ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім д

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 07:21, доклад

Описание работы

Сот өндірісіндегі істерді әділ, жедел мерзімде қарау үшін сот сатыларындағы істерді реттейтін процессуалдық заңнаманы жетілдіру мақсатында жылда өзгерістер мен толықтырулар қабылдануда.

Файлы: 1 файл

ЭССЕ ГПК.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)


«ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 17.02.2012 жылғы Заңымен ҚР-ның азаматтық іс жүргізу Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мен қалай түсінемін?

 

Сот өндірісіндегі істерді  әділ, жедел мерзімде қарау үшін сот сатыларындағы істерді реттейтін  процессуалдық заңнаманы жетілдіру мақсатында жылда өзгерістер мен толықтырулар қабылдануда.

Еліміздің сот жүйесін  дамыту әрдайым ілгері қозғалуда. Атап айтқанда, соттардың тәуелсіздігін  әрі нығайту жолында сот шешімдерінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілуде. Азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігі және адвокаттардың сот процесіндегі ролін күшейту әрі судьялардың жауапкершілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа қоғамдық қатынастарды орнықтыру, олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзетулер енгізу, сапалы заңдарды қабылдау, жоғары деңгейдегі құқық қолдану тұрақты қалыптасқан ел құқықтық дамыған ел деп білемін.

Әрине Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылында  ауыз толтырып айтатындай сапалы заңдар қабылдап келеді.

Алайда, кейбір қабылданып жатқан немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан заңдардың сапасыз немесе қарама-қайшылықтар тудыратын жағдайлары да орын алуда.    

«ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім  деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 17.02.2012 жылғы Заңымен (әрі қарай - Заң) азаматтық іс жүргізу Кодексіне (әрі қарай - Кодекс) 38-мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті.

Заңның 1-тармағының 2-абзацына және 8-тармағына сәйкес 134-бап жаңа редакцияда жазылған: «134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру.

Іске қатысатын адамдар мен  олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі.».

Бұл бапқа енгізілген өзгеріс XXI-ғасырдың талабына толық сәйкес деп есептеймін. Себебі, қазіргі уақытта елімізде ұялы байланысты және электрондық мекен-жайды жан-жақты пайдалану дағдыға айналып жатыр және де тараптарға хабарламалар тез барып, сот процесстері уақытылы жүргізілуіне септігі тиеді. Сонымен қатар, менімше «мекенжайды» деген сөз қос сөз болып табылғандықтан дефис арқылы мекен-жайды деп жазылуы керек деп ойлаймын.

 Заңның 1-тармағының 4-абзацына және 13-тармағына сәйкес 216-бап жаңа редакцияда жазылған: «216-бап. Шешiмді жария ету.

1. Соттың шешімі қабылданғаннан  және оған қол қойылғаннан  кейін, судья сот отырысы залында  сот шешімінің қарар бөлігін  жария етеді және шешімге шағым  жасаудың тәртібі мен мерзімдерін  түсіндіреді.

2. Шешім шығарылған кезде судья  іске қатысушы адамдарға және  өкілдерге оның көшірмесін қашан алуға болатынын жариялауға міндетті.

3. Осы баптың бірінші және  екінші бөліктерінде көзделген  әрекеттер жасалғаннан кейін  төрағалық етуші сот отырысын  жабық деп жариялайды.».

Жалпы бұл баптағы әрекеттер жаңа редакцияда нақтыланған және ескі редакциядағы іске қатысушы адамдарға, өкілдерге шешіммен қашан танысуға болатындығын жариялауын алып тастағаны дұрыс болған. Себебі, іске қатысушылардың шешімнің көшірмесін алған кезде онымен танысатыны белгілі.

Заңның 1-тармағының 5-абзацына және 14-тармағына сәйкес, 220-бап алынып тасталған. Менімше бұл баптың тақырыбын алып тастамай, керісінше баптың мазмұнын сырттай шешім жөнінде мәтіндермен толықтырып жазу керек еді. Себебі, шешімнің шешім, сырттай шешім, қысқартылған шешім деген түрлер бар. Сондықтан, оның түрлерін атап, оның құрылымын көрсетіп қойған артық болмас еді.

Заңның 1-тармағының 7-абзацына және 15 тармағына сәйкес, «229-бап. Шешім жасау.

Іс талқыланғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалына тіркелуге тиіс.».

Ескі редакцияда бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылу мүмкіншілігі тек айрықша күрделі істер бойынша ғана еді. Ескі редакция дұрыс еді. Себебі, бұл өзгерістен кейін шешімдер уақытылы жасалмай еліміздегі судъялардың барлығы болмаса да жартысынан көбі дәлелді шешімді желеу етіп бес күнге кейінге қалдыратын болды. Сонымен қатар, бұл баптың тақырыбын өзгертпей «дәлелді шешім жасау» деп қалдыра беру керек еді деп ойлаймын. Себебі, бұл баппен танысқан судъя жай шешім шығара салуды ойламай, дәлелдемелерді жеті рет саралап, бір рет дәлелді және заңды шешім шығаруды ойлайды, оған тырысады.

Заңның 2-тармағына сәйкес 37-бап жаңа редакцияда жазылған: «37-бап. Соттың құрамы.

1. Бірінші, апелляциялық  сатылардағы соттарда азаматтық  істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

2. «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында  және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ  «Республикалық референдум туралы»  Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

3. Iстердi кассациялық  немесе қадағалау сатысындағы  сотта қарауды соттың алқалы  құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы  түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін тиісінше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.».

Бұл баптағы өзгерістер мен толықтырулар орынды деп есептеймін, себебі бұл бапта «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы мен «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңында көзделген азаматтық істерді қарауды нақтылаған. Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының деген сөздермен толықтырылған. 37-баптың 3-бөлігінен алқалы соттың құрамының біреуі төрағалық етуші болып табылатындығын, ол болмаған кезде оның міндетін тиісінше басқа төрағалар және судьялар атқаратындығын түсінуге болады. Демек, 37-баптың 3-бөлігіндегі «табылады» деген сөзден кейін «дәлелді себептермен жұмыс орынында болмаған жағдайда» деген сөздермен толықтырған дұрыс болады деп есептеймін.

Заңның 3-тармағына сәйкес 39-бап жаңа редакцияда жазылған: «39-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі.

1. Бірінші сатыдағы сотта  азаматтық істі қарауға қатысқан  судья осы істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

2. Апелляциялық сатыдағы  сотта істі қарауға қатысқан  судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісі күшін жойған жағдайда апелляциялық сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

3. Кассациялық сатыдағы  сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

4. Кассациялық немесе  қадағалау сатысындағы сотта  iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң  қатысуымен қабылданған қаулы  күшiн жойған жағдайда, аталған  сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды.

5. Қадағалау сатысындағы  сотта істі қарауға қатысқан  судья осы істі апелляциялық  немесе кассациялық сатылардағы  соттарда жаңадан қарау кезінде  қатыса алмайды.».

Бұл бапта істі қарауға қатысқан судьяның сол істі қайтадан қарауына болмайтындай қылып барынша тыйымдар бекітілген.

Заңның 4-тармағына сәйкес 61-баптың 1-бөлігі жаңа редакцияда жазылған: «1. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық немесе төрелік сотқа беруді, медиация жүргізу туралы келісім не медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), сот актісіне шағым жасауды, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.».

Бұл бапта медияцияға қатысты толықтырулар болған. Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын.

Оның ішінде, жеке құқықтық даушарлар тараптары арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, 2011 жылдың басында Елбасы ҚР–ның «Медиация туралы» Заңына қол қойды.

Заңның мақсаты – дауды шешудің  медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын  нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

Заңның 5-тармағына сәйкес 128-бап 4-1-бөлікпен толықтырылған: «4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.»;

Бұл өзгерістер азаматтық іс жүргізуде  сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша атқарылатын жұмыстардың бастау алуына үлкен септігін тигізетіні анық. Себебі, сот отырысының хаттамасын уақытылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер жиі болмаса да орын алуда.

Заңның 6-тармағына сәйкес 129-баптың 2,4-бөліктері жаңа редакцияда жазылған: «2. Қажет болған жағдайларда, іске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»;

«4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын  немесе шақырылатын адамға тарап  немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың  абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.»;

 Бұл бапта жоғарыда аталып кеткендей қазіргі заман талабына сәйкес құралдарды пайдалану арқылы соттың хабарлаулары мен шақыруларын тиісті тұлғаларға ұтымды түрде пайдалану тәсілдері бекітілген.

Заңның 7-тармағына сәйкес 130-бап 3-бөлікпен толықтырылған: «3. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:

1) хабардар етілетін немесе сотқа  шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не ұйымның атауы);

2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;

3) келетін жері мен уақытын  көрсету;

4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;

5) адресат кім ретінде хабарланып  немесе шақырылып отырғандығын  көрсету;

6) хабарлама жіберген адамның  тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Хабарламаның жіберілгендігін  растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.».

Бұл бөлік өз кезегінде жоғарыда аталып кеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізімі бекітілген.

Информация о работе ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім д