Әлеуметтану ғылыми пән ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 06:17, реферат

Описание работы

Қоғам – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамада бірнеше принципті мәселелер бар. Олар - қоғамның тарихи құбылыс екендігі, адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қауымдастығы, белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер негізінде өзара байланыс, қарым-қатынасқа түсетіндігі, қоғамның өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратындығы және бұл адамдардың ынтымақты, еркін бірлестігі екендігі. Бұл қоғам туралы түсінікті баянды ете түседі.

Содержание работы

1. «Қоғам» туралы түсінік.
2. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
4. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі.
5. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 61.53 Кб (Скачать файл)

     Қолданбалы, яғни эмперикалық әлеуметтану  тікелей нақты әлеуметтік объектілерді  зерттеумен, эмперикалық мәліметтер мен фактыларды жинаумен,  соның негізінде практикалық ұсыныстар мен академиялық сипаттағы кең көлемде теориялық тұжырымдар жасаумен байланысты. Ол қоғам дамуының реалды үдерістері туралы түсінік береді, әлеуметтік саясатты болжаумен, жобалаумен, қалыптастырумен айналысады, әлеуметтік басқарудың тәжірибесі үшін ұсыныстар дайындай отырып, әлеуметтік шындыққа, әлеуметтік қауымдастыққа әсер етеді.    

   Әлеуметтану ғылымының маңызы оның функцияларымен айқындалады. Басқа ғылымдар сияқты, ол да ең алдымен танымдық қызмет атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта әлеуметтік шындық туралы жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, қоғамның, оның құрылымының фактылары мен дамуының, қызметі мен өзгерістерінің заңдылықтарын танытады.

    Әлеуметтану  әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың   барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. 

   Әлеуметтану  әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен құбылыстардың даму болашағын, бағытын анықтайды, яғни ғылымға негізделген болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін оң және кері құбылыстарды болжап шешуде әлеуметтанудың  маңызы зор. Мысалы, нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің ауқымы, әлеуметтік құбылыс пен үдерістердің дамуындағы баламалы түрлер, оң және теріс жақтарының арасалмағы мен арақатынастары және т.б.

     Әлеуметтану қоғамның экономика,  саяси, рухани және т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

     Әлеуметтану әрбір әлеуметтік  объектілерді басқару қызметінде  практикалық мақсаттарды шешу  үшін пайдаланатын әлеуметтік  ұсыныстар, жобалар мен жаңа  технологиялар дайындайды. 

   Әлеуметтану қоғамда тәрбиелік - идеологиялық функция да атқарады. Ол адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында әлеуметтік-саяси, адамгершілік, діни сипаттағы әртүрлі идеяларды насихаттайды, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

  Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

5. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда, олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын – экономикалық жүйесін, саясаттану  - қоғамның саяси қатынастарын, психология – психологиялық құбылыстарды, құқықтану - заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану – қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.

    Қоғамды  бір тұтас жүйе ретінде алып  қарайтын ғылымдар жалпы ғылымдар  деп аталады (оған тарих пен  әлеуметтану жатады), ал қалғандары  жеке қоғамдық ғылымдарға жатады, себебі олар жеке қоғамдық  құбылыстар мен үдерістердің  зерттеуін жүргізеді. Осы қоғамдық  ғылымдардың әрқайсысының объектісі,  оқитын заты – қоғам, ал  пәні сол қоғамның әр түрлі  жақтары, салалары болып табылады. Мысалы, әлеуметтану қоғамның бір  ерекше қасиетін - әлеуметтілігін, экономиканың, саясаттың, құқықтың, мәдениеттің  және тәрбиенің әлеуметтік қырларын  анықтап береді.

 

Әлемдік әлеуметтанулық ойлардың даму тарихынан

Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.

    1. Қандай ғылым болса да қоғамдық қажеттіліктен туатыны белгілі. Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік алғышарттары тікелей қоғам туралы ой-тұжырымдармен байланысты болды.

    Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру көбіне мифтік сипатта болды да, әлеуметтік қатынастарды философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Египетте, Қытайда, Индияда, антикалық Грекияда және т.б. ертедегі мемлекеттерде басталды.

    Ғылымдар атасы философия тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын толып жатқан әлеуметтанулық ойлар дүниеге келді. Оларды дамытуға елеулі үлес қосқан сол кездің Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель сияқты ғалымдардың әлеуметтік философиясы туралы ойлары  теориялық әлеуметтанудың тууына алғышарт дайындады.

     Қытайдың ұлы фиолсофы және алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуцийше (б.з.б.552 – 479 ж.),  мемлекет ізгілікті,  үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.

    Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның «Мемлекет» және Аристотельдің «Саясат»,  кейін Гоббстің «Левиафан», Монтескьенің «Заңдар рухы» және Гегельдің «Құқық фиолософия» сияқты еңбектерінде әлеуметтік құрылым, азаматтық қоғам, мемлекет пен құқық, басқару формалары,  жеке меншік, өндіріс пен сауда, құқық пен тұлғалардың типтері туралы мәселелер және т.б. күн тәртібіне қойылып, белгілі шешімдерін тауып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, адамдардың өзара карым-қатынастары зерттеліп, олар қорытылып, қоғамды (мемлекет ретінде түсінді), оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасалды. Шындығына келгенде осылар кейін теориялық әлеуметтанудың негізгі мәселелері болды.  

     Платонның «Мемлекет туралы» еңбегінде «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел» деді. Оның ойынша, адамдар бірігіп қана өз қажеттіліктерін өтей алады. Бұл үшін олардың біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Платон мемлекет адамдардың бәріне әділ болуы керек деп көрсетті.

    Ал Аристотель  мемлекетті - қауымның дамыған түрі, ал кауымды — отбасының дамыған  түрі санады. Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады. Аристотель мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді алды. Ол қоғамдық игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп саналады.

   Орта ғасырда әлеуметтанулық  ойлар дінмен тығыз байланыста, өзара әрекеттістікте дамыды. Сондықтан  әлеуметтік өмір діни догмалармен  түсіндірілді. Дегенмен кейбір ойшылдар  өз кезіндегі қоғамның құрылуын, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді  түсіндіруде қалыптасқан діни  таным ауқымынан шыға алды. Мысалы, италияның монахы Фома Аквинский  (1225-1274) әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуін қол өнер кәсібі өндірісінің және сауда, алыс-берістің дамуымен  түсіндірді. Ал араб философы Ибн-Халдун (1332-1406) өзінің еңбектерінде өндірістің, сауданың, қалалардың өсуімен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеретінін атап көрсетті.

Жаңа заман мен  Ағартушылар  дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.

2. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде адамзат өркениеті дамуының бет бұрыс кезеңі феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарым-қатынастың дамуы болды. Бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің «Левиафан...» атты кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) «қоғамдық келісім» тұжырымдамасын баяндайды. Бұған байланысты мемлекет құдайдың  құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы  адамдардың өзара келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды.

     Әлеуметтанулық ойлардың дами  түсуінде Ағартушылар заманы  мен Ұлы француз революциясының  тарихи орны бөлек. Тамаша ойшыл,  либерализмнің негізін салушы  Джон Локк (1632-1704) қоғамдық келісім туралы тұжырымдаманы ары қарай дамыта отырып, тұлға, қоғам және мемлекет сияқты ұғымдарды алғаш рет жеке-жеке қарастырды, тұлғаның қоғам мен мемлекеттен басымдығын көрсетті.

     Француздың атақты ғалымы  Шарль  Луи Монтескьенің де қоғам  туралы ойларының жаңа ғылымның, яғни әлеуметтану ғылымының   қалыптасуындағы рөлі ерекше. Оның  «Заңдар рухы туралы» (1748) басты еңбегі шын мәнісіндегі әлеуметтанулық еңбек  болды. Сол себепті замандастары Монтескьені әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі әлеуметтанушы деп атаған. Ол тарихты үдеріс ретінде танып, қоғамдық құбылыстардың заңдылығын айқындағысы келді. Монтескье қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның өзінің ішінде болып жататын  жеке әлеуметтік құбылыстар деп түсінді. Әлеуметтанулық  көзқарас тұрғысынан Монтескье ұсынған биліктің бөліну принципі туралы идеялар маңызды болды. Ал басқарудың үш түрі - демократия, аристократия, деспотия буржуазиялық-демократиялық мемлекеттердің саяси құрылымының негізіне алынды.

     Әлеуметтанулық ой-пікір ары қарай Ф.Бэкон,Ж.-Ж. Руссо, А.Гельвеций, Э. Кант, Сен-Симон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, Сен-Симон (1760-1825)  өзінің ғылыми еңбектерінде өнеркәсіп өндірісі мен қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Ол саясат – физика сияқты позитивті ғылым, сондықтан оны табиғи және ғылыми әдістермен  зерттеуге болады. Сен-Симон пікірінше, халықтың ахуалы саяси тәртіппен қатар меншіктің нысанына, өндіріс тәсілі мен қоғамның (таптық құрлымына) жағдайына қатысты.     

Әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық  кезең.

3. Әлеуметтану әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 30-40-жылдары бөлініп шықты. Ол теориялық жағынан толысып, тәжірибелік жағынан ілгері дамыды. Сөйтіп әлеуметтану ғылымының дамуында клссикалық  кезең басталды.

     Бұл кезеңнің  ірі өкілі, әлеуметтану ғылымының негізін салған атақты француз философы Огюст Конт болды. Ол өзінің ұстазы Сен-Симонмен бірге «Қоғамды қайта құру үшін қажетті ғылыми жұмыстар жоспарын» жасай отырып, объективті  бақылаулар мен жаратылыстану ғылымының, оның ішінде физиканың әдістеріне негізделген қоғам туралы жаңа ғылым жасауды мақсат етті. Конт қоғам туралы ғылым жаратылыс ғылымдары сияқты позитивті фактыларға негізделуі керек, ал механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеді. Ол жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады.  Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты еңбектің ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел ететінін туралы жазды. Ол термин «Социология» (Әлеуметтану) деген атқа ие болады.

     Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.

     О.  Конт пікірінше, жалпы адамзат танымы өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді. Мұны ол адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының дамуының теологиялық, метафизикалық (ойлау әдісі, құбылыстарды өзгермейді, бірі-бірімен байланысы жоқ деп есептейді) және позитивистік (оң, жағымды) кезеңдерін тұжырымдаумен түсіндіреді.    

    Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол "абсолюттік білімге ұмтылады".

    Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын, қалыптасуының басты амалдарын абстракциялар  жолымен  түсіндіруге тырысты. Сөйтіп бұл үшінші кезеңді (1800 жылдан бастап), адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивистік кезеңді дайындады. Ал үшінші кезеңнің негізгі белгісі - мұнда ақыл-ой заңдарды қарапайым зерттеуге жүгінеді.

    О.Конт қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр деп санады. Сондай-ақ ол ақыл-ойдың дамуы – адамзаттың дамуының басты принципі деп есептеді.

    Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді. Оның еңбектерінде "бақылау" сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып есептеледі.

    Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, «қоғамның түрлі жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әртүрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе-теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әртүрлі жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әртүрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр.

Информация о работе Әлеуметтану ғылыми пән ретінде