Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:41, реферат
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.
Озон қабатының тарихы
Озон тесігі
Озоносфера
Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
Парникті эффект (жылу эффекті).
Қышқыл жаңбырлар.
Әлемдік мұхит проблемалары.
Аймақтық экологиялық проблемалар
Шөлейттену
Өнеркәсіптік қалдықтар
Халың санынық өсуі.
«Жасыл революция» және оның салдары.
Пайдаланған әдебиет
Аймақтық экологиялық проблемалар
Ормандардың азаюы.Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.
Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы. Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.
Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.
Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) - парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан және басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде. Одан да маңызды фактор - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдық ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.
Шөлейттену
Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі - табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады. Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.
Өнеркәсіптік қалдықтар
Өнеркәсіптік
(өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді
шығару және әртүрлі
Қала экологиясы.Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:
Халың санынық өсуі.
Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.
«Жасыл революция» және оның салдары.
«Жасыл революцияның» екі түрі бар. 1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның арқасында астықты дақылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер, мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция» халықтардың тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз жағдайларға: топырақтың деградацияға ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және т.б. алып келді.
2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы антропогендік энергияны дәл осылай жұмсай берсе екінші «Жасыл революцияның» болатыны туралы айта бастады. Оның негізінде - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал шаруашылығы өнімдерін экологиялық технология бойынша өңдеуге ауысу принциптері жатыр. Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен күресетін «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады.
Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.
Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді. Техникалық ғимараттар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен болып жатқан экологиялық жағдайларға бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына зиян келтіретін көртышқандармен күрес жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде.