Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринарлық медицина
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан
республикасындағы адам құқығы
Орындаған: Асылмерген.Г.К
Тексерген: Газизова.Н.С
2014 жыл
Қазақстан Республикасындағы
адам құқығы.
Жоспар:
Кіріспе
1.Қазақстан Республикасының
конституциядағы адамның құқығы
жөнінде.(12-21 бап)
2.Қазақстан Республикасындағы
адамның конституциялық - құқықтық
мәртебесі.
3. Адамның құқығы мен азаматтық
құқықтың арасындағы ерекшеліктері.
4.Адамның құқықтарының тарихи
және діни дамуы.
Қолданылған әдебиет: ҚР конституциясы, Жалпы білім беретін
мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева,
Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп"
баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5,Ашеулов А.Т. , Г.А. Жайлин. Гражданско-правовая.
Ответственность за вред, причененный
преступлением против личности. Алматы,
Издательства КазГЮУ 2000 г, Сапарғалиев
Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі.
1995 ж. Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық
құқығы. Алматы 2001 ж.
Кіріспе.
Адам құқығы Адам және азамат құқығын
қарастыру алдында "адам", "жеке адам",
"азамат" санаттарының арақатынасын
білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи
тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық
қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік
әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам"
ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды,
яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және
оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі
(мүмкін болған жағдайлар, егерде адам
әр түрлі объективті және субъективті
себептерге байланысты жеке адам бойында
болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны
әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса).
"Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда
сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен
тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады.
Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга
бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық
құндылық. Адамның өмір сүруі мен лайықты
өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның
дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша
құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат,
жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның
құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас
болып табылады, туғаннан бастап беріледі
жөне жоғары құндылық болып табылады.
Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын
сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет
өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне
сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды
(өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы
мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін
сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге
міндетті.
1. Қазақстан Республикасының
конституциядағы адамның құқығы жөнінде.
(12 бап)
1-Қазақстан Республикасында
Конституцияға сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және
оларға кепiлдiк берiледi.
2-Адам құқықтары
мен бостандықтары әркiмге тумaсынан жазылған,
олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм
айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы
осыған қарай анықталады.
3-Республиканың
азаматы өзiнiң азаматтығына орай
құқықтарға ие болып, мiндеттер
атқарады.
4-Конституцияда, заңдарда
және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдар Республикада азаматтар
үшiн белгiленген құқықтар мен
бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ
мiндеттер атқарады.
5-Адамның және
азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы
басқа адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзбауға, конституциялық
құрылыс пен қоғамдық имандылыққа
нұқсан келтiрмеуге тиiс.
(13 бап)
1-Әркiмнiң құқық субъектiсi
ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң
құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы
келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға
хақылы.
2-Әркiмнiң өз құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
құқығы бар.
3-Әркiмнiң бiлiктi заң
көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген
реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.
(14 бап)
1-Заң мен сот
алдында жұрттың бәрі тең.
2-Тегiне, әлеуметтiк,
лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жерiне байланысты немесе кез
келген өзге жағдаяттар бойынша
ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
(15 бап)
1-Әркiмнiң өмiр
сүруге құқығы бар.
2-Ешкiмнiң өз бетiнше
адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ.
Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс
жасағаны үшiн ең ауыр жаза
ретiнде заңмен белгiленедi, ондай
жазаға кесiлген адамның кешiрiм
жасау туралы өтiнiш ету хақы
бар.
(16 бап)
1-Әркiмнiң өзiнiң
жеке басының бостандығына құқығы
бар.
2-Заңда көзделген
реттерде ғана және тек соттың
немесе прокурордың санкциясымен
тұтқындауға және қамауда ұстауға
болады, тұтқындалған адамға сотқа
шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың
санкциясынсыз адамды жетпiс екi
сағаттан аспайтын мерзiмге ғана
ұстауға болады.
3-Ұсталған, тұтқындалған,
қылмыс жасады деп айып тағылған
әркiм адам сол ұсталған, тұтқындалған
немесе айып тағылған кезден
бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн
пайдалануға құқылы.
(17 бап)
1-Адамның қадiр-қасиетiне
қол сұғылмайды.
2-Ешкiмдi азаптауға,
оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн
қорлайтындай жәбiр көрсетуге
не жазалауға болмайды.
(18 бап)
1-Әркiмнiң жеке
өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң
және отбасының құпиясы болуына,
ар-намысы мен абыройлы атының
қорғалуына құқығы бар.
2-Әркiмнiң өзiнiң
жеке салымдары мен жинаған
қаражатының, жазысқан хаттарының,
телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң,
почта, телеграф арқылы және басқа
жолдармен алысқан хабарларының
құпиялылығы сақталуына құқығы
бар. Бұл құқықты шектеуге заңда
тiкелей белгiленген реттер мен
тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
3-Мемлекеттiк органдар,
қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды
адамдар және бұқаралық ақпарат
құралдары әркiм азаматқа өзiнiң
құқықтары мен мүдделерiне қатысты
құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат
көздерiмен танысу мүмкiндiгiн
қамтамасыз етуге мiндеттi.
(19 бап)
1-Әркiм өзiнiң
қай ұлтқа, қай партияға және
қай дiнге жататынын өзi анықтауға
және оны көрсету-көрсетпеуге
хақылы.
2-Әркiмнiң ана
тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық
тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы
бар.
(20 бап)
1-Сөз бен шығармашылық
еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға
тыйым салынады.
2-Әркiмнiң заң
жүзiнде тыйым салынбаған кез
келген тәсiлмен еркiн ақпарат
алуға және таратуға құқығы
бар. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк құпиясы болып табылатын
мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.
3-Республиканың
конституциялық құрылысын күштеп
өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды,
мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан
келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк,
ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық
астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк
пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды
насихаттауға немесе үгiттеуге
жол берiлмейдi.
(21 бап)
1-Қазақстан Республикасы
аумағында заңды түрде жүрген
әр адам, заңда көрсетiлгеннен
басқа реттерде, оның аумағында
еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты
мекендi өз қалауынша таңдап алуға
құқығы бар.
2-Әркiмнiң Республикадан
тыс жерлерге кетуiне құқығы
бар. Республика азаматтарының Республикаға
кедергiсiз қайтып оралуына құқығы
бар.
Қазақстан Республикасының
конституциясында, адамның құқығы тек
осы баптармен шектеле қоймайды, тағыда
осыған ұқсас көптеген баптарда адамның
құқығына белгілі бір мән беріледі. Жоғарыда
көрсетілген баптар тек адамның құқықтарына
тікелей байланысты болғандықтан бұл
жұмысқа еңгізілді.
2.Қазақстан Республикасындағы
адамның конституциялық - құқықтық
мәртебесі және түрлері.
Конституциялық-құқықтық
мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық
нормаларда бекітілген, мемлекет таныған
және кепілдікке алған, адам және азаматтың
негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық
мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы.
Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай
бөліктер кіреді:
1-негізгі құқық,
бостандықтар,заңды мүдделер мен
міндеттер.
2-азаматтық.
3-құкық мәртебесінің
кепілдіктері.
Құқықтық
мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы
немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын
кейбір санаттарына арнайы және туғанынан
берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі;
в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі;
г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі;
ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының
мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық,
әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби
және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья,прокурор мәртебесі);
ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің
арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың
мәртебесі.
3. Адамның құқығы
мен азаматтық құқықтың арасындағы
еркешлеіктері.
Адам құқығы
мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
бар. Біріншіден,
адам құқығы мемлекеттік мойындаудан
және заңдық бекітулерден оның кандай
да бір мемлекетке қатынасына қарамай
тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы
өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында
болады. Екіншіден — әлемде
көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі
(азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар
формалді түрде адам құқығының иегері
болып табылады, бірақ азаматтық құқығы
жок.
4.Адамның құқықтарының тарихи
және діни дамуы.
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда
болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары
мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс
жэне кез келген өзге құқықтың негізгі
түсінігі болып табылады. Олар азаматтық
құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ
қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер,
ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.)
қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің
өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін
(адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар
деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді
иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының
өзі болып табылады) қамтамасыз ететін
адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының
нормалары, қағидалары.
Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі
либерализмнен бастау алады, ал оның көрнекті
өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон,
Смит, Милль жэне т.б. болған. Осы ғұламалар
адамның өмір сүруге, қауіпсіздікке, еркіндікке,
езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге
және т.б. іргелі құқықтарын мемлекеттен
тәуелсіз жэне онымен қорғалуға тиісті
адам жүріс-тұрысының табиғи, ажырағысыз
және қасиетті нормалары ретінде негіздеген
еді. Бұл жағдайда адам құқықтарының табиғи,
жаратылыс сипаты дегеніміз олардың адам
туылғанынан пайда болуы, адам құқықтарының
ажырамасыздығын және оларсыз индивидті
қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъекті
қылатын ерекше адамдық қасиеттерден
айырылу қатері пайда болатын олардың
индивидке тірі жан ретінде тән болуы,
ал адам құқықтарының қасиеттілігін оларды
ең жоғары құндылықты мәртебе ретінде
қарастырғандықтан сыйлау, құрметтеу
және оларға табыну деп түсінуімізге болады.