Азаматтық құқықтағы мерзімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:58, контрольная работа

Описание работы

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6-шы тарауы Мерзімдерді есептеу деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ.

Файлы: 1 файл

Димаш.docx

— 37.37 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6-шы тарауы Мерзімдерді есептеу деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында өтетіні хақ. Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас. Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз. Ендеше осы категорияның азаматтық құқық айналымындағы сан алуан түрлерін саралап, оларға азда болса тоқтап біршама мағлұмат беруге барынша тырыстым.

 

 

1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері

Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.

Әдебиетте мерзімді оқиға  деп аталатын, яғни адамдардың еркінен  тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.

«Мерзім» ұғымының екі  мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы бағалайды.

Мерзімдер азаматтық айналымды  реттейді, шарттардың орындалуына ықпал  етеді.

Мерзімнің түрлері. Азаматтық  құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17, 28, 178 баптар):

-заңды;

-келісімдік; 

-соттық.  

Заңды мерзімдер заңды  және басқа да нормативті актілерде  тіркеледі. Мұрагерлікті қабылдау үшін немесе одан бас тарту үшін заңмен 6 айлық мерзім беріледі. Келісімдік мерзімдер дегеніміз екі жақтың тарапынан олардың келісімімен бекітілген мерзімдер. Соттық мерзімдер дегеніміз сотпен бекітілген мерзімдер. Сот азаматтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығаруды жариялау үшін мерзім тағайындауға құқылы (АК 143 бабы).

Құқықтық салдары бойынша  мерзімдер былайша бөлінеді: 

-құқық тудырушы; 

- құқық өзгертуші;

- құқық тоқтатушы.

Құқық тудырушы мерзімнің  мысалы ретінде меншік иесі құқығының  пайда болу кезеңін анықтайтын заттарды беру кезеңін алуға болады.

Құқық өзгертуші мерзімнің  өтуі немесе келуі азаматтық құқық  пен міндеттеменің өзгерісіне әкеледі. 

Затты беру кезеңінің кешіктірілуі мынаған әкеліп соғады: заттың кездейсоқ  жоғалу тәуекелі мерзімнің кешіктірілуіне әкелген тұлғада жатады. Құқық  тоқтатушы мерзімдер құқық пен  міндеттеменің тоқтатылуына әкеліп соғады. Мысалы, егер мұра берушінің  кредиторлары өздерінің наразылықтарын мұрагерлік ашылған сәттен бастап 6 ай ішінде бермесе, бұл наразылықтар қабылданбайды. 

Бұлардан басқа да мынадай  мерзімдер бар: императивтік және диспозитивтік, абсолюттік анықталған, қатыстық анықталған және анықталмаған, жалпы және арнайы. 

Императивтік мерзімдер  дегеніміз екі жақтың келісімімен  ғана өзгертуге келмейтін мерзім. Оған жататындар – талап арызының мерзімі (ҚР АК 177 бабы), сатып алу  мерзімінің ескіруі (ҚР АК 240 бабы). 

Диспозитивтік мерзімдер  дегеніміз заңмен қарастырылған  болса да, өзгертуге мүмкін болатын  мерзім. Қарыз алушы адамға несие  берушімен талап етілген күннен бастап 7-ші күні талап етілген кеезңмен анықталған міндеттемелерді орындау  тапсырылады (ҚР АК 277 бабы), бірақ өзінің келісімімен тараптар бірден орындалуын жүзеге асыруға немесе неғұрлым ұзақ жеңілдік мерзімін беруді қарастыруға  құқылы. 

Абсолюттік анықталған мерзімдер  нақты дәл кезеңді қарастырады, онымен заңды салдарлар байланыстырылады. Мысалы, күнтізбелік күнмен немесе нақты бір уақыт кезеңімен  белгіленген мерзімдер. 

Қатыстық анықталған мерзімдердің нақтылығы, дәлдігі азырақ болады, бірақ  олар да нақты бір уақыт кезеңімен  байланысты болады (мұндай мерзімге жататындар – жеткізілім кезеңі, т.б.).

Анықталмаған мерзімдер  заңмен немесе келісіммен қандай да бір  мезгілдік бағдар қарастырылмаған  жағдайда болады. Мысалы, мүлік уақытша  ақысыз қолдануға немесе жалға осы  пайдаланудың нақты мерзімін көрсетпей  берілуі мүмкін. 

Жалпы мерзімдер – бұл  жалпы маңызы бар мерзімдер, олар азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне таратылады. Мысал – сенімхаттың  қызмет етуінің шектеулі мерзімі 3 жыл (ҚР АК 168 бабы). 

Арнайы мерзімдер жалпыға  ортақ ережеден бөлек ретінде  бекітіледі және заңда тура нұсқаулық  болған кезде ғана әрекет етеді. 
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды  жүзеге асыру мерзімі;

2) субьективті құқықты  жүзеге асыру мерзімі;

3) үзіп тастау мерзімі;

4) кепілдік мерзімдер;

5) кінәрат қоятын мерзімдер;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

7) азаматтық құқықтарды  қорғайтын мерзімдер.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті  тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.

Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы, иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады (АК-тің 240-бабы).

Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым құқығынан айырылады.

Кепілдік мерзім дегеніміз  — сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап, ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады, Кепілдік мерзімі мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен белгіленеді.

Наразылық мерзiмi – мiндеттi тұлғаға құқықты болған субъекттiң  наразылық білдіруін көрсету  үшiн берілетін мерзiм. Осы ереже  заң шығарушымен соттық iстердiң  санын қысқарту және iс жүргiзу шығындарын кiшiрейту және қалпына келтiру және азаматтық құқығын қалпына келтіруді  жылдамдату үшiн жасалған. Заң құқық  бұзушыны жазбаша түрде наразылықтың қарастырылуының нәтижесі туралы арыз берушіге хабар беруге міндеттейді. 

Кінәрат мерзімі субьективті  құқығын бұзған тұлға үшін заңмен белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады. Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа жауап беру мерзімін де көрсетеді.

Міндеттемелерді орындау  мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне орай міндетті саналады.

Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері — Азаматтық кодекстің 7-тарауында қаралған талап қою  мерзімі болып табылады.

2.Мерзімді есептеу тәртібі.

Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген  тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы). Азаматтық  кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік  күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б.).

Баптың толық мәтіні төмендегідей:

«172-бап. Мерзімді белгілеу

1. Заңдармен, мәмілемен  белгіленген не сот тағайындайтын  мерзім күнтізбелік күнмен немесе  сөзсіз болуға тиісті оқиға  көрсетіліп белгіленеді. 

2.  Мерзім жылдармен,  айлармен, апталармен, күндермен немесе  сағаттармен есептелетін уақыт  кезеңі ретінде де белгіленуі  мүмкін». 

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міңдеттемені орындау мерзімі аяқталғанға  дейінгі уақыттың кез келген сәтінде  орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер  мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас  тартуға шешім алуға құқылы.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап  етеді, мәселен, бұған азаматтың  қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күннен бастап мұрагерлердің  құқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе одан бас  тарту құқығына ие және т.б.

Күнтізбелік күнмен көрсетілген  мерзімді қолдану соншалықты қиындық  туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт  мерзімнің басталғанын білдіреді. Дей тұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген  оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің  өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.

Мерзімді дұрыс есептеу  үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу  мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған  айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.

Азаматтық кодекстің 174-бабында  уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің  аяқталуы былайша тұжырымдалған:

1) жылдармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы жылының  тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге  айлармен есептелетін мерзімнің  ережелері қолданылады;

2) жыл тоқсандарымен есептелетін  мерзімге айлармен есептелетін  мерзімнің ережелері қолданынады.  Бұл орайда бір тоқсан үш  айға тең деп есептеледі, ал  тоқсандарды есептеу жыл басынан  бастап жүргізіледі;

3) айлармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы айының  тиісті күнінде бітеді.

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге  тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

4) апталармен есептелетін  мерзім — мерзімнің соңғы аптасының  тиісті күнінде бітеді.

Кейде айдың аяқталуы әртүрлі  келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.

Егер мерзімнің соңғы  күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс  күні мерзімнің аяқталған күні болып  саналады.

Мерзімнің бітуімен белгілі  бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді. Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру, мұрагердің мұраға ие болуы). Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.

Мерзімнің соңғы күніндегі  сағат жиырма төртке дейінгі поштаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-бабы).

3. Мерзімі өткен істерді қорғау

Талап мерзiмi ретінде мойындалатын уақыт аралығы танылады, оның барысында  тұлғаның құқығын бұзудан туған  арыз талаптары қанағаттандыра алған (ҚР АК 177-шi бабы). Соттың бұл мерзiмi ағымында сот құқықтың иесiне оның заңды талаптарының қанағаттандырылуына көмектеседi. Мұның басты мақсаты – мүлiктiк қатынастардың тұрақтылығы мен құқылық тәртiптiң сенiмдi орнықтылығы және оған мүмкiндiк туғызу. Талап мерзiмi қажеттi, өйткенi даулы жағдайлар ұзақ уақыт өткесiн бекітіле алмайды. 

Информация о работе Азаматтық құқықтағы мерзімдер