Терроризмның жалпылама түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:06, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.............................................4
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері.................4 1.2 Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар.........................................7
2. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.......................................19
2.1 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар түрлері......................................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........................................................26

Файлы: 1 файл

maga_ugolovkaaa.docx

— 90.08 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық қоғамдастық банда құрамына ұқсас, бірақ одан оқшау, өзіндік өзгешеліктері де бар.

     Қылмыстық  қоғамдастық көп жағдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалық нәрселерді өндіру, тасымалдау, тарату, жалған ақша жасау, жасырын түрде алкоголь ішімдіктерін, дәрі-дәрмек, улар, қару-жарақтар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық сияқты іс-әрекетгерді істеумен байланысты болады. Ал банда болса азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылады. Қылмыстық қоғамдастықтың міндеті әруақытта шабуыл жасаумен байланысты емес. Банда мүшелері сияқты қылмыстық қоғамдастыққа кіретіндер де қаруланған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық қауымдастықтағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардың өзін, оған кіретін бөлімшелерді басқа қылмыстық топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қорғау үшін ғана қажет болады. Егер қылмыстық қауымдастық бандитизм құрамындағы қылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (235, 237-баптар) көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бар.[6;90бет]

      Қылмыстық  қоғамдастықты басқаруға оны  немесе оған кіретін бөлімшелерді  тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру,  олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.

Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуға, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.

  

Субъективтік жағынан  қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі ұйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (ұйымды) құрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.

      Қылмыстық  кодекстің 235-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген қылмыстың субъктісі болып — арнаулы субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.

    Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)

    Қылмыстық кодекстің 236-бабында: "Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны" үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан  мынадай белгілермен сипатталады: а) әскерилендірілген құрама кұру және басқару; б) құраманың қарулануы; в) мұндай құраманы құрудың заңға негізделмеуі.

Әскерилендірілген құрама деп  атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.

      Құраманы кұру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды қолдануға үйрету, қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құрамға - оның Қазақстан Республикасынын, заңына қайшы, оған негізделмей кұрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған катысушылардың қызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.

Қылмыс құрамы жағынан  формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген  құраманы — бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

      Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында заңсыз әскерилендірілген  құрамаға — бірлестікке, отрядка, жасаққа  немесе өзге де топка қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген. Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы құрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.

Осы баптың ескертуіне сәйкес: заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер онын іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

      Бандитизм (237-бап)

     Бандитизм аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстың тікелей объектісі  — қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша  тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.

      Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.

Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.

      Банданы құру деп бандыны жарактау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.

Банданың тұрактылығы  қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі  келісімінің нәтижесі арқылы анықталады.

      Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.

Бандаға кіретін топ мүшелерінің ен болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.

      Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) - құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топка кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда кұрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.

        Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-өрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау деп қылмыстық  нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз.

         Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немеее адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

       Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабында көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет—әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі — пайдакүнемдік ниет.

       Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі — арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дүрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысканы үшін жауаптылық көрсетілген.

      Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Шабуылға қатысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.

     Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгілеген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны, пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкің. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (ҚК-тің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тің 228-бабының ескертуі) болады.

    Үйлерді,  құрылыстарды, қатынас және байланыс  құралдарын басып алу (238-бап)

    Қылмыстық кодекстің 238-бабында бұрынғы Қылмыстық кодексте жоқ жаңа норма түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады (ҚК-тің 238-бабының 1-тармағы).

        Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмыс: а) үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру; б) оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту арқылы сипатталады.

Кінәлі адам көрсетілген  объектілерді заңсыз басып алады  немесе заңсыз басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады.

      Кінәлі адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға — басып алынған немесе ұстап тұрған объектілерді шын мәнінде жоюды немесе бүлдіруді нақты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады.

       Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе ұстап тұруды, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытудың қоғамға қауіпті екенін сезеді және соның болуын тікелей тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — мақсаты заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету деп көрсетілген. Яғни көрсетілген объектілерді басып алудың, ұстап тұрудың, оларды жоямын немесе құртамын деп қорқытудың негізі — белгілі бір шарт қою. Ол шарт мемлекетке, ұйымға, жеке адамға қойылады. Шарттың мәні әртүрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немесе адамдар тобын босату, жұмысқа қайта қабылдауды талап ету, жеке адамның белгілі бір іс-әрекетті істеуін (қарызды кешіру, алған затын қайтарып беру, қаражат беру тілегін қанағаттандыру т.б.) талап етулері болуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колдана отырып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;

д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалған, ал осы баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген осы белгілердің анықтамасы ҚК-тің 234-бабының 2, 3-тармақтарындағы қылмыстардың аныктамасымен ұқсас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

 

 

 

        2.1 ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ТҮРЛЕРІ

        Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)

     Қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыстардын бірі жаппай тәртіпсіздіктер болып табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың, от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінін, бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің Қылмыстық кодексін бұл тұрғыдағы қылмыс үшін қатаң жаза белгіленген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жаппай тәртіпсіздіктің тікелей объектісі қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болады. Объективтік жағынан бұл қылмыс жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру арқылы сипатталады. Жаппай тәртіпсіздік деп қогамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазым адамдарына, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдірулері жатады:

Қирату деп — мүлікті, объектілерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз.[8;56бет]

     Өртеуге мүліктерді, құрылыстарды, автокөліктерді, өсімдіктерді, қондырғыларды, басқа да заттарды отқа жандырып, құрту әрекеттері жатады.

Информация о работе Терроризмның жалпылама түсінігі