Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Адам құқығы» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.
1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
1.3 Конституциялық құқық әдістері
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі оның орны.
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы және маңызы.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.
3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).
3.1.1 Құқықтық мемлекет
3.1.2 Азаматтық қоғам
3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Курс КР Конс кукык тусиниги курылымы.doc

— 319.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

1. ҚР Конституциялық  құқығының түсінігі.

ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні. 

1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері

1.3   Конституциялық құқық  әдістері

2.  Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны.

2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық  жүйесіндегі оның орны.

2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық  құқықтың басқа құқық салаларымен  байланысы және маңызы.

3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.

3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).

3.1.1 Құқықтық мемлекет

3.1.2 Азаматтық қоғам

3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Адам құқығы» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Адам құқықтары бұл оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын әр жеке адам мәртебесінің ажырамас бөлігі . Олар арқылы тұлғаның өмірін, адамгершілік қасиетін және қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ету  бостандығын қамтамасыз ететін нақты және формальды түрдегі табиғи мүмкіндіктері пада болады. «Адам құқығы» түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып білу, табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі қоғамда негізгі құқықтар мен бостандықтар ажырамас және әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.

Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына қарамастан адам барлық құқықтар мен  бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай өзгешеліктер болмауы тиіс.

    Курстық жұмыстың  өзектілігі:  Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Бұл тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымы және материялдық өндіріс жағдайына байланысты болып келеді. Адам құқықтары оның өмір сүруінің маңызды белгілері ретіндегі әркімнің айрылмайтын және бөлінбейтін қасиеті. Адам құқықтары өзінше «ұлттық жүеді нақты (Абсолютті және ажырамас)өұқықтарды және жеке тұлғаның мүдделерін (игілігі мен құндылығын)қорғау мен реттеуді, сондай-ақ ол арқылы қоғам өмірінің әр түрлі салаларында бостандықты , теңдікті және әділеттілікті жүзеге аcырады» деп теңбе –тең өзінің бекітуін алған.

Курстық жұмыстың мақсаты:  – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқықтың орынын көрсету, басты ссалаларының бірі екендігін дәлелдеу.

Курстық жұмыстың міндеті: ҚР Конституциялық құқығының түсінігін талдау; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқықтын орынын, маңызын  басқа да құқық салалармен баиланысын қарастыру; Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздерін жіктеу.

Конституциялық қүқықтың бастауы, ең алдымен, Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет-ғұрыптар, нормативтік келісімшарттар болып табылады. "Конституция" сөзі негізінде латын тілінен шыққан, "constitutio" латын тілінен аударғанда "мекеме", "бекітілім" дегенді білдіреді.

Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің бірі болып табылады. Конституцияның болуы — заңдылықтың, құқық тәртібінің және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты.

Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің ерекше тәртібіне ие.

Конституция — құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен қабылданды, демек конституция нормаларында халықтың ерік-жігері жүзеге асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа ие деген сөз. Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.

«Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтар мен бостандықтары», - делінген Конституциямыздың 1 бабында.

 

 

 

 

1. ҚР Конституциялық  құқығының түсінігі.

ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні. 

 

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.

Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

міндеттеу әдісі;

тыйым салу әдісі;

ерік беру әдісі;

мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

 

 

1.2  Конституциялық құқықтың  қайнар көздері және оның түрлері

 

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

Конституция;

конституциялық заңдар;

әдеттегі заңдар (жай заңдар);

президенттің нормативті жарлықтары;

үкімет қаулылары;

қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.

Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

 

 

1.3   Конституциялық құқық  әдістері

 

Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:

1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).

2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).

3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы