Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Адам құқығы» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.
1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
1.3 Конституциялық құқық әдістері
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі оның орны.
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы және маңызы.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.
3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).
3.1.1 Құқықтық мемлекет
3.1.2 Азаматтық қоғам
3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Курс КР Конс кукык тусиниги курылымы.doc

— 319.00 Кб (Скачать файл)

4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып саналады.

Конституциялық-құқықтық норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың өзара байланысынан, мемлекеттің аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға міндетті ережесі. Осы нормалармен қаралған, өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесіндегі Конституциялық  құқық жүйесің орны.

2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі оның орны.

Конституциялық құқықтар жүйесі - конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы.

Конституциялық-құқықтық институт - өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Конституциялық-құқықтық нормалар мен конституциялық құқық институтына анықтама берілген. Конституциялық-құқықтық институтты өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, біз конституциялық құқық жүйесін анықтайтын қорытынды жасай аламыз.

Конституциялық құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипаттайтын және оны құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады.

Конституциялық құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі:   

конституциялық құрылыстың негіздері;    

жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі; 

  әкімшілік-аумақтық құрылым; 

  мемлекеттік органдар жүйесі.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Олардың ерекшелігі және мыналар жатады:

міндеттеу әдісі;

тыйым салу әдісі;

ерік беру әдісі;

мойындау әдісі.

А.К. Айтқожиннің айтуы бойынша, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының Қазақстандық қоғамның жоғары құндылығы ретінде Констиуциялық бекітілуі, олардың түбегейлі дәрежесін көрсетді. Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың қызметінде құқықтар мен бостандықтардың басымдағын және осы құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуының бағытын түсіндіреді.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық  құқықтың басқа құқық салаларымен  байланысы және маңызы.

 

Көріп отырғанымыздай, адам құқықтарының пайда болуы, дамуы және бекітілуі  жайлы жоғарыда көрсетілген ережелер мемлекеттік құрылу мәселелері мен, азаматтық қоғаммен,құқықтың үстемдік теориясы мен, сонымен қатар құқықтың ізгілік институтарының пайда болуы және олардың құрылуы мен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның жағдайы туралы, әсіресе феодолизм кезіндегі оныңезгі көрсетіліп отыратын таптарына қатысты құқықтар мен бостандықтар, феодалдардың озбырлығы, біртұтас құқықтық жүенің болмауы туралы айта отырып ескеретініміз, мүліктік қатынастардың, бірнеше әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы мен адам құқықтары біртіндеп нақты шынайлыққа көше бастады. Бұлардың барлығы құқықтық мемлекеттің негізін тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және оларды қамтамасыз ету бағытталыан ізгілік қағидалары құрайтынын көрсетеді.

Ізгілік пен әділеттілік мұраттары өздерінің сабақтастығын Қазақстан Республикасының  Конституциясынан тақан. Бұлар өз бастауын 25.10.1990 жылғы «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның», 16.12.1991 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Конституциялық заңның, сонымен бірге 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияның қабылдауынан алған.Республикамыздың Негізгі Заңы адам жанеазаматың құқықтары мен бостандықтарының жаңа концепцисын бекіті.Яғни бұған сәйкес азамат мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысқа түсіп отырады және қоғамның лайықты мүшесі болуға қабілетті тәуелсіз субьектісі болып танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы  адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін анықтайтын, олардың құқықтары мен бостандықтарының кең дәрежесін реттейтін алғашқы құқықтық құжат ретінде танылған адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі (құқықтық )кепілі болып табылады. Конституцияда адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық танылған қағидалары да орын алған.

1995 жылы Қазақстан Республикасы  Конституциясының қабылдауымен  елімізде болып жатқан бірқатар  демократиялық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістер ескерілген. Мемлекет өзінің негізгі функциясын, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғау үшін жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға кепіл береді. Сондықтан оларды қамтамасыз ететін рәсімдер, механизмдер, инситуттар жүйесі мен, реттеуші және қорғаушы шаралары мен қамтамасыз етілуі тиіс. Адам мен азаматтың құқықтарын кең және әр түрлі органдар мен рәс жүйесі қалыптасады, онсыз бірде бір мемлекеттік механизм жұмыс істей алмайды. Құқықтық мемлекеттіктің мақсаты – тұлғаның қажеттіліктеріне қызмет ету. Бұл ең алдымен, барлық мемлекеттік орындардың қызметінде адам және  азаматтық құқықтары мен бостандықтарынын басымдылықтары, оларға сәйкес заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы анықталады.

Адам мен азамат құққықтары екі түрлі қызмет атқаруда. Біріншіден, олар моральдық көрсеткіш, ал екіншіден, мемлекеттік саясаттың құрылу қағидасы болып табылады (құқықтық басымдылық ортаның құрылуы). Құқықтардың осы функциялары адам құқықтарының жүзеге асуына мүмкіндік бере отырып, бірінші кезекте даулардың туындауының ықтимал мүмкіндіктерін азайтып заңдылықты бекітеді, сонымен қатар қолданыстағы заңдардың жүзеге асырылуына тұрақтылық пен болжамдылық, сатылмаушылық пен айқындылық

сенімін шақыра отырып құқықтық мемлекетімізді одан әрі нығайта түседі.

Конститутциялық құқықтың негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:

адам және адамның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбатты қазына ретінде  тану қағидасы;

адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі екендігі;

құқықтар мен бостандықтардың абсолютті деп танылуы және олардың айнымастығы;

заң мен сот алдында азаматтардың теңдігі қағидасы;

құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуы;

құқықтар мен бостандықтарға қол сұқпаушылық;

саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге жол берілмейтіндігі;

заңдылық;

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қамтамасыз ету қағидасы;

күштеу, психикалық немесе өзге де мәжбүрлеуге жол бермеушілік.

Қазақстан Республикасының конститутциялық құқығынды мазмұны бойыншы ізгілік сипатқа ие басқа да қағидалардың болуы мүмкін. Яғни осының негізінде атап өтетін жағдай, ізгілік қағидалары адам құқықтары  және бостанықтарымен байланысты болып келеді және де олардың бұлжымас маңызын құрайды. Басқа сөздермен айтқанда, кез келген, оның ішінде адамның да жеке субьективтік құқықтары ізгілік қағидаларына негізделген. Өздерінің қызметтерін атқарудың негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері адам мен азаматтың құқықтарын сақтай келе, осы арқылы өмірге ізгілік қағидаларының идеяларын жүзеге асырады.

Ата Заңымыздың мазмұнынан біз адам құқығы мен демократия мәселесі тығыз байланысты екенін көреміз. Осыны есепке ала отырып, жеке тұлғаның құқығы саласында саясатты негіздейтін қағидаларға ерекше көңіл бөлейік. Біріншіден, олардың ең басты кепілі болып демократия табылады. Екіншіден, демократияның өзі адам құқықтарын аяққа басуға жол бермейді, себебі тек қана заңдылық конститутциялық институттардың тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Үшіншіден, адам құқықтары әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар бірлігінің, бір жүйелігінің белгісі болып табылады. Сондықтан азаматтардың қандай да бір құқықтарын олардың басқа құқықтары үшін бұзу мүмкін емес. Төртіншіден, мемлекеттің сыртқы саясаты да осы жалпы танылған адам құқығының қағидаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қмтамасыз ету мен тұрақты даму концепциясына сәйкес:  «Қазақстан Республикасы тұрақты даму стратегиялық мақсаттарының ішінде қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін қоғамның негізгі субьектілері ретінде азаматтардың қауіпсіздігін қарастырады».  Жоғарыда айтылғаннан, яғни адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ең тиімді саясат – ол жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етіп алған саясат болып табылады деп білеміз.

Қорыта келе конститутциялық құрылыстың демократиялық қағидаларына экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси әр-алуандылық, барлығының заң алдында теңдігі жатады. Біздің елімізге адамның құқықтары мен бостандықтарының конститутциялық деңгейде бекітілуі өте маңызды.

Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы Конститтцияның екінші тарауының баптарында айтылған. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклорациясы» (1948 ж.) және басқа да Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған пактілерге сәйкес адам, оның құқықтары ең үлкен қазына болып табылады.

Адамның конститутциялық құқықтары заңи түрде қорғалынады, сондықтан адам сұрамай, керісінше, олардың қамтамасыз етілуін талап етуге құқылы.

Конститутциялық құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қамтамасыз етілуінің деңгейі мемлекеттің дамуын айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.

 

3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).

 

Конституциялық құрылысқа басқаша түрде анықтама беретін болсақ, мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемлекеттік құрылым формасын, саяси тәртіпті енгізеді (1,2,3-баптар). Мемлекет құрылымы туралы айта отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз. (1-баптың 1-тармағы, 5-баптың 5-тармағы; 6-баптың 3-тармағы және т.б.).

Басқалай айтқанда, ңКонституциялық құрылысң жиынтық түрде мемлекеттік және қоғамдық құрылысты немесе құрылымды құрушы, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ңЖалпы ережелерң 1 бөлімінің конституциялық-құқықтық нормаларын реттеуші предметі болып саналатын қоғамдық қатынастар конституциялық құрылыс негіздері институтын құрады.

Конституцияның өзге бөлімдерінің нормалары бар болғаны конституциялық құрылыс негіздерін құрайтын қағидаларды нақтылайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1-бап), адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналатын Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Демократизм ең алдымен  халық билігін қамтамасыз етуден; заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуден; идеологиялық және саяси алуан-түрліліктен; жергілікті өзін-өзі басқарудан көрінеді.

Мемлекеттегі демократизмнің көрінісі сондай-ақ ұлттың және халықтың егемендігін бекіту болып саналады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы