Мазмұны
- Озон қабатының тарихы
- Озон тесігі
- Озоносфера
- Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
- Парникті эффект (жылу эффекті).
- Қышқыл жаңбырлар.
- Әлемдік мұхит проблемалары.
- Аймақтық экологиялық проблемалар
- Шөлейттену
- Өнеркәсіптік қалдықтар
- Халың санынық өсуі.
- «Жасыл революция» және оның салдары.
- Пайдаланған әдебиет
Ғаламдық экологиялық
проблемалар
Ғаламдық
экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық
және ұлттық деңгейлерде айқындалған
экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси
проблеманың экологиялық қауіптілігінің
мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің
бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның,
Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық
әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек
қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның
басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық
проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін
барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін
тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін
азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу
мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға
ортақ ластануына қарай ядролық соғыс
ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің
мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық
құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын
табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы
әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған
ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ
органдары жұмысының тиімділігін арттыру
және оларга төтенше өкілеттік беру.
Озон қабатының
тарихы
1980 жылдардың
басында Антарктидадағы ғылыми станцияларда
жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы
озон құрамының төмеңдегені байқалған.
Осы құбылыс озон тесігі деген атау алған.
1987 ж. көктемде Антарктиданың үстіндегі
Озон тесігі барынша үлкейіп, оның ауданы
шамамен 7 млн км²- ді (ғарыштық түсіру
бойынша) құрады. Осындай кұбылыс 1992 ж.
қайталанған. Бұл кезде Оңтүстік Америка
материи және оған жанасқан кеңістіктер
үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі
(50%- ға) тіркелді. Осыған ұқсас құбылыс
(1986 ж. көктемінен) Арктикадағы Халли-Бей
ағылшын станциясының үстінде байкадды.
Оңдағы озон шоғырының минималды көрсеткіші
40%-ға азайған, ал Жапон станциясының үстінде
2 есеге төмендеген. Бірақ мұндағы Озон
тесігінің өлшемі Антарктидадағы Озон
тесігінің мөлшеріне Караганда 2 есе кіші
болған. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың
озонды қабаты шамамен 10—40%-ға азайған.
Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында
және Скандинавия түбегішң, Шотландия
аралдарвың Каны тіркелген. Көптеген халықаралық
экспедициялардың зерттеулерінен кейін
ғана әр түрлі физикалық-географиялық
факторлармен бірге Озон тесігінің қалыптасуына
атмосферадағы хлорфторкөміртектің (фреон)
едоуір мөлшері негізгі себеп болып табылатыны
анықталған. Олар атмосфераның жоғарғы
қабаттарына көтерілгеңде карқынды түрде
озонды бүзатын хлор тотығы түзілетін
фотохимиялық ьщырауға үшырайды. Жердін
озон қабатының тозуы жер бетіне ультракүлгін
соулелер ағынының мол түсуіне алып келеді.
Ол, әрине, планетадағы барлық тіршілікке
қауіп тудырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық
сақтау үйымының (БДҰ) меліметтері бойынша,
атмосферадағы озон қүрылы- мының 1%-ға
төмендеуі (осыған сойкес ультракүлгін
соуле 2%-ға өседі) адамдар-дың қатерлі
ісік ауруларьшьгң көбеюіне (тері обыры,
көз катаракгасы және т.б.) себепші болды.
Қарқынды ультракүлгін соуле адамның
жүйке жүйесінің олсіреуіне, жүқпалы ауруларға
қарсы екпенің тиімділігі төмендеуіне
соқтырады. 1985 ж. суытқыш шығарындыларының
осерінен озон қабатын қорғау туралы Конвенция
қабылданған. АҚШ-та, Ресейде стратосферадағы
озон қабатының қайта түзілуіне немесе
бұзылу жылдамдыгын төмендетуге (электрмагниттік
соулелену, электрлік разрядтар, лазерлік
соулелену одістері) бағытгалған бірлескен
жүмыстар атқарылуда. Осының борі полюс
маңындағы кеңістіктерде озон тесігін
жойып, озонды қалқаны сақтауға үлес қосады
деп күтілуде.
Озон тесігі
Озон тесігі (Озоновая дыра;
грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың
озон кабатындағы озон (көк түсті,
өткір иісті газ) құрамының едоуір
төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан
да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған
кеңістік. Бұл — жердің озон қабатының
тозуындағы күрделі экологиялық моселенің
бір бөлігі. Антропогендік факторлардың
салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар)
мен азот оксиді (космостық аппараттар
және ұшақтардың органикалық отынының
толық жанбаған өнімі) шығарындыларының
көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында
бұзылу процесі басталған. (Озоновая дыра;
грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың
озон кабатындағы озон (көк түсті, өткір
иісті газ) құрамының едоуір төмендеуінен
I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км
биіктікте пайда болған кеңістік.
Озоносфера
Озоносфера,
озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra
– шар), озонның жоғары концентрациясымен
ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі
10 – 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның
ең көп концентрациясы 20 – 25 км биіктікте
болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне
қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің Күн
радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін
бөлшектерін сіңіруінен пайда болады.
Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына,
азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон
қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін
маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер
бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын
алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен
байланысты.
Озон Күннің ультракүлгін
сәулелерінің және электр разрядтарының
әсерінен екі атомдық оттек () молекулаларының
ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде
() пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті
жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін
ұстап қалады.
Озон қабатының
(озоносфераның) бұзылуы.
Атмосферадағы
озонның мөлшері бар болғаны
0,004%-ды құрайды. Стратосферада
(10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы
2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада
электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін
радиацияларының әсерінен оттегінің
молекуласынан (02) озон молекуласы
(О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның
жоғарғы шекарасы болып есептеледі.
Одан жоғары орналасқан қабаттарда
тіршілік нышаны білінбейді. Жер
бетіндегі барлық организмдердің
тіршілігіне қауіпті Күннің өте
қысқа ультракүлгін сәулелерін
сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты
озон қабатын «қорғаныш қабаты»
деп те атайды. Озон қабатының
50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды
10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан
күннің ұзын толқынды ультракүлгін
сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз
мөлшерде тіпті бұл сәулелер
адам үшін пайдалы да: терімізді
қарайтып күйдіреді, организмнің
қорғаныштық қызметі артады. Тал
түсте ультракүлгін сәулелердің
концентрациясы көп болғандықтан,
күнге күйіп қыздырыну процесін
шаңқай түске дейін жүргізген
жөн. Озоносфераның бұзылуы орны
толмас жағдайларға, тері ісік
ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына,
жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы
планктонның жоғалуына, өсімдіктер
мен жануарлар әлемінің мутациясына
алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы
ғылыми жұмыс станцияларында
жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы
озон құрамының төмендегені байқалған.
Осы құбылыс- «озон тесігі»
деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде
Антарктиданың үстіндегі «озон
тесігі» барынша үлкейіп, оның
ауданы шамамен 7 млн км² -ді
құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты
нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы
бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында
байқалып, маусымның басқа кездерінде
озонның мөлшері нормаға жақын болады.
Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның
мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және
жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз)
айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық
мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде,
Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға
азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка
құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде
озон құрамының айтарлықтай төмендегені
(50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың
озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған.
Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында
және Скандинавия түбегінің, Шотландия
аралдарының, Қазақстанның, Якутияның
үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны
тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни,
«озон тесігінің» пайда болуы биосферада
елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан
бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің
бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне
ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам
ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып
бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан
бөлінген заттар әсер етеді.
Парникті эффект
(жылу эффекті).
Жанғыш
қазбаларды өртеу және басқа
да өнеркәсіптік процестер әсерінен
бөлініп, атмосферада жинақталатын
көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер,
яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б.
(жоғары концентрациясы болмаса
бұл заттар жекелей аса қауіпті
емес) газдары парникті эффектінің
пайда болуына алып келеді. Парникті
эффектінің механизмі қарапайым.
Бұлтсыз ауа райы ашық кезде
күн сәулелері Жер бетіне оңай
жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен
сіңіріледі. Жер беті қызған соң
жылу энергиясын ұзын толқынды
сәулелену түрінде атмосфераға
қайта береді. Алайда бұл жылу
энергиясы атмосферада шашырамай
жоғарыда айтылған газдардың
молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу
энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың
қарқынды қозғалысына және температураның
көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық
газдар (азот, оттегі, су парлары)
жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше
оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы
жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде.
Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері
ауада екі есе көбейсе, орташа
температура 3°С-5°С-қа көтеріледі.
Бұл өз кезегінде климаттың
ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы
мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік
мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне,
көптеген жердің су астында
қалуына және басқа да жағымсыз
жағдайларға алып келеді.
Климаттың
ғаламдық жылуы - биосфераның
антропогендік ластануының бір
көрінісі. Бұл климаттың және
биотаның өзгеруі: экожүйедегі
өнімділік процестерінің, өсімдіктер
қауымдастықтары шекараларының,
ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімділігінің өзгеруінен білінеді.
Әсіресе климаттық өзгерістер
Солтүстік жарты шардың жоғары
және орта ендіктерінде қатты
байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты
әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді,
сондықтан да оның қайта қалпына келуі
өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның
көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады.
Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке
қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ
жылжиды. Температураның көтерілуіне
байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2
м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен
аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің)
су астында қалуына алып келеді.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық
негізгі экологиялық проблемалардың
бірі атмосферадағы ластаушы
заттардың ұзақ қашықтықтарға
тасымалдануы. Алғашында бұл проблема
радиоактивті заттардың үлкен
қашықтықтарға таралуына байланысты
пайда болды. Негізінен күкірт
диоксиді және оның қосылыстары,
азот оксиді және оның қосылыстары,
ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер,
радиоактивті заттар сияқты улылығы
жоғары заттардың таралуына баса
назар аударған жөн. Күкірт
диоксиді мен азот оксидтерінің
жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен
территориялардағы табиғи ортаның
жалпы қышқылдануына, айтарлықтай
экологиялық өзгерістерге алып
келді. Түзілген қышқылда р
және олардың қосылыстары жауған
жауын- шашынның құрамында, қардың,
жер бетіндегі су айдындарында
және топырақтың құрамында кездесіп
экожүйелерге жағымсыз әсер етуде.
Күкірт диоксиді және азот
оксидтерімен болатын қышқыл
жаңбырлар орман биоценоздарына
үлкен зиян әкелуде. Қышқыл
жаңбырлардан жалпақ жапырақ
ты ормандарға қарағанда қылқан
жапырақты ормандар қатты зардап
шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ
қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде
минералдық тыңайтқыштардың пайдасы
азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін
топырақтарда қатты байқалады.
Адам организміндегі алғашқы
жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы
сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3,
күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде
пайда болады. Бұл қосылыстарды
әсіресе өсімдіктер өте сезгіш.
Қыналардың кейбір түрлері күкірт
қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3,
қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден
бар болғаны 3-4 есе көбейгенде
тіршілігін жояды. Тұщы сулардың
қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда
5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың
көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда
көбею жүрмейді. Қазіргі таңда
антропогендік әсерден бөлінетін
күкірт диоксидінің мөлшері жылына
150 млн тоннаны құрайды. Көмірді
пайдалану күкірттің көп бөлінуіне
алып келеді. Жер шарының кейбір
аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік
Америкада антропогендік күкірттің
түсуі көп мөлшерге жетті. Жер
бетіне түскен қышқылдар мен
сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың
қышқылдануы), өсімдіктер жабынына,
су айдындарының қышқылдануына
алып келуде.
Улы
және фотохимиялық тұман. Үлкен
қалаларға тән, жиі байқалатын
құбылыс - улы туман (тұман мен
түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар
үш түрлі - ылғалды, құрғақ және
мұзды болып келеді. Ылғалды улы
тұман (Лондондық тип) - газтәрізді
ластаушы заттар, шаң және тұман
тамшыларының қосылыстары. Бұл
қосылыстағы заттар бір-бірімен
химиялық реакцияға түсіп бастапқы
түрлерінен әлдеқайда қауіпті
қосылыстар түзеді. Атмосфералық
ауаның 100-200 метр биіктігінде улы,
сарғыш түсті лас, ылғалды улы
тұман осылай пайда болады. Мұндай
тұман теңізге жақын, тұманды,
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ
улы тұман (Лос-Анджелестік тип)
- озонның пайда болуы кезінде
химиялық реакциялардың әсерінен
атмосфералық ауаның екінші рет
ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте
(АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл
түтін түзеді. Улы тұманның үшінші
түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық
тип). Ол Арктика мен Субарктикада
антициклон кезінде төменгі температурада
пайда болады. Мұндай ауа райында
ластағыш заттардың аз мөлшерде
бөлінуінің өзі мұздың майда
кристалдарынан тұратын қалың
тұманның пайда болуына алып
келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы
жерлерде орналасқан қалаларға,
мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк,
Братск, Мехико және т.б. тән.
Улы тұман кезінде, жарықтың
әсерінен зиянды заттардың ауа,
ылғал компоненттерімен фотохимиялық
реакциялары нәтижесінде қосымша
улы өнімдер (альдегидтер, кетондар)
түзіледі.
Атмосфералық
ауаның тұмандануы қала микроклиматының
нашарлауына - тұманды күндердің
көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына,
мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы,
1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания)
қаласында қалың тұман мен
түтіннің қосылуынан (улы тұман)
жолдың көрінуі өте нашарлап
қаланы қара күйе басып қалған.
Адамдардың тыныс алуы қиындап,
тамақтары ауырып, көздері ашып,
құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр
жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде
14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын
ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен
қатар көптеген құстар, иттер
мен мысықтар да өлген. 1952 жылы
желтоқсанда Лондон қаласында
улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде
4000 адам қайтыс болды. Себебі
ауасы лас қалада жел болмай,
атмосфералық ауа құрамындағы
күкіртті ангидридтің мөлшері
қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың
30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес
қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында,
әдетте жазда және ерте күзде
ылғалдылығы 70% құрайтын тұман
пайда бола бастады. Бұл тұманды
фотохимиялык, тұман деп атайды.
Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі
нашарлап, үй жануарлары (ит, құс)
еле бастайды. Адамдардың тыныс
алуы қиындап, көздері жасаурап,
тамақ пен мұрынның шырышты
қабаттарының тітіркенуіне, өкпе
және басқа да созылмалы аурулардың
қозуына алып келеді. Улы тұман
өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша,
астық тұқымдастар, жүзім және
сәнді өсімдіктерге де зияны
көп. Алдымен жапырақтары ісініп,
біраз уақыттан кейін жапырақтың
төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды
да, өсімдік қурай бастайды.
Әлемдік мұхит
проблемалары.
Жер
бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан
Әлемдік мұхит - суының салмағы
1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар.
Мұхит суы планетадағы су қорының
97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік
мұхит планета халқының тағам
ретінде пайдаланатын барлық
жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен
қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі
тіршілікті сақтауда негізгі
роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың
жағалаудағы аймақтарына жатады.
Өйткені планета атмосферасына
түсетін оттегінің 70% планктондарда
жүретін фотосинтез процесінің
нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы
тепе-теңдікті сақтауда үлкен
роль атқаратын болғандықтан, оны
қорғау халықаралық экологиялық
өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік
мұхиттың зиянды және улы заттармен,
мұнаймен және мұнай өнімдерімен,
радиоактивті заттармен ластануы
үлкен алаңдатушылық тудырып
отыр. Ластанудың масштабын мына
мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы
суларға жыл сайын 320 млн тонна
темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн
тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы
тек Қара теңіз бен Азов
теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3
лас тұрмыстық және өнеркәсіптік
ағын сулар төгілген. Мұхитты қатты
ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай
өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта
есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде.
Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар:
біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы
мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін
пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың
өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын
улы зат болып есептеледі. Судың құрамында
мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон
мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен
танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде
мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз
экологиялық катастрофа деп айтуға болады.
Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ)
көму кезіндегі радиоактивті ластану
өте қауіпті болып табылады. Алғашында
радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы
РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды.
Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып,
үстіне бетон құйып теңізге тастайтын
белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы
РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта
көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге
көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит
суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған
560 261 контейнер көмілген. Соңғы уақытта
Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше
құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда
жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар
қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату
бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа
және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды
көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін
болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді
бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін
біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз»
экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап
келеді.