Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:00, курсовая работа

Описание работы

Алдымен дәлелдеу құжаттары деген ұғымға түсініктеме бере кетсек. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.

Файлы: 1 файл

далелдеу кужаттары.docx

— 46.95 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Алдымен дәлелдеу құжаттары  деген ұғымға түсініктеме бере кетсек. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.  
 Сот істің мән-жайларын анықтау бойынша өз белсенділігімен дәлелдемелерді жинақтау міндетінен босатылған. Тек тараптардың өтініштері бойынша қажет материалдарды алуға сұрау салу жолымен көмектесе алады.  
 Сот дәлелдеуі– бұл заңды фактілерді анықтауға бағытталған процесуалдық және ойлау қызметі.  
Сот дәлелдеуі азаматтық іс жүргізудің мынасубьектілерімен жүзеге асрылады:  
- дәлелдемелерді жинайтын, тапсыратын және зерттейтін тараптар мен өзге іске қатысушы тұлғалар.  
-дәлелдемелерді зерттейтін және бағалайтын сот.  
Сот дәлелдеуінің мақсаты болып азаматтық істің мән-жайларын анықтау, яғна дәлелдемелердің көмегімен заңды фактілердің бар болуын немесе жоқ болуын анықтау табылады.  
Сот дәлелдеуі мынандай әрекеттерден тұрады:  
-дәлелдемелерді жинақтау (дәлелдемелерді қамтамасыз ету, сот тапсырмаларын беру, қарауды тұрған жерінде жүргізу, сұрау салу арқылы);  
-дәлелдемелерді сотқа тыбыстау;  
-сот отырысында дәлелдемелерді зерттеу;  
- бәлелдемелерді бағалау;

Бұл нақты деректер тараптардың  және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын  және нәтижелерін көрсететін сот  отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

  Сонымен қатар әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Жалпы азаматтық процестегі дәлелдемелер әр түрлі болуы мүмкін , мысалы құжаттар , айғақтар, заттар және осылар сияқты өзгелерді жатқызамыз.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме  рас деп есептеледі. Оған қоса егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

 

1.1  Азаматтық процестегі дәлелдемелер түсінігі

 

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз  заңмен көзделген тәртiпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негiздейтiн мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.  
      Бұл нақты деректер тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Дәлелдеу негізгі және бірден бір міндеті ол 
әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. [1]

Азаматтық процестегі Дәлелдемелердің  қатыстылығы- дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.  
 Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.  
 Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.  
 Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.  
 Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.  
 Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуге және олар тікелей сотқа жіберілуге тиіс. 
 Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. [1] 
 
 Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.  
 Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.  
 Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. Дәлелдемелердің қатыстылығы  
Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды. 
Дәлелдемелерге жол беру  туралы сөз айта кетсек -Егер осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады.  
 Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс.      

Дәлелдемелердi ұсыну бойынша:      

1. Дәлелдемелердi тараптар  мен iске қатысушы басқа да  тұлғалар бередi.  
      2. Iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды тараптардың және iске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негiзiнде, материалдық және iс жүргiзу құқығының қолданылуға тиiс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.  
      3. Сот тараптарға және iске қатысушы басқа да тұлғаларға iстi дұрыс шешу үшiн қажеттi қосымша дәлелдемелер табыс етудi ұсынуға құқылы.  
      4. Тараптар мен iске қатысушы басқа да тұлғалар үшiн дәлелдемелердi ұсыну қиындық келтiрген жағдайда, сот олардың өтiнiшi бойынша дәлелдемелердi сұратып алдыруға жәрдемдеседi.  
      5. Дәлелдемелердi сұратып алдыру туралы өтiнiшiнде сол дәлелдемелер көрсетiлуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдеменi өз бетiнше алуға кедергi келтiретiн себептер және оның тұрған жерi көрсетiлуге тиiс.[2,134-б.] 
      6. Қажет болған жағдайда сот өтiнiш берген адамға дәлелдеменi алу үшiн сұрату бередi. Соттың талап еткен дәлелдемесi бар тұлға оны тiкелей сотқа жiбередi немесе сотқа табыс ету үшiн тиiстi сұратуы бар адамның қолына бередi. Корпоративтiк даулар бойынша дәлелдемелердi сот қана талап етуге және олар тiкелей сотқа жiберiлуге тиiс.  
      7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгiлеген мерзiмде беруге мүмкiндiгi жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде себебiн көрсетiп, бұл туралы сотқа хабарлауға мiндеттi.  
      8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кiнәлi лауазымды немесе iске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жазаға қолданылады.  
      9. Әкiмшiлiк жаза қолдану талап етiлген дәлелдемесi бар адамды оны сотқа беру мiндетiнен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.  
      10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдеменi өзiнде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәлiметтер осы тараптың мүдделерiне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледi.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

 

2.1 Дәлелдемелердің түрлері және дәлелдеу құралдары

 

Біріншіден,егер дәлелдеме iс үшiн маңызды мән-жайлардың бар екендiгi туралы тұжырымдары растайын, терiске шығаратын не оларға күмән келтiретiн нақты деректер болса, сот дәлелдеменi iске қатысты деп таниды.      

   Екіншіден, егер осы ҚР Азаматтық Кодексте көзделген тәртiппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады.  
        Заң бойынша белгiлi бiр дәлелдемелермен расталуға тиiс iстiң мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиiс емес.           

Сонымен қатар, деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, iске қатысушы тұлғалардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе iстi сотта қарауға дайындау кезiнде немесе сотта қарағанда азаматтық процестiң өзге де ережелерiн бұза отырып, оның iшiнде:  
      1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секiлдi өзге де заңсыз iс-әрекеттердi қолдана отырып;  
      2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған iске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;  
      3) осы азаматтық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзуiне байланысты;  
      4) қарсылық бiлдiруге жататын адамның iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты;  
      5) iс жүргiзу iс-әрекетiнiң тәртiбiн айтарлықтай бұза отырып;  
      6) белгiсiз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;  
       7) дәлелдеу барысында қазiргi ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердiң растығына әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, оларды сот дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиiс. [3,34-б.] 
 Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша сот белгiлейдi.  
 Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күшi жоқ деп танылады және сот шешiмiнiң негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ iс үшiн маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.  
        Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тәртiп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиiстi тәртiп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кiнәлiлiгiнiң дәлелдемесi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.      

 Ал дәлелдемелерді  тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес келетiнi анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледi.

Азаматтық процес өтуі барысында  сот азаматты дәлелдеуден босатуы мүмкін ол босатудың негiздерi келесіндей болады:

Біріншіден, Сот жалпыға белгiлi деп таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi. [4,150-б.] 
Екіншіден, Соттың бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық iстердi талқылау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.  
Үшіншіден, Соттың қылмыстық iс бойынша күшiне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi оған қатысты соттың үкiмi болған тұлға әрекеттерiнiң азаматтық-құқықтық салдары туралы iстi қарайтын сот үшiн мiндеттi. Заңды күшiне енген сот үкiмi мұндай азаматтық iстi қараған сот үшiн, осы iс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да мiндеттi болып табылады.  
Төртінші себебі ол заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактiлер азаматтық iстi талқылау кезiнде дәлелденбейдi. Мұндай ұйғарым жалпы тәртiппен терiске шығарылуы мүмкiн.  
Сонымен қатар егер тиiстi құқықтық ресiмдер шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:  
- осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпшiлiкте жалпы қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;  
- адамның заңды бiлуi;  
- адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;  
-олардың бар екендiгiн растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып есептеледi. [5,234-б.]

 

2.2  Азаматтық процестегі  дәлелдеу құжаттары мен құралдары

 

Iстi қараушы сот iске  қатысушы адамның басқа қалада  немесе ауданда дәлелдемелер  жинау қажеттiгi туралы өтiнiшiн  қанағаттандырған жағдайда тиiстi сотқа белгiлi бiр iс жүргiзу  әрекетiн жасауға тапсырма бередi.  
       Iстi қараушы сот iске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнiнде келiсiмi бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтiнiшiн қанағаттандырған жағдайда осы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес сот тапсырмасын жiбередi.  
 Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын iстiң мәнi, тараптар туралы мәлiметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиiс дәлелдемелер көрсетiледi. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшiн мiндеттi және ол алынған сәттен он күнге дейiнгi мерзiмде орындалуға тиiс. [1]     

 Жоғары айтылғанға қосатынымыз бұл соттың тапсырмасын орындау Азаматтық заңнамада белгiленген ережелер бойынша сот отырысында жүргiзiледi. Iске қатысатын тұлғалар отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы құлақтандырылады, алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергi болып табылмайды.  
Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезiнде жиналған барлық материалдар дереу iстi қарап жатқан сотқа жiберiледi.  
Егер iске қатысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсiнiктеме немесе айғақ берушi куәлер iстi қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртiпте түсiнiктеме мен айғақ бередi. [6,141-б.]

Информация о работе Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары