Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Содержание работы

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері.docx

— 80.28 Кб (Скачать файл)

Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін  қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің  ішінен бейімділікке жататын фактілермен  мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап  шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп  екінші жағынан өз мағынасымен қаралып  отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс.

Қатыстылық  дегеніміз соттық дәлелдемелермен  сот қарауының объектісі болып  отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы. Бұндай байланыстың болуы зерттеліп  отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады.

Юридикалық  әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар  авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің  белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде  түсінеді. Бұл авторлардың бұлай  ойлау себебі дәлелдемеде қатыстылық белгілі сипаты бар немесе жоқ  екендігі осы дәлелдемелер сот зерттеуінде  болмай жатып қалай анықталатындығында12. 67-баптың мазмұнына қарайтын болсақ, бұл бап негізінен соттық жүріс-тұрысын реттейтін норма болып табылады, өйткені тараптар дәлелдемелер ұсыну барысында қателіктер жіберуі мүмкін.

Сот дәлелдемелердің  қатыстылық ережесі бойынша болашақ  осы қаралып отырған іс бойынша  негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.

Заң әртүрлі  істер бойынша керекті әртүрлі  дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің  қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі  бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы) М.К.Треутниковтың  ойы бойынша қатыстылығын бағалау  процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп  жатырған факті осы азаматтық  іс үшін маңызы бар ма жоқ па? Сонан  кейін барып екінші этапта осы  дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы  туралы мәселе шешілуі тиіс дейді13. Бұл ереже "жалпыдан жекеге" методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды14. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:

1.  Дәлелдемелерді  тараптар мен іске қатыушы  басқа да тұлғалар береді.

2.  Істі  дұрыс шешу  үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және   іске   қатысушы  басқа да  тұлғалардың талаптары   мен   қарсылықтарының   негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс   нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

3.  Сот  тараптарға және іске қатысушы  басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

4.  Тараптар  мен іске қатысушы басқа да  тұлғалар үшін дәлелдемелерді   ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.

Егерде  алдыда қарағанда белгілі болғандай  қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің  жарамдылығы сол дәлелдемелердің  процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына  байланыстылығы қаралады. Азаматтық  іс жүргізу кодексінің 63-бабында: егер осы кодексте көзделген түрінен  алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады, - делінген. Бұл қалып  та 64-баптың мазмұнынан шығатын ерекше болып табылады. Дәлірек айтқанда 64-бапта: "... заңды түрде алынған  нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады" - делінген. Соттағы  дәлелдеу барысында құқықтық маңызы бар белгісіз фактілер кез келген дәлелдемелермен емес керісінше  алдын ала занда көзделген  дәлелдеу құралдарымен жүзеге асырылады. Жарамдық институты азаматтық іс жүргізу құқығында да қылмыстық  іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп  келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист  Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы  дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей  келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден  тұрады деген тұжырымға келген:

1. дәлелдемелер  алуға байланысты процессуалдық  әрекет жүргізуге құқылы субъектінің  болуы;

2. жарамды  фактілік дерек көзі (дәлелдеменің  мазмұнын құраушы);

3. дәлелдеме  алу үшін жасалған әрекеттің  процессуалдық талаптарға сай  болуы (процесуалдық әрекет);

4. дәлелдеме  алу үшін қолданылған процессуалдық  әрекеттің талаптарға сай болуы15.

Көптеген  авторлар дәлелдемелердің жарамдылығы  тек жауаптарға қатысты десе (К.С.Юдельсон, И.М.Резниченко) ал, келесілері бұл барлық дәлелдеу құралдарына байлансты  дейді (АТ.Калрин, Н.Д.Лордкипанидзе). Бұл  мәселе бойынша процессуалдық құқықта  реттелген бір жақты ой жоқ.

Дәлелдемелердің жіктелуі: тікелей және жанама; алғашқы  және туынды; өзіндік және заттық.

Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге  тиесілі бір маңызды белгісі  негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген  белгі теорияда жіктеу негізі деп  аталады.

Дәлелдемелерді  жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір  топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді.

Дәлелдемелерді  жіктеудің негізі болып әртүрлі  белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің  мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық  формасына байланысты, соттық бағалау  нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі  негіздерге байланысты бөлуге болады16.

Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің  мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама17. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.

Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып  екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет  қалдыруымен сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа  дәлелдеме көзінен жазылып алынған  дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп  отырған, дәлелдеменің ортасындағы  тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар.

Дәлелдемелерді  процессуалдық формасының сипаттамасына  немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі18. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады.

Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен  қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады. Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. "Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен  шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық  объектіде бекітілгендігі маңызды  емес", - дейді автор19. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін жатқызады20. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады.

Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір  тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе  тану – іс бойынша тек дәлелдеме  болуы саналады. Танылған дерек –  дәлелдеу оған қатысты іске асқан  дерек болып табылады. Бұл істің  мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген  іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз  жоқ.

Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық  – құқықтық мәні бар деректерді жатқызады21 . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық – құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады.

Процессуалды  мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде  қолданылатындықтан процессуалды мәнге  ие болады. Бұған дейін олар басқа  дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.

Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады.

Істі  шешу үшін қажетті деректерді анықтау, сотқа дәлелдемелерді ұсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу  арқылы дәлелденеді.

Процесс үшін аса маңызды жәй ретінде кімде  дәлелдеу міндеті шығады.

Біздің  процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АІЖК 65-бабына сәйкес22 , әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне,сілтеме жасайтындай белгілі бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз тараптарда дәлелдеу міндеті болатынын және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге міндетті екенін көреміз.

Тараптың  талабымен қарсылығын негіздейтін  дерек болған соң тарап оның анықталуында мүдделі болатындықтан, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі  дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына  шешілмейді. Бірақ та,біздің процессте  сот тараптарға дәлелдеуге ықпал  жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну  қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттың ықпалына сене бермеуі керек, соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан білетіндігін де есепке алу керек. Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықталуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына алып келеді.

Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас  тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықталады.

Дәлелдемелік  жорамалдар – бұл белгілі бір  деректің болуын, егер басқа онымен байланысты деректер дәлелденсе, заңмен анықталған жорамалдау болып табылады.  Бір тарап өзінің талабымен қарсылығын негіздеуде, дәлелдемелік жорамал қол  астына түсетін қандай да бір дерекке  сілтеме жасаса, онда  бұл деректі  дәлелдемейді, себебі ол бар болып  жорамалданады. Екінші тарап, бұл жорамалды  жоққа шығара алады, егер бұл жағдайда жорамалдау дерегі жоқ деп дәлелденсе.

Азаматтық процесстегі барлық дәлелдемелік жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкін. Жорамалды  жоққа шығару, шындыққа сәйкес шешім  шығаруды қамтамасыз етеді. Егер жорамал  істің мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделі тарап одан бас тарта  алады. Дәлелдемелік жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу міндетін бөлуді өзгерте  отырып, сотты істің нақты мән-жайын  анықтау қажеттігінен босатпайды, әсіресе  нақты жағдайда жорамалдау дерегі болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегі нақты болуы  не болмауы туралы шын қорытынды  жасауға дәлелдемелерді анықтай  алмағанда ғана, сот заңда анықталған жорамалдарға шешімін негіздей алады.

Дәлелдемелік  жорамалдың маңызы, олар белгілі бір  деректің болуы туралы жорамалдау жасай  отырып, тараптың бірін дәлелдеу қажеттігінен босатады, ал екінші тарапқа сол  деректі шығару міндетін салады.

Осыған  байланысты екінші тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан  пайдасыз салдардың туындау мүмкіндігі өтеді. Бұдан жорамалдың материалдық-құқықтық әрекеті көрінеді.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз – Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәләрдың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

 Дәлелдемелердің  маңызын, мазмұнын ашып түсіну  үшін белгілі ғалымдардың осы  туралы берген анықтамаларына  тоқталып өтейік.

Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің рас  шындығына немесе өтіріктігіне сендіретіндігінің бәрін айтқызған. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады екен, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп, даулы юридикалық фактінің бар жоқтығы туралы соттың шешіміне себеп болатын заңды негіз»,- деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер бір біріне ұқсас. М.К.Треушниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треушников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп атады» - дейді, басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар дәлелдеме ережелері болады.

Информация о работе Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері