Әлеуметтану ғылыми пән ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 06:17, реферат

Описание работы

Қоғам – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамада бірнеше принципті мәселелер бар. Олар - қоғамның тарихи құбылыс екендігі, адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қауымдастығы, белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер негізінде өзара байланыс, қарым-қатынасқа түсетіндігі, қоғамның өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратындығы және бұл адамдардың ынтымақты, еркін бірлестігі екендігі. Бұл қоғам туралы түсінікті баянды ете түседі.

Содержание работы

1. «Қоғам» туралы түсінік.
2. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
4. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі.
5. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 61.53 Кб (Скачать файл)

    М.Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы - идеалды типтер. Оның пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі) шығармашылық қиял, елес жемісі. Идеалды  тип дегеніміз, ол  объективтік  эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой-пікірінің жемісінің теориялық құрылымы, идеясы.

    М. Вебер өзінің "Протестанттық этика және капитализм рухы" деген еңбегінде экономиканы дінмен байланыстырып, діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. Ол осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе оның адамгершілік қырын экономика дамуының негізгі ынталаңдыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін және т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретіңде қарады.   

    Әлеуметтанудың даму жолындағы барлық теорияларды тұжырымдау негізінде барынша кеңірек әлеуметтік құрылымдарды талдау қажеттілігі туды. Бұл міндетті Американың атақты әлеуметтанушысы Толкот Парсонс атқарды. Ол әлеуметтік әрекет теориясын және құрылымдық-функционалдық талдаудың әдістемесін жасады. Т.Парсонстың ойынша, адамның әлеуметтік әрекеті рационалды, мақсатты  сипатқа ие. Оған бір-біріне тәуелді емес, төрт шартты әрекеттер жүйесі әсер етеді (биологиялық, мәдени, әлеуметтік және жекелік) және олардың әрқайсысы белгілі функциялар атқарады. Бұл жүйелердің қалыптасуын және олардың бір-біріне ықпалын Т.Парсонс институттену үдерісі  деп атады. Бұл әлеуметтік әрекет теориясы онан әрі дамытылып, қазіргі күні классикалық сипатқа ие болды.

    Т.Парсонстың  құрылымдық-функционалдық талдаудың әдісі қазіргі әлеуметтану ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып отыр. Оның негізіне бірі-бірімен байланысты жүйешіктерден тұратын тұтас жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік алынған. Әрбір жүйешік өзінің жүйеде ие болған орнына қарай өзіне тән функцияларды атқарады. Олар бірін-бірі толықтыра және өзара әрекеттесе отырып, әлеуметтік жүйенің бірлігін қамтамасыз етеді.    


Информация о работе Әлеуметтану ғылыми пән ретінде