Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:04, реферат
Медиация деген ссөздің мағнасын мен екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндірер едім. Елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде.
14-бап. Медиаторлар
ұйымдарының кәсіпқой медиаторлар
тізілімін
жүргізуі
1. Әрбір медиаторлар ұйымы
Қазақстан Республикасының аумағында
медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой
медиаторларының өзінің тізілімін жүргізеді.
2. Медиаторлар кәсіпқой медиаторлар тізіліміне
қосылу үшін медиаторлар ұйымына жеке
куәлігінің көшірмесін (салыстырып тексеру
үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған
жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін);
үміткерге тұрғылықты жері бойынша наркологиялық
көмек көрсететін медициналық ұйымдардан
және психоневрологиялық ұйымнан берілген
медициналық анықтамаларды; соттылығының
жоқтығы туралы анықтаманы, жоғары білімі
туралы дипломының және медиация бойынша
арнайы даярлықтан өткендігін растайтын
құжаттың (сертификаттың) көшірмелерін
ұсынуы қажет.
3. Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды
қамтиды:
1) медиатордың тегі, аты және әкесінің
аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордың заңдық мекен-жайы;
3) медиатордың байланыс деректері (пошта
мекен-жайы немесе электрондық поштаның
мекен-жайы не телефон немесе телефакс
нөмірі);
4) медиатордың маманданып жүрген медиация
саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра
алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиаторларды даярлау бағдарламасы
бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаттың
(сертификаттың) бар екендігі туралы мәліметтер;
7) медиатордың қызметін тоқтата тұру
туралы мәліметтер.
4. Медиаторлар ұйымы медиаторларды осы
Заңның осы бабының 3-тармағының және 9-бабының
талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті
өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде
хабарлау тәртібімен кәсіпқой медиаторлар
тізіліміне қосады.
Медиаторды кәсіпқой медиаторлар тізіліміне
қоспаған жағдайда медиаторлар ұйымы
тиісті өтінішті алған күннен бастап он
күн ішінде бас тарту себептері туралы
жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі
мерзімде медиатор тізілімде болу мерзімін
кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы
өтініш бермесе, медиаторлар күнтізбелік
жыл аяқталған соң кәсіпқой медиаторлар
тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу
мерзімін ұзарту туралы өтінішті электрондық
түрде медиаторлар ұйымының электрондық
мекен-жайына ұсынуға болады.
6. Кәсіпқой медиаторлар тізілімі медиаторлар
ұйымының интернет-ресурсында қазақ және
орыс тілдерінде орналастырылуға және
оған медиаторларды енгізу шамасына қарай
жаңартылуға тиіс. Медиаторлар ұйымдары
мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіпқой
медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы.
7. Медиатор осы Заңның талаптарын бұзған
жағдайда медиация рәсіміне қатысушы
тараптар тиісті өтінішпен медиаторлар
ұйымына жүгінуге құқылы. Бұзушылық расталған
кезде медиаторлар ұйымы бұл туралы кәсіпқой
медиаторлар тізілімінде көрсете отырып,
медиатордың қызметін алты ай мерзімге
тоқтата тұрады.
8. Медиаторлар ұйымының медиаторды кәсіпқой
медиаторлар тізіміне енгізуден бас тарту,
одан шығару, оның қызметін тоқтата тұру
туралы шешіміне сотқа шағымдануына болады.
15-бап. Жергілікті
қоғамдастық мүшелерінің медиацияны
жүргізуі
1. Өз қызметін кәсіби емес
негізде жүзеге асыратын медиаторлармен
қатар медиацияны жергілікті қоғамдастықтың
жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын
жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі
мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері
жүргізе алады.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой
емес медиаторлар ретінде сайлау туралы
жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының)
хаттамасы он жұмыс күні ішінде осы Заңның
16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттармен,
сондай-ақ 16-бабының 3-тармағына сәйкес
мәліметтермен қоса кәсіпқой емес медиаторлар
тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға
жіберіледі.
16-бап. Қаладағы
аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,
ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкімінің
кәсіпқой
емес медиаторлар тізілімін жүргізуі
1. Қаладағы аудан, аудандық
маңызы бар қала, кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкімі
(бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан
Республикасының аумағында кәсіби емес
негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой
емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
2. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге
асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар
тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға
жеке куәліктерінің көшірмелерін (салыстырып
тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын
ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған
көшірмесін); үміткердің тұрғылықты жері
бойынша наркологиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымнан және психоневрологиялық
ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды;
соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы
қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.
3. Кәсіпқой емес медиаторлар тізілімі
мыналарды қамтиды:
1) медиатордың тегі, аты және әкесінің
аты (ол бар болған кезде);
2) медиатордың заңдық мекен-жайы;
3) медиатордың байланыс деректері (пошталық
мекен-жайы немесе электрондық поштаның
мекен-жайы не телефон немесе телефакс
нөмірі);
4) медиатордың маманданып жүрген медиация
саласы туралы мәліметтер;
5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра
алатын тілі туралы мәліметтер;
6) медиатордың қызметін тоқтата тұру
туралы мәліметтер.
4. Уәкілетті орган медиаторларды осы
Заңның осы бабының 2-тармағының және 9-бабының
талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті
өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде
хабарлау тәртібімен кәсіпқой емес медиаторлар
тізіліміне қосады.
Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар
тізіліміне қоспаған жағдайда уәкілетті
орган тиісті өтінішті алған күннен бастап
он күн ішінде бас тарту себептері туралы
жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі
мерзімде тізілімде болу мерзімін кезекті
күнтізбелік жылға ұзарту туралы медиаторлардың
өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік
жыл аяқталған соң кәсіпқой емес медиаторлар
тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу
мерзімін ұзарту туралы өтінішті электрондық
түрде уәкілетті органның электрондық
мекен-жайына ұсынуға болады.
6. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі
уәкілетті органның интернет-ресурсында
не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде
қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға
және оған медиаторлардың енгізілуіне
қарай жаңартылып отыруға тиіс.
Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында
кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін
жариялауға құқылы.
3-тарау. МЕДИАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУ
17-бап. Медиацияны жүргізу тәртібі
1. Медиация осы Заңның
талаптарына қайшы келмейтін
тараптар келіскен тәртіп бойынша
жүргізіледі.
2. Медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны
жүргізу тәртібі (регламенті) тараптардың
келісімімен қолданылуы мүмкін.
18-бап. Медиацияны жүргізу орны және уақыты
1. Тараптар өздерінің
қалауы бойынша медиацияны
2. Медиатор медиацияны жүргізу күні мен
уақытын тараптардың келісімімен айқындайды.
19-бап. Медиацияны жүргізу тілі
Тараптар медиацияны
жүргізу барысында
20-бап. Медиацияны жүргізу шарттары
1. Медиацияны жүргізу
тараптардың өзара келісімі бойынша
және олардың арасында медиация туралы
шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын
азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге
де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды
реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге
дейін де, сот талқылауы басталғаннан
кейін де қолданылуы мүмкін.
3. Судьялардың және қылмыстық қудалауды
жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының
тараптарды қандай да болмасын нысанда
медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
4. Тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты
басқа тараптың өтініші бойынша, сот немесе
қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін.
5. Медиацияны жүргізу медиация тараптары
медиация туралы шарт жасасқан күннен
басталады.
6. Егер тараптардың бірі медиацияға жүгіну
туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе
және оны жіберген күннен бастап он күн
ішінде немесе ұсыныста көрсетілген өзге
де орынды мерзімде медиация рәсімін қолдануға
басқа тараптың келісімін алмаса, мұндай
ұсыныс қабылданбаған болып есептеледі.
7. Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара
келісім бойынша бір немесе бірнеше медиаторды
таңдайды.
8. Медиаторлар ұйымы, егер тараптар аталған
ұйымға тиісті өтініш жіберсе, медиатордың
(медиаторлардың) кандидатурасын ұсына
алады.
9. Медиацияны өткізу мерзімдері осы Заңның
23-бабы 1-тармағының және 24-бабы 4-тармағының
талаптарын ескере отырып, медиация туралы
шартпен айқындалады.
Егер медиация азаматтық не қылмыстық
процесс шеңберінен тыс жүзеге асырылатын
болса, медиатор мен тараптар аталған
рәсім күнтізбелік алпыс күннен аспайтын
мерзімде тоқтатылуы үшін барлық ықтимал
шараларды қабылдауға тиіс. Айрықша жағдайларда
шешілетін даудың (дау-шардың) күрделілігіне,
қосымша ақпаратты немесе құжаттарды
алудың қажеттілігіне байланысты медиацияны
жүргізу мерзімі медиация тараптарының
уағдаласуы бойынша және медиатор келіскен
кезде ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік
отыз күннен аспайды.
21-бап. Медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұны
1. Тараптар дауды (дау-шарды)
медиация арқылы шешу туралы
өзара келіскен жағдайда
2. Медиация туралы шарттың маңызды талаптары:
1) медиация туралы шарттың жасалған күні,
уақыты және орны;
2) дау (дау-шар) тараптарының атаулары,
өкілеттіктері көрсетілген олардың өкілдерінің
тегі және аты-жөні, лауазымдары;
3) даудың (дау-шардың) нысанасы;
4) медиация тараптары таңдаған медиатор
(медиаторлар) туралы мәліметтер;
5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың,
ал медиацияны кәсіби негізде жүзеге асырған
жағдайда – медиацияны жүргізгені үшін
медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің
шарттары, тәртібі және мөлшері;
6) медиацияны жүргізу тілі;
7) медиацияны жүргізудің құпиялылығы
туралы тараптардың міндеттемесі және
мұндай міндеттемені орындамаудың салдары;
8) медиация тараптарының дауды (дау-шарды)
реттеуге қатысатын медиатордың медиация
тараптары үшін шығын (залал) келтірген
әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілігінің
негіздері мен көлемі;
9) тараптардың деректемелері (жеке басын
куәландыратын деректер, тұрғылықты жері,
байланыс телефондары);
10) медиацияны жүргізу мерзімі;
11) медиацияны жүргізу тәртібі болып табылады.
3. Тараптардың келісімі бойынша медиаторларға
қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
4. Тараптар медиация тараптарының медиаторға
медиация жүргізгені үшін сыйақы төлеу
шарттары, тәртібі және мөлшері медиаторлар
ұйымы бекіткен тәртіппен (регламент)
белгіленетіні туралы уағдаласа алады.
22-бап. Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар
1. Медиацияны жүргізуге
байланысты шығыстар мыналарды
қамтиды:
1) медиаторға сыйақы төлеу;
2) медиацияны жүргізуге байланысты медиатор
шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын
жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде
тұруға және тамақтануға арналған шығыстар.
2. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы
да, тегін негізде де жүзеге асырады.
3. Кәсіпқой медиатор (медиаторлар) сыйақысының
мөлшері медиация басталғанға дейін медиатормен
(медиаторлармен) тараптардың келісімі
бойынша айқындалады.
4. Егер тараптардың келісімімен өзгеше
белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты
шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен
төлейді.
5. Егер медиатор өзінің бейтараптығына
кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты
медиацияны жүргізуден бас тартса, ол
тараптардың өзіне төлеген ақшалай сомасын
қайтаруға міндетті.
6. Кәсіпқой емес медиаторларға осы баптың
1-тармағының 2) тармақшасында аталған
медиацияны жүргізуге байланысты өздері
шеккен шығыстар өтеледі.
23-бап. Медиацияның
жеке және (немесе) заңды тұлғалар
қатысатын
азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге
де құқық
қатынастары саласындағы ерекшеліктері
1. Медиация жеке және
(немесе) заңды тұлғалар қатысатын
азаматтық, еңбек, отбасылық
2. Медиация соттың қарауында жатқан жеке
және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын
азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге
де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды
реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған
күннен бастап күнтізбелік отыз күннен
кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған
жағдайда тараптардың бірлескен жазбаша
хабарламасы бойынша медиацияны жүргізу
мерзімін сот күнтізбелік отыз күнге дейін
ұзартуы мүмкін, бірақ жиынтығында ол
күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
3. Соттың қарауында жатқан жеке және (немесе)
заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек,
отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан
туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация
туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
тұруға негіз болып табылады.
4. Азаматтық процесс шеңберінде жүргізілген
медиация тоқтатылған жағдайда тараптар
іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан сотқа
тез арада:
1) дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған
жағдайда – аталған келісімді;
2) өзге жағдайларда – осы Заңның 26-бабында
көзделген негіздерді көрсете отырып,
медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны
жіберуге міндетті.
24-бап. Қылмыстық
сот ісі барысында жүргізілетін
медиацияның
ерекшеліктері
1. Тараптардың медиация
туралы шарт жасасуы қылмыстық
іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
тұрмайды.
2. Медиацияға қатысу фактісі медиация
тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге
қатысушының кінәні мойындауының дәлелі
бола алмайды.
3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың
бірі кәмелетке толмаған болып табылса,
педагогтің немесе психологтің қатысуы
міндетті.
4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы
медиация қылмыстық процессуалдық заңында
белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс
жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға
тиіс.
5. Дау-шарды реттеу туралы келісімге қол
қоюдан бас тарту медиация тарапы болып
табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының
жағдайын нашарлата алмайды.
6. Қылмыстық процесс шеңберінде жүргізілген
медиация тоқтатылған жағдайда тараптар
іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық
процесті жүргізетін органға дереу:
1) дау-шарды реттеу туралы келісімге қол
қойылған жағдайда – аталған келісімді;
2) өзге жағдайларда – осы Заңның 26-бабында
көзделген негіздерді көрсете отырып,
медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны
жіберуге міндетті.