Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі................................................ ................7
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау.....................................................10

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері..............................................................11
2.2 Азаматтық құқық субъектілері..............................................................................13
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы.........................................14
2.4. Азаматтар (жеке тұлға) субъектісі ретінде.........................................................17
2.5. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде..................................21
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................29

Файлы: 1 файл

Азаматтар ,азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде.docx

— 63.72 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ........................................................................................................................4

 
1 АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ

    1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.................................................................5

1.2 Азаматтық  құқық қағидалары түсінігі................................................ ................7

1.3 Азаматтық-құқықтық  нормаларды талқылау.....................................................10

 
2 АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

 
2.1 Азаматтық  құқықтың негізгі элеметтері..............................................................11

2.2 Азаматтық  құқық субъектілері..............................................................................13

2.3 Азаматтардың  әрекет қабілеттілік пен құқық  ұғымы.........................................14

2.4. Азаматтар (жеке тұлға) субъектісі ретінде.........................................................17

2.5. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде..................................21

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................29 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіктері қазіргі заманғы қоғамда жан-жақты қарастырылады және оның азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай таңдалып алынған курстық жұмыстың тақырыбы, қазіргі кезде өзекті болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. 
Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.Шетел мемлекеттерінің азаматтық және сауда құқығы – деп қоғамда қалыптасқан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші нормалар жүйесі. Осыған байланысты азаматтық сауда құқығы жеке меншікті қорғай отырып онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттейді.Берілген курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық құықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады: 
- азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 
- азаматтық құқық қағидалары түсінігі. 
- азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау. 
- азаматтық құқықтың негізгі элеметтері 
- азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы. 
- азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беруАзаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды. 

                                                            4

 
1 АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ 
 
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 
 
Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. 
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.  
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады.  
Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.  
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады. 
Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. 
Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.  
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тоуарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар товарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың әлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-

                                                               5

құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек. 
Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.  
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.  
Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады. 
Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.  
Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну және қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағидалары ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін 
Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз. 
Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.  
 

                                                      6

 

1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі.  
 
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.  
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан. 
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар: 
- Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;  
- Меншікке қол сұқпаушылық; 
- Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік; 
- Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы және т.б.  
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.  
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім. 
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.  
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.  
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.  
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді. 
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады.

                                                     7

Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.  
АК 3 бабында «азаматтық заңдылық» түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт – дәстүрлер, шарт. 
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар. Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие. Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар. Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді.Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек.

Информация о работе Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері