Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 20:25, реферат
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………………2
Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері……………………….3
Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері……………………………………………………………6
Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі………………….8
Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы…………………………………………………………10
ҚР-ның Экологиялық Кодексінің жалпы сипаттамасы……………13
Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер…17
Қорытынды………………………………………………………………………19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………20
Қорытынды
Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы».
Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.
Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт т белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама жуықта ғана дербес ала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
2. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
3. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.
4. Н.А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы., 2001
5. ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы»., 2001., I-II том
6. Учебное пособие. Основы государства и права. Алматы., 1999.
7. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы., 1997.
8. С.А. Ынтымақов., Т.Д. Карпунина Отбасы құқығы. Алматы., 2003
9. Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық негіздері. Алматы. 2004.
10. Зиманов С. Конституция,
Парламент Республики
11. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. Москва., 1976
12. Д.А. Булгакова Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., 2000.
Информация о работе Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері