Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:04, реферат
Медиация деген ссөздің мағнасын мен екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндірер едім. Елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде.
25-бап. Медиацияның
отбасылық қатынастар саласындағы
ерекшеліктері
1. Некені жалғастыруға, ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруға,
2. Медиацияны жүргізген кезде медиатор
баланың заңды құқықтарын ескеруге тиіс.
3. Егер медиация барысында баланың қалыпты
өсуіне және дамуына қауіп төндіретін
немесе төндіруі мүмкін немесе оның заңды
мүдделеріне елеулі залал келтіретін
фактілер белгілі болса, медиатор баланың
құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті
жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.
26-бап. Медиацияны тоқтату
Медиация:
1) тараптар дауды (дау-шарды) реттеу туралы
келісімге қол қойған жағдайда – мұндай
келісімге қол қойылған күннен бастап;
2) медиатор дауды (дау-шарды) медиация
арқылы шешу мүмкіндігін болдырмайтын
мән-жайларды анықтаған жағдайда;
3) тараптар дауды (дау-шарды) медиация
арқылы шешудің мүмкін еместігіне байланысты
медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда
– тараптар жазбаша бас тартуға қол қойған
күннен бастап;
4) тараптардың біреуі медиацияны жалғастырудан
жазбаша бас тартқан жағдайда – медиатор
жазбаша бас тартуды жіберген күннен бастап;
5) медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған
жағдайда – осы Заңның 23 және 24-баптарының
ережелерін ескере отырып, ол аяқталған
күннен бастап тоқтатылады.
27-бап. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім
1. Медиацияны жүргізу
кезінде медиация тараптары
2. Келісімде медиация тараптары, даудың
(дау-шардың) нысанасы, медиатор (медиаторлар)
туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен
келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері
мен мерзімдері және оларды орындамаудың
немесе тиісінше орындамаудың салдары
қамтылуға тиіс.
3. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді
медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде
көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға
тиіс.
4. Азаматтық істі сотта қарағанға дейін
жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы
келісім тараптардың азаматтық құқықтары
мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені
білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған
немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда,
келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген
тәртіппен жауаптылықта болады.
5. Азаматтық процесс барысында медиацияны
жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген
дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім
дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан
судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы
келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық
іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен
бекітеді.
Бұл ретте төленген мемлекеттік баж Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге
қайтарылуға тиіс.
6. Қылмыстық процесс барысында медиацияны
жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген
дау-шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге
келтірілген залалдың орнын толтыру және
қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен
татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы
келісімді білдіреді.
7. Аталған келісім дереу іс жүргізуінде
қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті
жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде
көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды
болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға
мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады.
8. Дау-шарды реттеу туралы келісім оған
тараптар қол қойған күні күшіне енеді.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Президенті