Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:00, курсовая работа
Алдымен дәлелдеу құжаттары деген ұғымға түсініктеме бере кетсек. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.
Өздерi үшiн қажеттi дәлелдемелердi
ұсыну соңынан мүмкiн болмайды немесе
қиындық келтiредi деп қауiптенуге негiзi
бар iске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелердi
қамтамасыз ету туралы сұрай алады.
Дәлелдемелердi қамтамасыз ету куәлардан
жауап алу, сараптама жүргiзу, оқиға болған
жердi қарап шығу және басқа да әдiстер
арқылы жүргiзiледi.
Тағы бір айтылатын жай ол
дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы
өтiнiш сотқа дәлелдемелердi қамтамасыз
ету жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi жасалуға
тиiстi аумақ бойынша берiледi.
Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы
өтiнiште қамтамасыз етiлуге қажеттi дәлелдемелер,
растау үшiн осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар,
өтiнiш берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш
жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ
қамтамасыз етiлетiн дәлелдемелер қажет
болып отырған iс көрсетiлуге тиiс.
Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы
өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша сот ұйғарым
шығарады. Мұндай өтiнiштi қабылдаудан
бас тарту туралы судьяның ұйғарымына
жекеше шағым берiлуi мүмкiн.
Дәлелдемелердi қамтамасыз
етудi осы Кодексте белгiленген ережелер
бойынша судья жүргiзедi.
Iстiң сотта туындауға дейiн дәлелдемелердi
қамтамасыз етудi заңдармен көзделген
Өтiнiш берушi және iске қатысушы басқа
тұлғалар дәлелдемелердi қамтамасыз ету
уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда
олардың келмеуi дәлелдемелердi қамтамасыз
ету туралы өтiнiштi қарауға кедергi болып
табылмайды. Хаттамалар және дәлелдемелердi
қамтамасыз ету тәртiбiмен жиналған нәрсенiң
бәрi iске қатысушы тұлғаларға хабарлана
отырып, iстi қараушы сотқа берiледi. [7,97-б.]
Дәлелдемелер бойынша ерекше мәән жай бұл дәлелдемелердi бағалау :
- Әрбiр дәлелдеме - қатыстылығы,
жол берiлуi, растығы, ал барлық жиналған
дәлелдемелер жиынтығы азаматтық iстi
шешу үшiн жеткiлiктiгi тұрғысынан бағалануға
тиiс.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодекстiң 16-бабына
сәйкес судья дәлелдемелердi өзiнiң iшкi
сенiмi бойынша бағалайды.
- Дәлелдемелердiң жиынтығы, егер iске қатысты
дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа
шығармаған барлық және әрбiр мән-жайлар
туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол
беретiн және сенiмдi дәлелдемелер жиналса,
азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктi болып
табылады.
Тараптардың және үшiншi
тұлғалардың iс үшiн маңызы бар, өздерiне
белгiлi мән-жайлар туралы түсiнiктемелерi
iс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен
қатар тексеруге және бағалауға жатады.
Көрсетiлген тұлғалардың түсiнiктемелерi
ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Тараптың
талабын немесе қарсылығын негiздейтiн
фактiлердi екiншi тараптың мойындауы ол
тарапты осы фактiлердi одан әрi дәлелдеу
қажеттiгiнен босатады. Тарап мойындаған
фактi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi
және оған фактiнi мойындаған тарап қол
қояды. Егер фактiнi тану жазбаша өтiнiште
баяндалған болса, ол iске қосып тiгiледi.
Егер фактiлердi тану шындығында болған
мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың,
күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың
әсерiнен жасалғандығына соттың күдiгi
болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы
ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы
фактiлер жалпы негiзде дәлелденуге тиiс.
[8,116-б.]
Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар
туралы қандай да болмасын мәлiметтер
өзiне белгiлi болған тұлға куә болып табылады.
Адамның айғағы, егер ол өзiнiң хабардар
болу көзiн көрсете алмаса, дәлелдеме деп
танылмайды.
Куә ретiнде:
1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар
бойынша iстердi қоспағанда өзiнiң жастығына,
дене немесе психикалық кемiстiгiне орай
фактiлердi дұрыс қабылдауға және олар
туралы дұрыс айғақ беруге қабiлетсiз адамдар;
2) өкiлдiң немесе қорғаушының мiндетiн
атқаруына байланысты өздерiне белгiлi
болған мән-жайлар туралы - азаматтық iс
бойынша өкiлдер немесе қылмыстық iс бойынша
қорғаушылар;
3) шешiм немесе үкiм шығару кезiнде мәселелердi
iстiң мән-жайын кеңесу бөлмесiнде талқылау
кезiнде туындаған мәселелер туралы - судья;
3-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн
атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған
мән-жайлар туралы - аралық судья немесе
төрешi;
3-2) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,
медиацияны жүргiзуге байланысты оған
белгiлi болған мән-жайлар туралы – медиатор;
4) оларға тәубаға келу кезiнде сенiм бiлдiрген
адамдардан белгiлi болған мән-жайлар туралы
- дiн қызметшiлерi;
5) заңда көрсетiлген басқа адамдар жауап
алуға жатпайды.
Адам өз-өзiне, зайыбына (жұбайына) және
шеңберi заңмен белгiленетiн жақын туыстарына
қарсы сотта куәлiк айғақ беруден бас тартуға
құқылы.
4. Куәнi шақыру туралы өтiнiш жасаған адам
оның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын
жерiн немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл
куәдан жауап алу қажеттiлiгiн негiздеуге
мiндеттi.
Куә ретiнде шақырылған адам сотқа тағайындалған
уақытта келуге және шынайы айғақ беруге
мiндеттi.
Науқастығының, қарттығының, мүгедектiгiнiң
немесе басқа да дәлелдi себептерiнiң салдарынан
соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы
болмаса, сот куәдан өзi барған жерiнде
жауап алуы мүмкiн.
Көрiнеу жалған айғақ бергенi және заңда
көзделмеген негiздер бойынша айғақ беруден
бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куә
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 352, 353-баптарында
көзделген жауаптылықта болады.
Куәнiң сотқа шақырылуына байланысты шығындарды
өтеттiруге және уақытын жоғалтуына байланысты
ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Шығындар
мен өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi. [9,114-б.]
Iс үшiн маңызы бар
мән-жайлар туралы
1. Жазбаша дәлелдемелердi тараптар
және iске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы,
сондай-ақ олардың өтiнiшi бойынша сот талап
етуi мүмкiн.
2. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды
адамдар баяндаған немесе куәландырған
мәлiметтер азаматтық iс үшiн маңызы болса,
дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға,
соның iшiнде осы Кодекстiң 66-бабында көзделген
тәртiппен алынған, талап етiлген немесе
табыс етiлген компьютерлiк хабарламаны
қамтитын материалдар, фото және кино
түсiрiлiмдер, дыбыс және бейне жазбалар
да жатады.
3. Соттың алдында iске қатысатын немесе
қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер
талап ету туралы өтiнiш жасайтын тұлға
осы дәлелдеменi көрсетуге, оларды өз бетiнше
алуға кедергi болатын себептердi, өзi дәлелдемелердi
сол тұлғаларда деп санайтын негiздерiн
көрсетуге тиiс.
4. Соттың азаматтардан немесе заңды
тұлғалардан талап ететiн жазбаша дәлелдемелерi
тiкелей сотқа жiберiледi.
5. Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы
өтiнiш берген тұлғаға соңынан сотқа табыс
ету үшiн алу құқығын беретiн сұрату бере
алады. [9,116-б.]
Талап етiлген жазбаша дәлелдемелердi
табыс ету немесе оны сот белгiлеген мерзiмде
табыс ету мүмкiндiгi жоқ тұлғалар бұл туралы
себептерiн көрсете отырып, сотқа хабарлауға
мiндеттi.
Сот хабардар етiлмеген жағдайда, сондай-ақ
соттың жазбаша дәлелдемелерiн табыс ету
талабы сот дәлелсiз деп таныған себептер
бойынша орындалмаса, iске қатысушы тұлғалар
- он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде,
ал соттың қайталама және одан кейiнгi
талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
төлейдi. Айыппұл салу өзiнде жазбаша дәлелдеменi
ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен
затты беру мiндетiнен босатпайды.
Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа
қалпында берiледi. Егер құжаттың көшiрмесi
берiлсе, сот, қажет болған жағдайда, түпнұсқаның
берiлуiн талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тек электрондық құжатты ғана пайдалануға
жол берiлмейтiн жағдайларды қоспағанда,
электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған
электрондық құжаттар түпнұсқадағы жазбаша
құжаттармен бiрдей болады.
Жазбаша дәлелдемелердi сотқа беру қиын
болған ретте сот тиiсiнше куәландырылған
көшiрмелердi және үзiндiлердi берудi талап
ете алады немесе жазбаша дәлелдемелердi
олар сақталып қойылған жерде қарай алады
және зерттей алады.
Азаматтық процестегі дәлелдемелерге байланысты Қазазстан Республикасының Азаматтық Кодекстегі 85-бабында қадағалуымызға болады ол түпнұсқа жазбаша дәлелдемелердi қайтару :
1. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер,
сондай-ақ iстегi жеке хаттар оларды
табыс еткен тұлғалардың
2. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешiмi
заңды күшiне енгенге дейiн, егер сот мүмкiн
деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға
қайтарылуы мүмкiн.
Заттай дәлелдемелер :
Егер заттар өзiнiң
сыртқы түрiмен, қасиеттерiмен
немесе өзге де белгiлерiмен
iс үшiн маңызы бар мән-жайды
анықтау құралы бола алады
деп ұйғаруға негiз болса,
Заттай дәлелдемелер iсте сақталады немесе
айрықша тiзiлiм бойынша соттың заттай
дәлелдемелер сақтау камерасына өткiзiледi.
Сот заттай дәлелдемелердi өзгерiссiз қалпында
сақтауға шара қабылдайды.
Сотқа әкелу мүмкiн емес заттар тұрған
жерiнде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада
егжей-тегжейлi сипаттауға, ал қажет болған
жағдайда суретке түсiруге және мөрмен
бекiтiлуге тиiс. Заттай дәлелдемелердi
қарау хаттамасы iске қосып тiгiледi.
Заттай дәлелдемелердi сақтау жөнiндегi
шығындар осы Кодекстiң 110-бабына сәйкес
тараптар арасында бөлiнуi мүмкiн.
Тез бүлiнетiн заттай дәлелдемелердi
сот дереу қарап шығады және зерттейдi,
одан кейiн оларды қарап шығуға әкелген
адамға қайтарады.
Мұндай заттай дәлелдемелердi қарап, зерттеу
орны мен уақыты туралы iске қатысушы адамдар,
егер олар заттай дәлелдемелердi тұрған
жерiнде қарау кезiнде келе алса, хабарланады.
Хабарланған iске қатысушы адамдардың
келмеуi заттай дәлелдемелердi қарап, зерттеуге
кедергi келтiрмейдi. Қарап шығу және зерттеу
деректерi хаттамаға енгiзiледi.
Тез бүлiнетiн заттай дәлелдемелердi қарап
шығу, оның нәтижелерiн жазу осы Кодекстiң
87-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде
көзделген тәртiппен жүргiзiледi. [10,87-б.]
2.3 Азаматтық процестегі
заттай дәлелдемелер және
ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодекстiң
88-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделгендерден
басқа, заттай дәлелдемелер соттың шешiмi
заңды күшiне енгеннен кейiн олар алынған
адамдарға қайтарылады немесе сот бұл
заттарға құқығын таныған адамдарға берiледi
немесе сот белгiлеген тәртiппен өткiзiледi.
Заң бойынша азаматтардың иелiгiнде бола
алмайтын заттар тиiстi ұйымдарға берiледi.
Заттай дәлелдемелер оларды сот қарап
шығып зерттегеннен кейiн, егер олар алынған
тұлғалар өтiнiш жасаса және мұндай өтiнiштi
қанағаттандыру iстi дұрыс шешу үшiн кедергi
келтiрмесе, iс жүргiзу аяқталғанға дейiн
оларға қайтарылуы мүмкiн.
Заттай дәлелдемелерге билiк ету мәселелерi
бойынша сот ұйғарым шығарады.
Iс бойынша дәлелдеу процесiнде
ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар,
сондай-ақ сарапшы және маман өздерi осы
Кодексте көзделген iс жүргiзу мiндеттерiн
атқаруы кезiнде пайдалана алады.
Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану
кезiнде жәрдем көрсету үшiн сот маман
шақыруы мүмкiн.
Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға,
егер олар:
- заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары
мен принциптерiне қайшы келмесе;
- ғылымилығы жарамды болса;
- iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз
ететiн болса;
- қауiпсiз болса, жол беруге болады деп
танылады.
Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын
қолданудың нәтижесi, мұндай қолдануға
заңмен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда,
дәлелдеме ретiнде пайдаланылмайды.
Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану
тарап ұсынған анықтамамен белгiленедi
немесе ғылыми-техникалық құралдардың
деректерi, оларды пайдаланудың шарттары
мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған
объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi
көрсетiле отырып, сот жүргiзген тиiстi
iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасында не сот
отырысының хаттамасында көрсетiледi.
[11,94-б.]
Ғылыми-техникалық құралдардың көмегiмен
алынған құжаттар мен басқа да материалдарды
зерттеу, сақтау және оларға билiк ету
осы Кодекстiң 87 және 89-баптарында көзделген
тәртiппен жүзеге асырылады
Сараптама сарапшы арнаулы
ғылыми бiлiм негiзiнде жүргiзетiн оның объектiлерiн
зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар
мән-жайлар анықталуы мүмкiн жағдайда
тағайындалады. Азаматтық сот iсiн жүргiзуге
қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң
болуы сотты тиiстi жағдайларда сараптама
тағайындау қажеттiгiнен босатпайды.
Iсте ревизия, тексеру актiлерiнiң, ведомстволық
инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ
мамандардың жазбаша консультацияларының,
бағалаушылар есептерiнiң болуы сарапшының
қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер
бойынша сот сараптамасын тағайындау
мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Сот сараптаманы тараптың өтiнiшi бойынша
және өз бастамасы бойынша тағайындайды.
Сарапшы ретiнде арнайы ғылыми бiлiмi бар
iске мүдделi емес адам шақырылуы мүмкiн.
Сот сараптамасын жүргiзу:
- сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
- лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн
жүзеге асыратын адамдарға;
- заң талаптарына сәйкес бiр жолғы тәртiппен
өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн. [12,79-б.]
- Iске қатысушы тұлғалар соттан сараптама
iсiн жүргiзудi арнайы қажеттi ғылыми бiлiмi
бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай
алады.
- Сараптама жүргiзу iске қатысушылар ұсынған
тұлғалардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.
Соттың сараптама жүргiзу тапсырылған
адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс
iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
- Iске қатысушы әрбiр адам сарапшының алдына
қойылуы тиiс мәселелердi сотқа қоюға құқылы.
Сарапшы қорытынды беруге тиiс мәселелердiң
түпкiлiктi шеңберiн сот айқындайды.Ұсынылған
мәселелердi қабылдамауды сот дәлелдеуге
мiндеттi. Соттың сараптама тағайындау
туралы ұйғарымына шағым жасалуы және
наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
- Егер тарап сараптама жүргiзуге қатысудан
жалтарса немесе оны өткiзуге кедергi келтiрсе
(сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу
үшiн қажеттi материалдар бермесе, сотқа
беруге мүмкiндiк болмайтын немесе қиындық
келтiретiн өзiне тиiстi объектiлердi зерттеуге
мүмкiндiк бермесе), ал iстiң мән-жайлары
бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз
сараптама жүргiзу мүмкiн болмаса, сот
қай тараптың сараптамадан жалтарғанына,
сондай-ақ ол үшiн оның қаншалықты маңызы
барлығына қарай анықтау үшiн сараптама
тағайындалған фактiнi анықталған немесе
жоққа шығарылған деп тануға құқылы.
- Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым
шығарады.
- Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда:
соттың атауы, сараптаманы тағайындау
уақыты, орны; қаралатын iс бойынша тараптардың
атауы; сараптаманың түрi; сараптама тағайындау
үшiн негiздер; сараптамаға жiберiлетiн
объектiлер және олардың шығу тегi туралы
ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген объектiлердi
зерттеу барысында толық немесе iшiнара
жою; олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi
қасиеттерiн өзгерту мүмкiндiгiне рұқсат;
сот сараптамасы органының атауы және
(немесе) сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған
адамның тегi көрсетiледi. Соттың сараптама
тағайындау туралы ұйғарымы ол жiберiлген
және өз құзыретiне кiретiн органдардың
немесе адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Судья, егер үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн
маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде тiрi
адамның, мәйiттiң, жануардың, заттың, нәрсенiң
қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлердi алуға
құқылы.
Үлгiлерге материалдардың, заттардың,
шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары
да жатады.
Үлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым шығарылады,
онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынуы
тиiс адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және
қандай санда алынуы тиiс екенi; адам үлгiлердi
алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi;
үлгiлер алынғаннан кейiн олардың қашан
және кiмге табыс етiлуi тиiс екенi көрсетiлуi
қажет.
Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет
болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын
жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен
байланысты болмаса және ерекше кәсiби
дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе
басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн.
Өзге жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы
бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы
мүмкiн.
Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда,
дәрiгерде немесе басқа маманда болады
және сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi
болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы
жүргiзуi мүмкiн,
олар тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан
алынуы мүмкiн.
Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат
ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен
таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне
қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiредi.
Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен
қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi
алады, оларды орайды және мөр басады.
Yлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргiзу әрекеттерiнiң
(сот отырысының) хаттамасында тiркеледi,
онда жүргiзiлу ретiн сақтай отырып, үлгiлердi
алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте
қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа
да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң
өздерi жазылады.
Судья өзiнен
үлгiлер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ
тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге
немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда
осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың
құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуi тиiс.
[13,294-б.]
Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы
бойынша қажеттi әрекеттердi жүргiзедi
және үлгiлердi алады. Yлгiлер оралады және
мөр басылады, одан кейiн дәрiгер немесе
басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге
судьяға жiберiледi.
Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер
дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда
хабарлайды.
Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде
қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада
көрсетедi.
Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi
оралған және мөр басылған түрде өзiнiң
қорытындысына қоса тiркейдi.
Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша
маман немесе сарапшы алған болса, онда
ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу әрекетiне
барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына
қоса тiркеу үшiн судьяға берiледi.
Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған
түрде хаттамаға қоса тiркеледi.
Үлгiлердi алу
әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары
адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз
болуы тиiс. Қатты ауыру сезiнуiн тудыратын
күрделi медициналық рәсiмдердi немесе
әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi
адам жазбаша келiсiм бергенде ғана, ал
егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық
аурумен ауыратын болса, бұған қоса оның
заңды өкiлдерiнiң де келiсiмiмен жол берiледi.
Сараптама жүргiзудi сарапшы жеке не сарапшылар
комиссиясы жүзеге асырады. Комиссиялық
сараптама күрделi сараптамалық зерттеулер
жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады
және оны бiр мамандықтағы кемiнде екi сарапшы
жүргiзедi.
Комиссиялық сот сараптамасы жүргiзiлген
кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық
зерттеудi толық көлемiнде тәуелсiз және
дербес жүргiзедi. Сараптамалық комиссияның
мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп
талдайды және ортақ пiкiрге келе отырып,
қорытындыға қол қояды не қорытынды берудiң
мүмкiн еместiгi туралы хабарламаға қол
қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк
болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе
сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды
бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң
қорытындысымен сәйкес келмейтiн сарапшы
пiкiрiн қорытындыда жеке тұжырымдайды.
Соттың комиссиялық сараптама жүргiзу
туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының
басшысы үшiн мiндеттi болып табылады. Сот
сараптамасы органының басшысы табыс
етiлген материалдар бойынша комиссиялық
сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм
қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға
құқылы. [14,97-б.]