Шет елдердің конститутциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 17:12, реферат

Описание работы

Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................................................3
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ......................................................4
1.1 Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.............................4

1.2 Конституциялық құқықтық пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері...................................................................................................................................5

1.3 Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар кқздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері................................................................................................................................5

1.4 Шет елдердегі Конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы..................................................................................................6

ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ.........................................................................7
2.1 Конституция шет елдердің Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде. Конституция түсінігі және мәні..................................................................................................7

2.2 Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері.....................................................9

2.3 Конституциялық қадағалау...................................................................................................10

Қортынды.....................................................................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер.................................................

Файлы: 1 файл

Шет мемлекеттерінің Конституциялары.docx

— 38.06 Кб (Скачать файл)

 

 

    1. ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

2.1 Конституция  шет  елдердің Конституциялық құқығының  негізгі қайнар көзі ретінде.  Конституция түсінігі және мәні

 

«Конституция» термині —  латын тілінен аударғанда (constіtutіo) бекіту деген мағынаны білдіреді.

 

Конституция   қоғамның нарықтық және рухани даму мәнінің  саяси-құқықтық формасын көрсететін, күрделі  тарихи, әлеуметтік және заңды құбылыс. Конституция   қоғамдық және мемлекеттік құрылысты анықтайтын, билік органдарының тәртібі мен қағидаларын құрайтын, адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесін қалыптастыратын, өкілеттік органмен ерекше тәртіпте немесе референдумда халықпен қабылданатын, мемлекеттің ең негізгі нормативтік құқықтық актісі болып табылады.

 

Әлемдегі ең бірінші жазылған конституция   АҚШ-тың Конституциясы. Ол 1787 жылы қабылданған, әлі күнге  дейін әрекет етіп келеді.

 

Ғылыми еңбектер мен арнайы шығармаларда ғалымдар конституцияны  ерекше түрдегі құқықтық құжат ретінде  қарастырады.

 

Конституция   ең жоғары заң күшіне ие болатын, барлық құқықтық актілерден жоғары тұратын нормативтік  құқықтық акт. Оған барлық заңдар мен заңға бағынышты актілер сәйкес келу қажет.

 

Конституцияларға анализ жасаса   18 ғасырдың аяғы   19 ғасырдың басында қабылданған конституцияларда таптық күрес нәтижесі нақты бейнеленген. Мысалы: 1787 ж. АҚШ және 1791 ж. Франция Республикасының конституцияларында мемлекеттік басқарудан феодальдық топтарды шеттетті. Ұлыбританияның конституциялық актісі   парламент құрылымындағы компромистік сипаттамаға ие болды. Төменгі палата   Қауымдар палатасы

 

саяси аренаға шыққан буржуазияның мүддесін, жоғары палата   лордтар палатасы   феодальдық топтардың мүддесін қорғауға тиіс болды.

 

Басқа құқықтық актілерден Конституция тұрақтылығымен, шынайылығымен, Жоғарғы заң күшілігімен ерекшеленеді.

 

Легитимдік Конституция  — бұл заң жолымен қабылданған  Конституция, яғни сол уақытқа дейін  әрекет ететін Конституцияда қолданылған  жолмен қабылданады.

 

Шынайылылық - заңдылық және құқықтық тәртіптілік режимі жағдайында осы қабылданған ережелердің  орындалуы және кепілдік беруі.

 

Тұрақтылық - Конституция  ережелерінің тұрақтылық түрі.

 

Жоғары заңдылық күші - Конституция  мен Конституциялық құқықтық емес, басқа да құқықтық салаларының қайнар көзі болады, мемлекеттік органдардың  қолданып жүрген заңдар мен заң актілері Конституцияға сүйену қажет және соған сәйкес болуы керек.

 

Конституциялар бөлінеді:

 

- жазылған және жазылмаған;

 

- шынайы және жалғанға; «тірі» және «өлі».

 

- икемді және қатаңға;

 

Жазылған Конституциялар біртұтас құқықтық акт немесе бірнеше  құқықтық актілерден тұрады. Жазылған заңдар кодификацияланған және кодификацияланбаған болып бөлінеді. Егер Конституция жалғыз құжаттан тұрса — кодифицияланғанға жатады, егер құқық актілерінің жиынтығынан тұрса онда ол кодифицияланбағанға жатады. Мысалы: кодификацияланған конституцияларға АҚШ (1787ж.), ГФР (1949 ж.) жатқызуға болады, ал кодификацияланбаған конституцияларға Швеция (ол 4 нормативтік құқықтық актілерден тұрады), Израил – бұл конституциялық мінез-құлықтарға сәйкес сұрақтарды реттестіріп отыратын бірнеше нормативтік актілерден тұрады (заңдардан)

 

Жазылмаған Конституциялар көптеген қайнар көздерден тұрады, олар ішінде жазылған және ауызша (бұл  конституцияларға салт-дәстүрлер мен  келісімдер жатады) актілерде болады. Бұндай конституциялар пайыздық өлшемдер бойынша өте көп.

 

Шынайы Конституциялар - нақты қоғамдық қатынастарды бейнелейді және соған сәйкестенеді.

 

Жалған (фиктивтік) Конституциялар - шынайы қатынастармен салыстырғанда  қоғам жағдайының шын мәнін көрсетпейді.

 

Конституцияның өзгеру тәсіліне байланысты икемді және қатаң болып  бөлінеді. Икемді Конституцияда өзгерістер жай көпшілік дауыспен жүзеге асырылады. Қатаң Конституцияға өзгерістер енгізу қиын, өзгерістер енгізудің бірнеше тәсілдері бар:

 

1. сараланған көпшілікпен (2/3;3/5;3/4);

 

2. референдум арқылы өзгерістер енгізу;

 

3. өзгерістерді Федерация субъектілерінің заң шығарушы органдарының ратификациялауы;

 

4. Жаңа Конституция қабылдау  үшін Парламент құрамын жаңалату  және т.б. тәсілдер.

 

Конституцияның негізгі  қызметтері:

 

Заңдылық қызметі. нарықтық,  саяси және рухани өмірдегі қағидалары анықталатын құқық нормаларын белгілеу, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды қорғауды ең жоғарғы деңгейде бекіту.

 

Саяси қызмет. Барлық саяси күштердің іс-әрекеттері Конституция орнатқан «ережелері» бойынша жүзеге асырылады.

 

Идеологиялық  қызмет. Конституция идеологиялық ықпал ету амалының бір түрі болып келуінде.

 

Конституция құрамының ішкі тәртібін және орналасу жолынайқындау  қажет.Конституциялар ішкі құрылымы бойынша  әр түрлі болып келеді, бірақ жаңа буын Конституциялары ортақ белгімен анықталады. Олардың құрылымына: преамбула, негізгі бөлім, қортынды және ауыспалы ережелер, кейбір жағдайда қосымшалар кіреді.

 

 

 

2.2  Конституциялық құрылыс: мемлекетті ұйымдастырудың конституцияда бекітілген нысандары және әдістері. Конституциялық құрылыстың негіздері болып мемлекеттің басты құрылғысы және олардың негізгі қағидалары табылады. Конституциялық құрылыстың өзіндік ерекешеліктері бар, бірақ жаңа өркениетті мемлекеттердегі конституцияларының жалпы ұқсастығы бар. Олардың құрылысына кіретіндер: преамбулла (кіріспе бөлім), негізгі бөлім, қорытынды және өтпелі ережелер, кейбір кездерде қосымшалар болып табылады.

 

- Преамбула — бұл қысқа  және салтанатты сөз, заңды  күші жоқ болғанымен Конституцияны  қабылдау мақсаты көрсетіледі.

 

- Негізгі бөлім — нөмерленген  тараулар мен баптарға бөлінген. Конституцияның негізгі мәтіні.

 

- Қортынды және өтпелі  ережелері бұрынғы және жаңа  қабылданған Конституция арасындағы  құқық қабылдаушылықты қамтамасыз  етеді.

 

Конституциялар әдетте жоғары және ресми стильмен жазылады.

 

3. Конституцияның мазмұнына,  қабылдауына белгілі факторлар  әсер етеді.Олар:

 

ª     Биліктің қоғамның белгілі қабатына жатқызылуы;

 

ª     Таптық күштердің  қоғамда орынмен орналасуы;

 

ª     Конституцияны  дайындау және қабылдау кезіндегі қоғамдық пікір;

 

ª     Халық менталитеті;

 

ª     Басқа мемлекеттердің Конституцияларының ықпал етуі және тығыз басқа жағдайлар.

 

Конституцияны қабылдаудың  бірнеше тәсілдері бар: октроилеу, құрылтай жиналыспен қабылдау, референдум арқылы.

 

1. октроирленген   монархтың  немесе мемлекет басшысының конституцияны  сыйға тартуы. Метрополиялар өздерінің отаршылдығынан босаған мемлекеттерге конституцияларын сыйлаған  (Ұлыбритания, Голландия).

 

2. халықпен референдумда   кең таралған тәсіл, кей мемлекеттерде конституция ең алдымен парламентте, одан кейін референдумда бекітіледі;

 

3. құрылтайшылық жиылыспен   конституция қабылдау үшін сайланатын  ерекше орган. Олар әр түрлі аталады: Конвент, конгресс, құрылтай жиылысы (АҚШ, Италия, Португалия, Таиланд және т.с.с.). Бұл аталған органдар: егеменді және егеменді емес (яғни, қабылданғаннан кейін референдумға жіберіледі) болып екіге бөлінеді;

 

Көп шет мемлекеттерінің Конституциялары Конституциялық әділ соттылыққа көп мән береді. Конституциялық бақылау Конституция заңдарының сәйкестігін тексереді. Конституциялық әділ соттылықтың жалпы юрисдикциялардың соттары жүзеге асырады Бір жағдайларда бақылауда жоғарғы Соттар жүзеге асырады, ал, кейбір жағдайларда барлық инстанциялардғы соттар. Бұл модельді «американдық» деп атайды. Мысал ретінде АҚШ-ты көрсетуге болады. Екінші модель еуропалық мемлекеттерде үстем. Мұнда Конституциялық бақылауды арнайы органдар жүзеге асырады — Конституциялық Сот, Конституциялық кеңес. Федеральдіктен басқа одақтық мемлекеттерде дербес және жеке мәртебесі бар конституциялық соттар құрылады. Конституциялық сот немесе кеңес құрамының қалыптасу түрінің мұнда екі түрі қолданылады — парламенттік және аралас.

 

Таза парламенттік түрге  Федеративтік Германияның Конституциялық сотының қалыптасу тәртібі жатады. Германияның Ерекше Заңының 94 бабы 1 бөліміне сәйкес Федералдік Конституциялық сотының мүшесі Бундестагпен Бундесратпен тең сайланады.

 

Конституциялық сот құрамының  аралас түрінде парламент тек  жартылай сайлау құқығына ие болады.Францияда Республика президенті, Ұлттық жиналыстың және Сенат төралығы Конституциялық кеңеске 9 жылға 3 мүшеден сайлайды.

 

Шет мемлекеттерінің Конституциялары  Конституциялық сот судьяларына  жоғары талап белгілейді. Оған: кәсіп деңгейі, мүшенің жасы, жұмыс стажы; беделі; кіршіксіз абырой және т. б.

 

Конституциялық соттағы  мүшелік мына жағдайлармен сыйымсыздықта  болады:

 

- кез келген өкілді  мандатымен;

 

- саяси және әкімшілік  қызметімен;

 

- саяси партиялар мен  кәсіптік одақтарда жұмыс атқару мен немесе төрағалық етумен;

 

- соттың немесе прокурорлық  қызметті атқарумен және кәсіптік немесе кәсіпкерлік әрекетпен айналысумен;

 

2.3. Конституциялық бақылау органдарының мәртебесі әр елде әр түрлі және бірнеше салаларды қамтиды.Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын жалпы юрисдикциялық соттар белгілі сатысын қарау кезінде заңның Конституциялық нормаларға сәйкес келуі туралы мәселе қоюы мүмкін, бұл нақты бақылау деп аталынады.

 

Заңның Конституцияға  сәйкес келуі туралы мәселені Конституциялық соттар мәселені мына субъектінің қозғауы бойынша қарайды: мемлекет басшысы, парламент, немесе оның палаталары, депудаттар тобы, үкімет,федерация субьектілері.Бұл бақылаудың түрі — абстрактілі бақылау.

 

Кейбір Конституциялық соттарда осы екі түрі де бірге жүреді.

 

Конституциялық бақылаудың екі жүйесі бар: алдын-ала және кейінгі. Алдын-ала бақылау Франция, Португалия және басқа да мемлекеттерде заң қабылданғаннан кейін промулгацияға дейін жүзеге асырылады. Кейінгі бақылау заңның күшіне еніп және қолданып жүрген кездегі тексеру кезде жалпы юрисдикциялық сотпен және Конституциялық сотпен жүзеге асырылады.

 

Кейбір мемлекеттердің Конституциялық соттар Конституцияны талқылау құқығына ие болады.Бұл құқықты АҚШ-тың Жоғарғы Соты және басқа штаттардың соттары икемденеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Конституцияның маңызды  ерекшелігінің бірі-адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесін жариялауы болып  табылады.Адам және азаматтардың құқықтары  мен міндеттері 1789жылы адам және азаматтардың құқықтары жөніндегі француз  декларациясынан бастап көптеген елдердің конституциясы осы екі субьектінің (адам, азамат) құқықтық жағдайына қатысты  нормаларды қамтыған.

 

Адам құқықтары –табиғи, оған тұлға ретінде тумысынан  берілген ажыратылмайтын құқығы тетінде  есептеледі.

 

Азаматтың құқықтары азаматтылық, мемлекет пензаңдық байланыс, саяси  қауым фактілеріне байланысты туындайды. Оларға: сайлау құқығы, бірлестіктерге ұүұыұж.т.б.Мұсылман құқығында адам құқықтары діни және жынысына байланысты болып келеді. Мыс: Сирия конституциясы (1973 ж)бойынша Республика президенті тек мұсылман ғана бола алады. Әйел мұрагерлер, ер адамдар алатын мұра үлесінің жартысына ғана құқылы.

Тропикалық Африкада тұлғалардың  құқықтық мәртебесі оның белгілі  бір племенге жататындығына байланысты.

 

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы  оның статусына: азаматтығына, шетел  азаматтылығына, азаматтығы жоқ тұлғаға, көп(екі) азаматтығына байланысты болады. Белгілі бір мемлекеттің азаматтары азаматтығы жоқ адамдарға, шетел  азаматтарына қарағанда көптеген құқықтарды иеленеді.Азаматтығы жоқ тұлғалар шетел  азаматтары мен салыстырғанда қандай да бір мемлекеттің дипломатиялық  қорғалу құқығын иеленбейді.Сондықтанда  халықаралық құқықта азаматтығы жоқ тұлғалардың азаюына шаралар  қолдану тенденсиясы жүруде.

 

Көп азаматтылығы бар тұлғалар 1995 жылы Польшада,1997жылы  Литвада, 1999 жылы Латвияда республика президентінің сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынды.

Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, көп азаматтықты  иеленген  тұлғалар сол елдің азаматтары сияқты келген елінің заңын сақтауға міндетті және заңды білмеуі жауапкершіліктен босатпайды.

 

Жазба конституциялардың  бәрінде де мемлекет құқық пен  бостандықты жариялай отырып  іс жүзінде кепілдік береді. Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші,т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мұндай институттар әлемнің 40-астам елдерінде құрылып, жұмыс істеуде.

 

Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін  адам мен азаматтың құқығы мен  бостандығын бұзғандығы үшін жауапкершілік  тағайындайды. 1798жылғы Декларация әлі  күнге дейін күшін жоғалтпай  отыр. Декларация тек кез келген  мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас табиғи адам құқығын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, бостандық, жеке меншік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап береді.

Информация о работе Шет елдердің конститутциясы