................................19
2.1 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар түрлері......................................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........................................................26

Файлы: 1 файл

maga_ugolovkaaa.docx

— 90.08 Кб (Скачать файл)

Абен Ерлан мырзаның айтуы бойынша-қазіргі кездегі терроризмнің сепаратистік, діни көзқараста болғанымен, жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін терроризмнің жоғарыда аталған түрлерінен көбіне орын алатындығы.

Қорытындылай келгенде, Абен Ерлан мырзаның пікірінше-жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін құқықтық мемлекеттің саясатын одан әрі жалғастыра беру керек дейді. Сонда ғана терроризмнің пайда болу қаупін жоюға болады және сол кезде барып біз терроризмнің болған салдарымен күресіп жатпаймыз.

Философия ғылымының докторы, профессор, Аль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ политология кафедрасының меңгерушісі Байдильдинов Лаик Амирович мырзының айтуынша-терроризм қоғамдық өмірдегі ең қауіпті элемент болып отыр. Экономиканың дамуы, күнделікті өмірдегі демократияның өркендеуі, адамдардың адамгершілік тұрғыдағы көзқарасының өзгеруі көптеген пайда болған қайшылықтарды келісімді жолмен шешуге мүмкіндік болғанымен, әлі уақытқа дейін терроризм адамдардың күнделікті өмірінен кетпей отыр. Терроризм-кінәсіз жадардың қырылуына әкеліп соғатын өте қауіпті масштабта болып отыр.

     Лаик Амировичтің тұжырымдауынша-терроризмге көбінесе белгілі бір мәселені тыныш, келісімді жолмен шеше алмайтындар барады деп ойлайды. Оларды адамгершілік қасиеттен шыққандар және олардың іс-әрекеттері адамгершілік қағидасынан шығып, жан ақиқатын, яғни адам өмірін аяққа таптау дейді. Бірақ, солай десе де көбіне ондай адамдар белгілі бір мақсатқа жете алмағандықтан көпшіліктің көңілін өзіне аудару үшін жасайтын әрекеттер көрінеді. Бірақ мұндай әрекеттің салдары қарсы акциясының болуымен ұштасып жатады. Әсіресе, қарсы акцияның болуы соңғы кезде өте жиі кездесіп жүр. Америка Құрама Штаттарының Иракқа қарсы әрекеті немесе НАТОның Югославияға қарсы әрекетін еске алсақ жеткілікті. Тарихта болған екі Дүние жүзілік соғыстың өзі де фашизм мемлекетінің мемлекеттік терроризіміне қарсы бағытталған акцияның салдарынан басталғанын естен шығармаған жөн.

     Саяси зерттеу орталығының Қазақстан даму институтының ғылыми қызметкері Карин Ерлан Тынымбайұлының ойы бойынша терроризм қаупі ешқандай мемлекетті айналып өтпейді, ал соның ішінде Қазақстанды да. Егер терроризмді саяси тәртіптің ең соңғы формасы деп тапсақ, онда оның пайда болуы негізінен жабық түрде болып келеді. Бұл дегеніміз байланыс линияларының жоқтығы, яғни құқық қорғау органдарының бұл жөнінде хабарсыз болуында деп түсіндіреді.

      Карин Ерлан мырзаның түсінігі бойынша-Қазақстанда саяси экстремизм мен терроризмнің қаупі негізінен көбірек болып отыр. Өйткені, республикалық саяси құрылымы әлі күнге дейін толығымен жұмыс атқара алмай отыр. Әртүрлі экстремистік топтарға біздің еліміздегі көппартиялықтың жоқтығы, Бұқаралық Ақапарат Құралдары және басқа да каналдардың тәуелсіздігінің жоқтығы жақсы жағдай туғызып отыр деп ойлайды.

      Қазақстан Республикасы ҰҚК институтының әлеуметтік-саяси тәртіптік кафедрасының доценті Байсалбаева Жанна Аубакировнаның тұжырымдауынша-ешқандай мемлекет, тіпті ол ел күшті мемлекет болсын терроризм қаупінен сақтандырылмаған. Бұл қылмыспен тек полицияның қанаушылық, тәртәптік әрекетімен ғана күресуге болмайды, сонымен қатар ескерту, алдын алу жұмыстары және тиісті құқықтық база қажет деп ойлайды.

       Қазақстанда террористік және экстремистік қозғалыстың пайда болуына толық жағдай болып отыр. Олар: әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, идеологоиялық және психологиялық көзқарастар деп ойлайды. Елімізде болған экономикалық кризистің салдарынан адамның күнделікті өмір сүру жайларының күрт түсіп кетуі, жұмыссыздықтың көбеюі, көпшіліктің бір-біріне деген қарым-қатынасының өзгеруі экстремистік қозғалыстың пайда болуына өзінің әсерін тигізіп отыр.

Сонымен қатар Ж.А. Байсалбаева  ханым мұндай тығырықтан шығудың  мынадай жолдарын ұсынып отыр:

  1. Қазақстан Республикасы Президентіне “терроризммен күресу туралы заңның” талқылауын талап етуге. Бұл сұрақнама 1999 жылдың наурыз айында жүргізілгендіктен “терроризммен күресу туралы заң” әлі шықпағаны еді. Бәрімізге белгілі бұл заң 13.03.1999 жылы жарық көрді.
  2. Құқық қорғау органдарында және тиісті ведомстваларда терроризммен күресуді шешу мақсатында Антитеррористік орталық координациясының қызметін құруды;
  3. Террористердің идеясын жарнамалауға Бұқаралық Ақпарат Құралдарында соның ішінде телеканалдарда тыйым салуға; 

               

     “Саясат” журналының жауапты редакторы Қазақстан даму Институты саяси зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сатпаев Досым Асылбековтың айтуынша-ол барлық жоғарыда өз пікірлерін айтып өткен саясаткерлер мен ғалымдарға қосылып терроризмге қарсы ешқандай мемлекетте имунитет жоқ деп бағалайды.

      Оның айтуынша терроризм тек ғана бір мемлекеттің аумағында емес, бірнеше мемлекеттің аумағында болуы мүмкін дейді. Өзі мысал келтіргендей Жапонның “Қызыл Армиясы” немесе жұмыскерлер партиясы үшін ешқандай шекара деген түісінік жоқ дейді. Яғни, олар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің террористік акциясын, мысалы тыныш мемлекеттер Швейцария немесе Финляндия елдерінде тек сен менің жауым сияқтысың деп тисе салуы мүмкін деп ойлайды.

     Ал, Қазақстанға келсе бізде терроризм қаупінің сыртқы және ішкі факторларының арқасында болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Сыртқы факторлар-ол біздің геополитикалық жағдайымыз болып отыр. Ол дегеніміз, мысалы Ресейдегі неофашистік немесе ұлттық топтардың өріс алуы біздің солтүстік облыстарымызғада қарулы топтардың пайда болуымен ұштастырады.

Террористік қауіптің қалыптасуына ықпал ететін ішкі факторлардың негізгілері:

 

  1. Саяси жүйеміздің әлі уақытқа дейінгі толық көлемде қызмет атқармауы;
  2. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың жағдайының төмендеуі;
  3. Идеология кризис, яғни ол дегеніміз халықта әлі бір қалыпты идеология қалыптаспаған. Осы факторге аса көңіл бөлу қажет. Өйткені, осы қарбалас сәтті пайдаланып көптеген ұйымдар өзінің идеологиялық көзқарасын тарату арқылы халықтың сана-сезімін улайды.  Соның салдарынан көптеген сеператистік топтар пайда болуы мүмкін және бұл топтар мемлекетіміздің саяси құрылымына көп кері әсерін тигізуі мүмкін. Біздің мақсатымыз-осылардың алдын алу болып табылады деп Досым мырза өз пікіріне нүкте қойды.

 

      Адамды кепілге алу (234-бап)

     Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.

      Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.

Кепілге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану  арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.

      Кепілдік ретінде ұстау — адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.

Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.

      Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекет жасауға немесе қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.[5 ;251бет]

Әрекетсіздікті істеуді  мәжбүр етулерге: қылмысты icтi тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.

     Қылмыстың субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген: а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);

б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын  қараңыз);

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің денсаулығына қасакана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық немесе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;

г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;

д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;

е) айыптыға жүктілік жағдайы  көрінеу мәлім әйелге қатысты;

ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі  адамға (өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;.

з) екі немесе одан да көп адамға қатысты. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;

и) пайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда "табудың немесе жалданудың түсінігі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында берілген.

     Қылмыстық кодекстің 234-бабынын 3-тармағында адамды кепілге алуды ұйымдасқан топ (қараңыз: ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

     Қылмыстық кодекстің 234-бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босатуда осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан босату өз еркімен босатуға жатпайды.

    Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

      Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)

     Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтірумен бірге, олардың дұрыс қызметіне санқилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.

     Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:

а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару (235-баптың 1-тармағы);

б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;

в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару;

г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру (235-баптың 2-тармағы);

д) қылмыстық қоғамдастық не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің басшысы болу;

е) жоғарыда көрсетілген  әрекеттерді адамның өз қызмет бабын  пайдалана отырып жасауы (235-баптың 4-тармағы).

      Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқаруға — бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

     Қылмыстық  қоғамдастықты (ұйымды) құруға осы қоғамдастыққа қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымдық бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін немесе осындай қылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында құрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру — қылмыстық қоғамдастықты немесе оған кіретін бөлімшелерді басқарушыға да тән болып табылады. Осыған орай онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыстарды істеу үшін қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құру және оның немесе оған кіретін бөлімшелерді басқару көрсетілген қылмыс құрамына (235-баптың 2-тармағы) жатпайды, мұндай әрекеттер ҚК-тің 235-бабының 1-тармақшасымен қамтылады.

Информация о работе Терроризмның жалпылама түсінігі