Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 20:42, реферат
Топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады.Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс)— меридиандар болып табылады.
Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық. Меридианның бірі шартты түрде бастапқы (бірінші, нәлдік) болып алынады да, одан бойлықтың шығысқа (шығыс бойлығы) және батысқа (батыс бойлығы) қарай есебі жүргізіледі. Халықаралық келісім-шарт бәйынша бастапқы меридиан Гринвичтегі (Ұлыбритания) обсерватория арқылы өтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан көлденең сызықтармен бірге градустық торды құрайды. Ол жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет.
Жердің магниттік меридианы; жердің магниттік өрісінің күш сызығының жер бетіндегі проекциясы болып табылатын және берілген нүктеден өтетін сызық. Магниттік меридиан арқылы өтетін тік жазықтык магниттік меридианның жазықтығы деп аталады. Жер бетінің кез келген нүктесіндегі магниттік жазықтық пен географиялық меридиан жазықтығы арасындағы бүрыш магнитті бүрылу деп аталады.
Геомагниттік меридиан; жер бетін жазықтықпен кесу сызығы. Жер бетінің кез келген нүктесі және оңтүстік және солтүстік геомагниттік полюстерді қосып түрған түзу сызық арқылы өтетін сызық.
Аспан меридианы; аспан сферасының зенит пен оңтүстік және солтүстік полюстер арқылы өтетін, үлкен шеңбері.
Бағдарлау - сызықтың бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0"-тан 360°-қа дейін өлшенеді. Шын азимут — бақылау нүктесі астрономиялық меридианының жазықтығы мен осы нүктеде осы бағыт арқылы өтетін вертикаль жазықтық түзетін екі қырлы бұрыш. Магниттік азимут — сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (машит нүсқарының солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді. Дирекциондық бұрыш — осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен берілген нүкте бағытына дейін есептелетін горизонталь бұрыш.
Горизонталь
жазықтықта бағыт теодолит арқылы беріледі.
Ол үшін жүргізілетін қазба осінің дирекциондық
бұрышы белгілі болды. Қажет және де жақын
жерде жер асты маркшейдерлік тірек торларының
немесе түсіру торының пунктері орналасу
тиісті. Ширектен артқа бағыт беру үшін
теодолитті 3,5 пунктіге нүктеге орнатып
35 – 36 бағыт бойынша ℓ ара-қашықтығы өлшеніп
А нүктесі бекітіледі. Кейін теодолитті
А нүктесіне орнатып, А-35 бағытынан ρ бұрышы
арқылы В-ға бағыт беріледі. Β бұрышы мына
формула арқылы анықталады:
β=α АВ - α А – 35
β бұрышы арқылы берілегн бағыт маркшейдерлік
арқылы 5 – 6 метрлік жерге бекітіліп, оған
тіктеуіш ілінеді. Одан кейін бұрышы толық
есеп алу үшін әдісімен өлшеніп, формуласымен
бұрышпен салыстырылады. Егер өлшенген
бұрыш есептелегн бұрышқа тең болса, онда
В нүктесінен А нүктесіне қарай 10 – 1,5
м жерге тағы да нүктелер бекітіліп, оған
тіктеуіштер ілінеді. Берілегн бағыт көрініп
тұру үшін жарық сәуле шығарып тұратын
тікеуіштер қолданылады. Өндіріс орындарында
кейінгі кезде түзу лазер ЛУН-7 бағыт көрсеткіш
қолданылып жүр. Жіпке ілініп қойған тіктеуіштердің
кен жерден алыстығы 40 м, жарық тіктеуіштер
– 30 м, лазерлі бағыт көрсеткіш 300 м-ден
аспауы керек.
Егер горизонталь сызығы бөліктерінің
нүктелерінде көлбеу бұрыштарының
орнына бұрыштардың мәндері жазылған
болса, онда құлама тіктігін және келбеулігін
планнан анықтау үшін циркульмен ара өлшеп,
оны төсеу графигіне тақал ұстап шкаланың
табанынан градус санын сыртында көрсетілген
табан графиктері
жер бедері қимасының және берілген картаның
немесе планнын, жердің профилін
жасау.
Тура және кері геодезиялық есептер.