Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Содержание работы

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері.docx

— 80.28 Кб (Скачать файл)

 Сот  тәжірибесінде, фактінің нағыз  өмірде орын алған алмағандығы  дәлелденеді: ірілікті күнделікті  қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен  соттық дәлелдемелердің мәндері  арнаулы  Треушниковтың берген  анықтамасы төмендегідей: «Соттық  дәлелдемелер дегеніміз – қатыстылық  сипаты бар істі дұрыс шешуге  маңызы бар фактілерді тікелей  немесе жанама бекітетін заңда  көзделген процессуалдық сипаттағы  және заң талаптарына сай алынған  және зерттелген мән жайлар»23.

С.В.Курылевтың көзқарасы бойынша дәлелдемелердің  мәні бірге белгілі фактілермен  біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы  және қоғамдағы барлық құбылыстардың  бір-бірімен байланысты, бір-бірімен  шартталған деген материалитсік  диалектикалық заңына сүйеніп берген .2425

Дәлелдемелерді  тек фактілер ретінде процессуалдық  формасынан айырып қарауға болмайды.Өйткені  заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде, тек қана заңда көрсетілгені бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыз былай деген: «Дәлелдеу құралынан бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары  фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды» - деген 26.

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс  ретінде қарайды. Олардың ойы  бойынша сот дәлелдемелері екі  мағынаны береді, және бұл мағыналар  бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, - деректі фактілер, екіншісі,- дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған – жасамағандығын, қылмыстың бар жоқтығын және адамның  негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген  дәлелдемелердің қайнар көздері  » 12.

Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Сотттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте  фактілік дерек пен дәлелдеу құралы өте тығыз байланысты және бір-бірінен  фактілік деректер де, дәлелдеу құралы да, дәлеледеу функциясына айырмада, басқаша айтқанда соттық меншікте заңды  негіз бола алмайды». Бұл оймен көптеген авторлар келіседі, және де автор: «Деректер туралы фактілер»,   «Деректі фактілер» деген ұғымның орнына «Деректі фактілер» «информация»,  «мәлімет» деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Саханова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:

1. Дәлелдеме  ретінде істі дұрыс шешу үшін  қолданылатын, заң талаптарына сәйкес  алынған мәлімет болып табылады;

2.Бұл  мәлімет тараптардың жауабтарынан, куәлардың айғақтарынан, құжаттардан  немесе заттай дәлелдемелерден,  сарапшының қорытындысынан, маманның  түсініктемесінен, және де ЭЕМ-нің  көмегімен, аудио, видео және  компьютерлік техникадан алынуы  мүмкін;

3. Шығу  тегі белгісіз мәлімет дәлелдеме  ретінде қолданыла алмайды1427.

Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негізінде анықтайтын заңды түрде  алынған нақты деректер, іс бойынша  дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты  деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың  қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамаларымен және өзге де құжаттармен  анықталады.

Әр тарап  өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Соттың міндеті, дәлелдемелік материалдың қайсысы  сот дәлелдемелерінің белгілеріне  ие болатынын анықтау. Сот дәлелдемелік материалды олардың арасынан дәлелдемелік күші барын табу үшін, зерттейді  және бағалайды. Сот іс бойынша ұсынылған  мәліметтерді дәлелдемелер деп тану үшін, оларды арнайы процессуалдық  тәртіп бойынша тексеруден өткізеді.

Дәлелдемелердің мынандай белгілері бар:

    1. Заңды тәсілмен алынғандар.
    2. Іске қатысты болуы .
    3. Заңда көзделген тәсілмен анықталған.

Сот дәлелдемелерді іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс  көрсететін, тек қана шын нақты  деректер. Сонымен, дәлелдемелер бұл  кез келген нақты деректер, яғни, объективті шындықтың фактілері  немесе олар туралы мәліметтер. Істі дұрыс  шешу үшін маңызы бар  мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа  да тұлғалардың тараптары мен  қарсылықтарының негізінде, материалдық  және іс жүргізу құқығының қолдануға  тиіс нормаларын ескере отырып, сот  анықтайды. Сот тараптарға сіке қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуге құқылы болып табылады. Тараптар мен басқа да іске қатысушы тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен, әділ, жан-жақты және толық қарауға  негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша  бағалайды, бұл орайда ол заңмен, ар-ұятты  басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген  күші болмайды.  

Сот анықталған деп есептейтін, мән-жайдың дәлелденбеуінің нәтижесінде соттың айғақтарды дұрыс бағаламауы шығады. Осыған байланысты бірінші инстанциялы  соттың айғақтарды бағалау мен қадағалау  инстанциясының айғақтарды бағалауы арасындағы қатынастар туралы мәселені ұғындыру маңызды.

Қадағалау инстанциясының процессуалдық  іс-әрекеттері, бірінші инстанциялы  соттың іс-әрекетінен  мүлде басқа  жағдайда екені белгілі, ол өз кезегінде  процестің аталған сатыларында  дәлелдеулерді бағалау әдістеріне өзіндік белгілі бір таңбасын салады.

Азаматтық іс жүргізуде дәлелдемелерді бағалау әдістері туралы қағидалы көрсеткіш  АІЖК-нің 16-бабында мазмұндалған. Сот  айғақтарды салмақты, жан-жақты және істегі бар айғақтардың жиынтығын  толық қарай отырып және ары мен  заңды басшылыққа ала отырып, ішкі сенімі бойынша бағалайды. Бұл заңның қағидалы анықтамасы, сот-қадағалау  инстанциясы айғақтарының бағасына да қатысты. Соттардың шығарған қаулыларының заңдылығы мен негізділігін соңынан  қарайтын болғандықтан сот-қадағалау  инстанциясының істі мағынасы бойынша  қарайтын соттарға қарағанда функциялары  басқа, басқа процессуалдық жағдайларда  әрекет етеді. Сот-қадағалау инстанциясының айғақтар бағасының ерекшеліктері  және ұйғарымдары бар.

Істегі материалдарды зерттей  және тексере келіп, сот-қадағалау  инстанциясы істі қараған бірінші  инстанциялы соттың және басқа органдардың  дәлелдеу бағаларын анықтай отырып, оларға дербес баға береді. Дәлелдемелерді бағалау, яғни, аталған іске қатысты  істің мағыналық мән-жайларын және шешімінің дұрыстығын айқындау үшін, олардың дәлдігі  мен нақтылығын анықтау.

Заңда бірінші инстанциялы соттың дәлелдемелерді бағалауы мен жоғарыда тұрған соттың бұл бағаны тексеруі және өзінің баға қоюы арасындағы арақатынасты анықтау белгіленген. АІЖК-нің 401-бабының, 2-бөліміне сәйкес, қадағалау соты тәртібімен істі қарайтын сот -қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарылмаған мән жайларды дәлелді деп санауға немесе анықтауға,  басқа айғақтардың нақтылығы  туралы мәселені алдын ала шешуге, бір айғақтың алдына екінші айғақты  артық санап қоюға құқығы жоқ.

Бірінші инстанциялы сот дәлелдемелерді бағалай отырып, ең алдымен, олардың  нақтылығын анықтауы тиіс, яғни айғақтармен  бекітілген заң фактісі объективті шындыққа сәйкес келеді және істегі мән-жағдайларды  көрсетеді. Сот әрбір фактінің мәнін  және топталған фактілерді жекелеп  ашуы тиіс. Осы негізге сүйеніп  тараптар арасындағы даудың мағынасы бойынша тиісті құқықтық қорытынды  шығаруы керек.

Қадағалау инстанциясының соттары  сондай-ақ ішкі сенімдерімен, заң мен  арды басшылыққа ала отырып дәлелдемелерді бағалайды. Бірақ олардың бағаларының  ұйғарымы басқа. Егер, бірінші инстанциялы  сот мағынасы бойынша істі дұрыс  шешу үшін  дәлелдемелерді бағаласа, қадағалау инстанциясының соттары  бағалау негізінде бірінші инстанциялы  соттың шешімінің, іс бойынша шығарылған басқа да қаулыларының заңдылығы  мен негізділігі туралы мәселеге жауап беруі тиіс. Бірақ олар аталған  істі қараушы соттың дәлелдемені  дұрыс бағалады ма, соны тексеруге  міндетті.  Дәлелдемелерді бағалаудағы  мәселелерді анықтай келе, қадағалау  инстанциясы, өз құзіреті бойынша шешімнің заңсыз немесе негізсіз екендігі туралы мәселені шешіп, сотқа бұл мәселелерді  орындауы немесе қателіктерін түзеуі туралы тиісті нұсқау беруге құқылы.

Шешімнің негізсіздігі нәтижесі істің  мән-жайын шешудегі сот қорытындысының сәйкессіздігіне әкеп соғады. Соттың құқықтық қорытындысы шешімнің мәтіндік және қараралық бөлімінде айтылады. Егер соттың құқықтық қорытындысы істің  мән-жайымен сәйкес келмесе, онда олар сот анықтаған құқықтық қатынастардың  іс жүзіндегі құрамына да сәйкес келмейді.

Шешімнің сот анықталып дәлелденген  бөлімінде істің мән-жайы; сот  қабылдамаған дәлелдер немесе басқа  айғақтар; сот басшылыққа алған заңдар (АІЖК-нің 221-бабы, 5-бөлімі) көрсетілуі тиіс. Барлық көрсетілген мәселе бойынша  шешімнің дәлелденуі  оның негізділігінің мүлтіксіз шарты болып табылады.

Дәлеледеу дегеніміз -  сот онда іс жүзіндегі жағдайлардың қалай  анықталғанын,  қандай айғақтарды басшылыққа алғанын және өз қорытындысына қандай мәліметтер негізінде келгенін, сот  шешімінің іс жүзіндегі және заңды  негіздерін көрсетеді. Іс жүзіндегі  құрамға дұрыс талдау жасау сотқа  соның негізінде дауларды шешуі  тиіс материалдық құқық нормасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Бұл норма шешімнің дәлелденген  бөлімінде мазмұндалуы тиіс. Дұрыс  дәлелдеу мағынасы бойынша істі дұрыс  шешу үшін негіз болып табылады, яғни қарарлық бөлімде соттың дұрыс  қорытынды шығаруы үшін қажет. Демек, шешімнің дәлелденуі оның негізділігінің ғана ажырамас атрибуты емес, оның заңдылығының да атрибуты. Істің мән-жағдайына  сәйкес келмейтін дәлелденбеген  немесе дұрыс дәлелденбеген шешім, негізсіз шешім ретінде ғана емес, заңсыз шешім ретінде де күшін  жоюы керек. Істің мән-жайы бойынша  шешімде мазмұндалған сот қорытындысының сәйкессіздігі, сот мәжілісінде  анықталған және тексерілген мән-жайға  қатысты сот тұжырымының дұрыс  еместігі нәтижесесінде туындайды.

Шешімнің негізсіздігіне қатысты  құқық бұзушылықтың жекелеген түрін  талдау, мұның барлығы жиналып  соттың таным процесінде істің іс жүзіндегі құрамын көрсетеді. Бұл  процесс анықтау, тергеу, іс жүзіндегі  құрамда бағалау және одан дұрыс  құқықтық қорытынды жасау сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Көрсетілген  процесс процессуалыдық заңнамада  іс жүзіндегі құрамды, оның мәні мен  тиісті құқықтық қорытындыларын анықтау, жинау, дәлелдемелерді тергеу және бағалау  түріндегі процессуалдық нысандармен  және әдістермен қамтамасыз етіледі.

Істің іс жүзіндегі құрамының аталған  талдау кезеңдері бір-бірімен тығыз  байланысты. Әрбір кезең демек, іс бойынша объективті шындықты анықтау  үшін қажетті баспалдақ, негізді  шешім шығару үшін алғы шарт болып  табылады. Келтірілген ережелер бірінші  инстанциялы сот шығарған шешімнің негізділігін тексеруге қатысты.

Тексерудің негізділігі, қадағалау  инстанциясының қаулысының негізділігі  төмендегідей тұжырымдалады: сот-қдағалау органы бірінші инстанциялы сот  шығарған шешімнің негізділігін, соттың тексеруінің өзінің дұрыстығына  назар аударуы тиіс. Мысалы соттар, негізсіз шешімдерді өзгеріссіз қалдырады, негізділерінің күшін жояды, шешімді  өзгертеді немесе заңда қарастырылған  шарттар болмаса да шешім шығарады және т.б. осының бәрі апелляциялық немесе қадағалау инстанциясы шығарған сот қаулысының негізсіздігін көрсетеді. Сондықтан апелляциялық және қадағалау  инстанциясы шығарған сот қаулылары  негізсіздік дәлелі бойынша күшін  жоюға жатады 1528.

Сот қаулыларының негізділігі мен  заңдылығын тексеру бойынша сот-қадағалау  органдарының іс-әрекетінің тиімділігі тек жинақталған кезде ғана сот-қадағалау  органдарының өкілеттігін қамтамасыз етеді және қаулының күшін жоюға  негіз болады. Сол және басқа өкілеттікті  жүзеге асыра отырып, қадағалау инстанциясы  заңда белгіленген негізбен заң  күшіне енген сот қаулыларын өзгертуге  немесе күшін жоюға қатысады. Қадағалау  инстанциясының өкілеттігі мен қадағалау  тәртібімен қаулының күшін жоюға  негіздеменің арасында тығыз байланыс бар.

Бүгінгі таңда қадағалау  инстанциясы  соттарының өкілеттігін анықтау  саласы мен мамандандырылған соттардың  сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау негізінің арасында  мәселелік ситуациялар қалыптасты. Қазақстан Республикасы Президентінің 16.01.2001 «Алматы және Қарағанды қалаларында  мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың құрылуы туралы» (бұдан  әрі мәтінде – Жарлық) жарлығымен Алматы және Қарағанды қалаларында  қолданымдағы заңға сәйкес экономикалық дауларды қарауға өкілетті, мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттар құрылды. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттың құрылуының негізгі мақсаты  отандық кәсіпкерлердің, шет елдік  инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін толығымен қорғау қабілетіне ұмтылу, бұл өз кезегінде республикадағы инвестициялық климатқа жағымды  әсерін тигізу, бірыңғай сот тәжірибесін  әзірлеуге негіз болып табылады. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың істі сапалы қарауы үшін олардың құрамы шаруашылық дауларды қарауға практикалық тәжірибесі бар  аудандық (қалалық) және облыстық соттардан құрылды. Жарлыққа сәйкес, мамандандырылған соттардың қаулыларына  шағым жасау (наразылық білдіру) жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Бірақ, мамандандырылған соттың қаулысына  шағым жасалған жағдайда мамандандырылған соттардың судьяларымен яғни мамандандырылған соттардың қаулыларын қайта қарайтын арнайы жалпы құзіретті судьялар арасында біліктілікке қатысты даулы құқықтық қатынастар мәселесі туындайды. Құзіреттік қатынас туралы мәселе бір жақты жауапқа тиек болмайды, дегенмен, қалыптасқан ситуацияны шешуге мүмкіндік беретін тәсілдерді төмендегідей бөлуге болады:

Информация о работе Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері