Топографиялық карталардың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 20:42, реферат

Описание работы

Топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады.Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс)— меридиандар болып табылады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 100.00 Кб (Скачать файл)

      Топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады.Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс)— меридиандар болып табылады. Осы меридиандар мен параллельдердің градус есебімен алынған географиялық координаталары картаның бұрыштарында көрсетілген. Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутқа (1′) тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10″) тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бұрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызықтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялық тор мен тік бұрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).

Топографиялық карталардың мазмұны және шартты белгілері. Атласта немесе оқулыққа берілген қосымшада келтірілген  топографиялық картаны қарап шығып, онда не бейнеленгенің яғни оның мазмұнын анықтайың. Бұл тапсырманы орындау үшін атласта (немесе қосымшада) көрсетілген топографиялық карталардың шартты белгілерін оқып үйрену керек. Бірақ ең алдымен белгілердің негізгі топтарын бөлейік.[2]

Мемлекеттік геодезиялық тор пункттері.Олардың шартты белгісі — кішкене тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың ортасында геодезиялық пункттің картадағы орнын көрсететін нүкте бейнеленген: оның картадан алынған координаталары нүктенің жер бетіндегі орнына сәйкес келеді. Белгінің жанына қойылған цифрлар геодезиялық тор пунктінің абсолют биіктігін (биіктік белгісін) көрсетеді. Елді мекендер құрылыс салынған бөлігінің пішінін көрсе-тетін кескіндермен бейнеленеді. Түрлі түспен отқа төзімді және отқа төзімсіз құрылыстардың кварталдары, сонымен бірге жеке құрылыстар бейнеленеді. Атаулардың жазулары әр түрлі шрифтімен беріледі. Олар елді мекендердің түрлерін — қалаларды, қала және село үлгісіндегі поселкелерді бейнелейді. Село үлгісіндегі елді мекен атының жанындағы цифрлар селодағы үйлердің санын көрсетеді.

Жекелеген жергілікті заттар (өнеркәсіп және әлеуметтік-мәдени объектілер) масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Олар — заводтың, су диірмен мен  ағаш тілетін заводтың, электр станцияның, пайдалы қазбалар өндірілетін орынның т. с. с. белгілері.

Гидрография.Өзендер  мен жылғалар картада көк түсті  сызықты белгілермен бейнеленеді, көлдер, бөгендер, тоғандар пішіні көгілдір түспен көрсетіледі. Көк түсті цифрлармен өзендердегі, көлдердегі су кемері, яғни су деңгейінің абсолют биіктігі, көрсеткіш белгілермен және жазулармен өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы, оның ені мен тереңдігі, өткелдің сипаты белгіленеді. Арнаулы шартты белгілермен өзендердегі паромдар мен көпірлер, кемежайлар көрсетіледі. Гидрография элементтеріне топографиялық карталарда көрсетілетін құдықтар мен бұлақтар да жатады.

Жол торабықалыңдығы және бояуы әр түрлі  сызықтың белгілермен бейнеленеді (темір жолдар, тас жолдар, жол  өтпелері). Белгінің пішіні, оның түсі жолдың түрін, тарту күшінің түрін  көрсетеді. Сонымен қатар арнаулы белгілермен тас жолдың ені мен жабындысы немесе темір жол табанының саны сияқты жол сипаттамалары көрсетіледі.

Өсімдік жамылғысы карталарды жасыл түстің әр түрлі реңімен беріледі. Ормандарда белгілермен қылқан жапырақты немесе жапырақты ағаш тұқымдарының басым түрлері көрсетіледі,  цифрлармен  және  жазулармен  ағаштардың  орташа биіктігі, жуандығы, орманның қалыңдығы, тұқымдық құрамы белгіленеді. Шалғындарды, бауларды, батпақтарды, сондай-ақ орманның шабылған, дауыл құлатқан, өртенген, жас ағаш көшеттерін т. б. көрсету үшін арнаулы белгілер қолданылады. Жер бедері, яғни жер бетінің ой-қыры — едәуір дәрежеде бүкіл  ландшафтының сипатын  анықтайтын  аса  маңызды табиғат элементтерінің бірі. Жер бедері ерекшеліктерін толық зерттеп, есепке алмайынша, территорияны игеру, оны шаруашылық мақсатына дұрыс пайдалану қиын.

Топографиялық карталарда жер бедері горизонталь  сызықтармен бейнеленеді.Горизонталь  сызықтарды жер бедерін биіктігі бойынша өзара тең аралықтар  арқылы жүргізілген горизонталь  жазықтықтармен қиған із ретінде қарауға болады. Көршілес горизонтальдардың биіктіктерінің айырмасын көрсететін көршілес қима жазықтықтардың арасындағы қашықтықты қима биіктігі деп атайды. Беткейді неғұрлым көбірек горизонтальдар бейнелесе, оның соғұрлым биік болғаны. Горизонтальдар    бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, беткей соғұрлым тік келеді және керісінше, горизонтальдар бір-бірінен  алыс  болса, олар соғұрлым жатық беткейді бейнелейді. Демек, горизонтальдарға қарап, беткейлердің пішіні мен тіктігін, кез келген нүктенің абсолют биіктігін және жер бетіндегі нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтауға болады. Жер бедері қимасының биіктігі және еңістер шкаласы картада оның оңтүстік рамкасының астында көрсетіледі.

Геодезилық  жұмысты орындаған кезде құрылыстың техникалық қауіпсіздік ережелері қадағалануы тиіс. Өндірістік жарақаттану қауіптілігі жұмысшылық жұмыс істейтін орнына байланысты анықталады. 
 
Жер жұмыстары кезінде тік жардың құламаларын және қабырғалардың дұрыс бекітулерін қадағалайды. Терең катловандарда құламалы, бекітілмеген тік жарлардың шетінде геодезиялық жұмыс жүргізуге болмайды. Жер белгілерін қондыру жұмысы кезінде әсер ететін кабель жанында сақ болу керек. Барлық құрылыс алаңында қаралады адам және көлік жүретін жолдардың канавалардың көпірімен өткелдері, әр жолдар уақытша су құбырлары, қыс уақытында жұмыскерлердің жылынатын жерлері, жұмыс орындары және тағы басқа қауіпсіз болу керек. 
 
Атылыс жұмыстары аймағында жүргізілетін геодезиялық өлшеулердің маманы арнайы инструктаж өтуі қажет, әсіресе қатал қауіпсіз ережелері кессон камераларында геодезиялық жұмыстар негізінде ескерілуі тиіс. 
 
Геодезиялық жұмыстарды жер байлықтарында, егер де жер жұмыстары оданда жоғарғы белгіде жүргізілсе, жүргізбеу керек.

Ұсақ  масштабты географиялық карталарда горизонталъдарды жинақтап сызады; қима биіктігін үлкейтеді және горизонтальдардың суретін онайлатады Олар жер бедерінің пішіні мен түрлері, абсолют биіктіктері мен еңістері туралы тек жалпы түсінік береді.   Ұсақ масштабты карталарда жер бедері әдетте қат-қабат бояумен қоса горизонтальдармен (изогипстермен) бейнеленеді,Горизонтальдар биіктік сатыларды шектейді, ал жақсы кернекілік үшін горизонталъдардың аралықтары (сатылар) қабыл-данған шкалаға сәйкес бояулармен боялады. Ұсақ масштабты карталарда қолданылатын шкалалар гипсометриялық ш к а л а деп аталады. Шкаладағы түстің өңі мен рені биіктік-тердің бір қалыпты, бірте-бірте өзгерісін көрсететіндей, жер бедерінің көрнекі, пластикалық бейнесін беретіндей етіп таңдап алынады.

Бір горизонтальдық бойында жататын  барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады. 
2. Қарталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан шұнқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазаң шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады. 
3. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлык горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс. 
4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды. 
5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты кұлама тіктігін білдіреді. 
6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады. 
7. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбұрыш арқылы қиылысады. 
Тапографиялық түсіру нәтижесінде планшетте жер бедерінің өзіне тән нүктелерінің пландағы орны биіктіктерімен қоса алынады. Осы нүктелердің биіктігінің негізінде жергілікті жердің жер бедері горизонтальдармен кескінделеді.Ол үшін алдымен жер бедері кимасының биіктігі таңдап алынады. Содан соң интерполяциялау арқылы жеке пункттердің арасындағы нүктелерді табады, олардың биіктігі жер бедері қимасының биіктігіне еселі болады. Мысалы, 1—2 сызығында 50, 51, 52, 53, 54 биіктіктегі горизонтальдардың жер бедері қимасының биіктігі һ = 1 м-ге тең болған кездегі орындарын табу керек болсын. Ол үшін миллиметрлік қағаз бетіне ара қашықтығы бірдей параллель бірнеше сызықтар жүгізіледі (мысалы, 0,5 немесе 1,0 см), олар қабылданған жер бедерінің қимасына және нүктелердің биіктігіне сәйкес цифрланады, 
1—2 сызығына миллиметрлік қағазды параллель тақап ұстап, 1 және 2 нүктелерін олардың биіктігіне сәйкес миллиметрлік қағазға түсіреді.

Мектептің оқу карталарында әдетте ойпаттар мен  ойыстар жасыл түстің әр түрлі  реңімен, қыратты және таулы учаскелер  сары, қызғылт сары және қоңыр түсті өңге боялады. Теңіздер мен мұхиттардың түбінің жер бедерін аралықтары көгілдір түстен көк түске дейінгі қат-қабат бояумен қоса изобаталармең (бірдей тереңдіктердің сызықтары) бейнелейді. Биіктік пен тереңдік шкалалары картаның түсініктемесінде орналастырылады. Жер бедерінің шартты белгілеріне сонымен бірге жыраны, жарды, қорғанды, тастарды бейнелейтін арнаулы белгілер, сондай-ақ абсолют және салыстырмалы биіктік белгілерін көрсететін цифрлар да жатады.Картадан жер бедерін ажыратып оқу беткейдің бағыты мен тіктігін ажырата білуден, горизонталь сызықтар бойынша жердің ой-қырының түрін (пішінін), теңіз деңгейінен биіктікті және нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтаудан құралады. Жер бе-дерінің әр түрлі пішіні горизонталь сызықтармен бейнеленген суретті алып қарайық. Горизонтальдардың суреті бойынша тауды қазаншұңқырдан айыру үшін картада беткейдің бағыты арнайы көрсетіледі. Ол үшін бергштрихтер — горизонтальдарға перпендикуляр қысқа сызықтар қолданылады. Бергштрихтер беткейдің қай бағытқа қарай аласара беретінің   көрсеткіш    белгілер сияқты көрсетеді. Горизонтальдардағы сандық белгілер және биіктік белгілері олардың теңіз деңгейінен биіктігін көрсетеді. Горизонтальдардың бойына жазылған цифрлардың жоғарғы жағы әр уақытта беткейдің биіктейтін жағына қарайды. Жер беті әдетте су қоймаларына — өзен, көл, жылғаларға қарай аласарады. Сондықтан карта бойынша жер бедерін оқып үйренуді су объектілерін оқып үйренумен ұштастыру тиімді болады.  Топографиялық карталардың шартты белгілерін талдау олардың мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталар екендігін көрсетеді. Өйткені оларда жер бетінің негізгі табиғи сипаттамалары және әлеуметтік-экономикалық объектілер бейнеленген.

Жер  бедерді бейнелеудің негізгі  әдістері: горизонтальдар, бояулар. Осы  әдістердің ішінде жоғарыда қойылған мақсаттарға сай келетіні горизонтальдар әдісі. Картада горизонтальдарға қоса жер бедерінің айрықша нүктелерінде биікгік белгілері жазыльш көрсетіледі.

Горизонталь дегеніміз теңіз деңгейінен біркелкі биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын қисық сызық.

    Горизонтальды түсіну  үшін мынандай мысал келтірейік: деңгей беті 850 м биіктікте орналасқан  көлдің ортасында тау бар дейік.  Мұнда жағалық сызықтың бойында  жаткан жер нүктелерінің биіктіктері  біркелкі белгіге тең. Ендігі  жерде көлдегі судың деңгейі 5 метр көтерілді десек онда жағалық сызық 855 метрлік белгіге көтерілген. Сол сияқты судың деңгейі тағы да 5 метр көтерілсе, онда су деңгейі 860 м. биіктік белгіге жеткені.

Қорыта келгенде осылай бір қалыпты  заңдылық түрінде орналасқан   жағалық    сызықтардың    топографиялық    карталарда масштабқа сай кішірейтілген тұйық сызықтары горизонтальдар болып саыалады. Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдардың мынандай қасиеттері бар:

1.  Бір горизонтальдың бойында  жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікті көрсетеді.

2.  Карталар мен пландарда  тұйықталған горизонтальдар не  төбені не қазан  шұңқырды  білдіреді,   олар  берхштрихтар  немесе  жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне тоған   немесе көл болады.

3.  Планның немесе картаның  ішіндегі, соңдай-ақ оның сыртындағы  барлық горизонтальдар үздіксіз  болуы тиіс.

4.  Жер     бедерін     кескіндегенде     горизонтальдар     еш     уақытта қиылыспайды.

5.  Горизонтальдардың өзара қашықтығы  еңістің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді.

6.  Горизонтальдар   арасындағы   ең   қысқа      ара   қашықтық,   яғни горизонтальға  перпендикуляр сызық неғұрлым    тік құламаның биіктігіне сәйкес  келеді.

7.  Су айрық сызықтары және  өзектердің осі горизонтальдар  мен тік бұрыш арқылы қиылысады.

 

Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың  фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялык негізгі тірек  жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді  шешеді. Жоғарғы геодезия мәселелерін  шешу үшін жүргізілген егжей- тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия, геодезиялык гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп шықты.

Геодезиялык, астрономия - геодезиялык тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шүғылданады.

Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады.

Ғарыштың геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық аракатынастарын зерттейді.

Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің  шағын аймактарын жазықтык ретінде  қарап, оны өлшеу мен қағаз  бетіне кескіндеу тиген.

Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту технологиясы зерттеледі.

Аэрофототопография - аэросуреттер бойынша топографнялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады.

Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу жэне пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.

Геодезия  пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады: - жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде аныктау; - тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - республикамыздың корғаныс мұктаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өндеуде осы күнгі ғылыми математикалық өндеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әр түрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады.

Физика  геодезияны электроникамен және электротехникамен  қатар оптикалық, оптикалык-механикалық және электронды- оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар қүрастырылады. Географияны білу жер бедерін қүрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын жэне адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру зандылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның зандары мен аспаптарын пайдаланбай, мүндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалык сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді. Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялык өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты күрылыстары (метро, кабельдер, қүбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта эскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.

Информация о работе Топографиялық карталардың