Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:15, реферат
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азамматтық құқықтық жауапкершілік тәуекел кезінде құрылады.
Азаматтық Кодекстің 359 –бабында 2-ші бөлігі және 360 - бабында былай делінген: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше жән тойтаруға болмайтын мән-жайдың (дүлей-құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.
Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдалануды мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
Алайда,
кәсіпкерлік қызметпен
Бұл ереже диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залалды өтеуден босатылады.
Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптарегер кінәсі болмаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін.
Көтеріңкі
қауіппен байланысқан (транспорт ұйымдары,
өндірістік кәсіпорындар,құрылыстар,
автотранспорт құралдарының иелері
және т.б. азаматтар және заңды тұлғалар,
егер бой бермейтін күштің немесе
талапкердің қасақана әрекетінен
зиянның келгендігін дәлелдей алмаса,
көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен
келген зиян үшін жауап береді.Көтеріңкі
қауіптің қайнар көзіретінде көрсетілген
обьектімен толық адам басқара алмайтын,өзінің
зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін
материалдық обьектілер танылады. Мысалы,
томобильді қас қағым сәтте тоқтату
мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға
көтеріңкі қауіп туғызады. Көтеріңкі
қауіптің қайнар көздерінің иелері
көтеріңкі жауапкершілікті
Сақтау қызыметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой бермейтін күштің әсерінен болмаса, жауапкершіліктен босаылады.
Алайда
азаматтық заңдылықпен
Ежелден тыс СССР – дің әуе кодексінің 101- бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе транспорт кәсіпорын жауапгершілікке тартылады. Осыған байланысты оқиға және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз қажет.
Оқиға – бұл алдын-ала ешкім көру мүмкін емес жағдай. Егер орқиға орын алса, онда кінәнің да болуы да мүмкін емес. Алдын-ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субъективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап болатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын- алуға мүмкін болар еді. Мысалы, сауда ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұраныстың төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас үшін басқа тауар әкелетін еді.
Егер
оқиға субъективті алдын-ала
Бой бермейтін күші ретінде
табиғат құбылыстарын
Бой
бермейтін күшке берілген
Егер кеме иесі дауыл туралы хабарлаған кезде портқа жақын болса, және тиісті шаралар қолданбаса, онда бой бермейтін күш ретінде қарастырылмайды. Орман өрті өрт сөндіруге құралы жоқ тарапқа бой бермейтін күш ретінде саналады, ал өрт сөндіру құралы бар тарапқа бой бермейтін күш ретінде қарастырылмайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой бермейтін күш түсінігі туралы пікірлер көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе жоя алмаушылық белгісінің бірі ретінде саналып, бой бермейтін күш маңызын жоғалтып отыр. Мысалы: найзағай бұрын бой бермейтін күш ретінде саналған. Қазір техника жетістіктеріне байланысты азаматтық қатынасқа қатысушылар оны бой бермейтін күшке жатқызбайды.
2.4. Зиян
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.
Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
2) Сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).
Мысалы: тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б. жатады.
2.5. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.
Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік юридистикалық
В.П.Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәжбүрлеу формасы.
Тұтынушылардың
құқығын қорғау құралы ретінде
азаматтық –құқықтық
Нарықтық экономикасы таралған елдерде дайындаушының шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей жауапкершілік шектелген. Англо-американдық құқықтар деффектілі өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік прецедент ретінде қалыптасады.
Қызмет көрсетуі кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік жұмысшылар немесе ұйым мүшелерінің қызметінің нәтижесінде құқыққа қарсы іс-әрекетінде пайда болады. Ұйым тек қана оның қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының ұйым тапсырмасын орындау кезінде ғана іс-әрекетіне жауап береді. Ұйым қызметкерлері мен мүшелері талапкерлер алдында еңбек құқығының нормалары негізінде жауап береді. Мүліктік залал келтірілген ұйымның кінәсі мен юридистикалық міндеттемені бұзу арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет. Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды жауапкершіліктен босату оның кінәсінің жоқ болуымен байланысты.
Азаматтық
құқықта келтірілген зиян үшін
жауапкершілік объективті болып
табылады. Халықтың денсаулығы
мен қауіпті тауарлар
шығару және қызмет көрсету жауапкершіліктің
ерекше түрін көрсетеді. Азаматтық
–құқықтық жауапкершілікте
Тағы да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік зиянды өтеу буржуазиялық құқықтың белгісі ретінде қалыптасып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық
экономикаға өтуімізге
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.
Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.
Информация о работе Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік