Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 00:57, реферат
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса).
1.Қазақстан Республикасының конституциядағы адамның құқығы жөнінде.(12-21 бап)
2.Қазақстан Республикасындағы адамның конституциялық - құқықтық мәртебесі.
3. Адамның құқығы мен азаматтық құқықтың арасындағы ерекшеліктері.
4.Адамның құқықтарының тарихи және діни дамуы.
Сонымен қатар, өзге де, батыстық емес қоғамдарда адам құқықтары жөніндегі идеялардың бастамалары қалаптасқан. Мысалы, қазақ даласында белгілі бір көшпенді демократия болған, оның негізгі белгілері - индивидтің қатал жауыздық (деспоттық) ережелермен езіліп байланбауы, әйел адамның белгілі бір дәрежедегі еркіндігі және теңдігі, ежелгі жэне орта заманның отырыңқы егіншілік өркениеттеріне тән билікке құл ретінде тізе бүгушіліктің болмауы.
Қазақ хандарының билігі ешқашанда қатал жауызды, (деспоттық) болмаған, ал көшпенді тайпалар жүз немесе ру басшылырымен келіспеушілік болған жағдайда әрқашанда басқа жерлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие болған. Адам құқықтары Тәуке ханның Жеті Жарғы деп аталған заңдарында реттелген, онда индивидтің жеке (азаматтық) және экономикалық құқықтары көрініс тапқан. Қоғамның кейбір мүшелеріне берілген саяси құқықтар ханды сайлау институттарынан көрініс табады.
Билер иститутының маңызы зор болған, олар жеке және ұжымдық дауларды шешу бойынша сот-әкімшілік қызметті атқарған еді және бұл институттың демократиялық сипатын би атағы тұлғаның тек халық арасындағы беделі негізінде берілетіндігінен көруге болады. Тарихтағы Әбілхайыр ханды өлтіргені үшін Барақ сұлтанды билердің соттау фактісі ақсүйектердің сотталудан иммунитеті болмағанын көрсетеді. Қазақ жерін патшалық режим отарлағаннан кейін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың дәстүрлі құрылымдары бірте-бірте жойылды.
Сонымен қатар, егер индуизм өркениеті туралы айтатын болсақ, оның негізіндегі барлық қоғамдық өмірді егжей-тегжейлі реттейтін ережелер жүйесін құрайтын индуизм діні белгілі бір жүріс-тұрыс және өмір сүру қалпын белгілеп, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді саналы түрде бағалауға мүмкіндік бермейтін. Басқа да әлеуметтік себептермен бірге (экономикалық және ұлттық шашырандылық, қауымдардың тұйық оңашалануы) бұл- қауымның, "кастаның" шартсыз билігін көріп отырған адамның мақрұм қалуына үлкен эсер жасады.
Ислам негізінде діні жатқан мұсылман өркениетінде тұлғаның жұріс-тұрысын реттеудің мақсаты - "діндарлар" мүддесін, жалпы ислам мүддесін қамтамасыз ету. Өзін осыған қарсы қойған адам ислам дінінен жаңылған болып саналып, ауыр жазаланған. Мұсылмандық құқық діни сипатқа ие болғандықтан оның нормаларын сақтау "діндарлар" үшін діни міндет болып табылады. Мұсылмандық құқық мұсылмандардың тек сыртқы жүріс-тұрысын ғана емес, оның негізіндегі ішкі себептерді де егжей-тегжейлі реттеуге бағытталған. Бұл болса ислам ережелеріне сүйенген қауымға индивидтің өз еркі бойынша, саналы түрде бағынуын белгілейді және сол кезде бұл "мемлекетке сенушілік" болып та табылады. Ислам мәдениеті бойынша индивидтің билікке деген талаптары ретінде адам құқықтары идеясын қалыптастыру діни ережелерінің мызғымастығына қол сұғушылық болып табылар еді.
Сонымен, еркіндік пен адамның даралығы идеясын қалыптастырған христиан дінінің негізіндегі европалық өркениет қана индивидке барынша таңдау еркіндігін беріп адамды басшылық ететін ілімнің негізін қалады.