Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 14:18, курсовая работа
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие.
3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз
авторлық құқықтарды басқару туралы
4) автордың немесе өзге де құқық
иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы
Сабақтас құқықтарды қорғауды сот жүзеге асырады.
Сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
6) Қазақстан Республикасының
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Iс қаралғанға дейiн судья
Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен курстық жұмысымның тақырыбын зерттей келе, келесідей қорытындыға келдім: авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қорғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені емес, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды.
Көптеген мәселелер заңнаманы қолдануға байланысты туындайды, оған енжар және қарама-қайшылыққа толы сот тәжірибесі дәлел бола алады. Туындайтын даулардың тез, объективті, әділ және заңды сот шешіміне қол жеткізу, судьяларды және заң қызметтерін мамандандыру арқылы қол жеткізуге болар еді. Сондай-ақ құқық иеленуші тұлғалардың соттарда өздерінің құқықтарын қорғауға кеткен уақытқа өтемақы алу, олардың өкілдерінің еңбекақысын төлеу мәселелерін шешу қажет. Мұндай көзқарас авторлық құқықтарды жай ғана ресми жариялау емес, оларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз етудің нәтижелі жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзудың ең көп таралған түрлері болып, құқық иеленуші тұлғалармен шарттық қатынастарды рәсімдеусіз тиісті объектілерді пайдалану, туындыны қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсетпеу табылады. Ең алдымен сөз аудио- және видео өнімдерінің айналымы, компьютерлік бағдарламалар мен басылымды өнімдердің айналымы аясында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Заңнама авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдаланудан қорғаудың нәтижелі механизмдерін айтарлықтай жеткілікті түрде қамтиды, алайда олар тәжірибеде әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның себептері тек экономикалық факторларда ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық факторларда да жасырынып жатыр. Қарастырылып отырған салада бұзылған құқықтарды қорғау механизмі нәтижесіз болып келеді.
Техниканың дамуымен, авторлық ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігімен, авторлық және сабақтас құқықтардың саласында болатын бұзушылықтардың санының өсуімен және мұндай бұзушылықтарға қоғамның қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты мәселелер, мемлекет ішіндегі және халықаралық заңнаманың қарқынды дамуы, қоғамдық игілікке айналған туындыларды қолдану мәселелері, амалсыз мемлекеттің авторлық құқықты қолдану аясындағы ролін нығайтуға әкеп соқтырады. Ол енді авторлық және сабақтас құқықтарды тек қана қорғаумен, сақтаумен және реттеумен шектелмеуі тиіс. Ішкі заңнаманың нормаларын өндеу мен халықаралық шарт арқылы интеллектуалдық меншікті қорғау атты екі әдеттегі функцияларға тағы бірнеше жаңа функциялар қосылады.
Олардың біреуі болып - авторлық және сабақтас құқықтарының иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдарға қатысты үйлестіруші функция табылады. ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44-бабы бойынша, құқық иеленушілердің өздері мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың шектеусіз санын құра алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ