Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 14:18, курсовая работа
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие.
КІРІСПЕ
Біздің елімізде
шығармашылық жұмыстармен айналысуға
толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша «заң кері күшіне ие бола алмайды» деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары
Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұл әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны шығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.
Автордың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған.
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.
Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].
Авторлық құқық туралы заңнама.
Ғылыми және көркем
туындылар аясындағы қарым –қатынастар
жиынтығы авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын
әртүрлі нормативтік
Авторлық құқықтың нормалары республикалық маңызы бар әртүрлі заңды және нормативті актілерде көрініс табады. Азаматтық заңнаманың негізі барлық республикаларда біркелкі шешімді талап ететін сұрақтар бойынша қағидалық ережелерді бекітеді. «Авторлық құқық» негіздері бөлімі авторлық құқықтың объектілері ретінде туындылардың қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем шығармашылығы субъектілерінің құқықтарын, ғылыми және көркем шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын, авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік авторлық құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен анықталған. Авторлық істер бойынша дауларды шешу кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО Жоғарғы Сот Пленумының «Авторлық құқық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану» басшылық етуші қаулысы қолданылады.
Бұрынғы КСРО-ң басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы да авторлық құқықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.
Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде шешілген.
Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.
Конвенцияға қатысушы
мемлекеттің аумағында туындылары алғаш рет жарық көрген,
Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың және хабар таратушы ұйымдарының мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.
Авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. «Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды».
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар
Авторлық құқық объектілері
- туындылардың топтамасы. Қазақстан Республикасының
ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы объектілердің мәні және олардың интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды.
Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін және олардың жазылу тілін, операциялық жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.
Яғни, Қазақстан Республикасының
1.Авторлық құқық шығармашылық
қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер
2. Авторлық құқық халыққа
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, опти-калық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
3. Осы баптың
1-тармағында аталған