Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 18:41, реферат

Описание работы

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.

Содержание работы

1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.
2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.
3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

Файлы: 1 файл

каржы реферат.doc

— 124.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАРЫ:

 

1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.

2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.

Жекешелендіруді  Мемлекеттік мүлік жөніндегі  Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.

Қазакстанда жекешелендіру процесін реттейтін  құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Казақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.

ҚР жекешелендіру  бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:

  • жергілікті   аукциондар   арқылы   ұсақ   кәсіпорындарды сату;
  • орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
  • жеке жобалар бойынша аса ірі көсіпорындарды жекешелендіру;
  • ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторындағы жекешелендіру.

Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

Бұл арада  тек әрбір бесінші кәсіпорын  ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.

Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.

Қазақстанның  барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықгарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері   арқылы   купон   кітапшаларын   таратып   беру   1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды. Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖИҚ қатыса алды .

Жаппай жекешелендіру  бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.

1994 жылдың  мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды, онда номинал құны 1261,5 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.

Республика халқына берілген купондардың жалпы саны — 1,5 млрд, оның 1131,5 млн халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.

1996 жылдың басында  жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді {кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда). Фармацевтикалық компанияларды жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріхананың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.

Үшінші  кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Мұндай тәсілдердің  мақсаты — әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.

Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.

Агросервис  пен ауыл шаруашылығы өнімдерін  қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.

Қазақстан-2030 даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.

1999-2000 жылдарға  арналған меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес кен өндіру, көлік, мұнай өңдеу, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырды. Үкімет экономиканың нақгы салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады.

Кәсіпорындарды жекешелендіру олардың қызметіне оң әсерін тигізді. 15% жекешелендірілген нысан өкілдеріне сауалнама жүргізілді. Онда мына мәселелер қозғалды: жұмыс істеудің шарты мен әдістері, жұмыскерлердің материалдық өтемақысының деңгейі, басқару әдістері, салық салудың ережесі, үкімет органдарының араласуы және т.б. Сауалнаманың нәтижелері мыналарды көрсетіп берді:

  • компаниялардағы   жұмыспен   қамтылудың   көрсеткіші орта есеппен алғанда 20%-ға артқан;
  • жаңа  меншік   иелерінің  тарапынан   қаржылық  инвестицияның көлемі артқан;
  • жекешелендірілген кәсіпорындардың пайда көлемі өскен;
  • мемлекеттік сектормен салыстырғанда жеке сектордағы жұмыспен қамтылғандардың еңбекақы деңгейі жоғары;
  • жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынған тауарлардың ассортименті бай;
  • баға деңгейі кеміген.

Қызмет көрсету  саласының, атап айтқанда бухгалтерлік есептің, маркетингтің және жарнама ісінің дамуы мен клиенттерді қанағаттандыруда жоғары деңгейге жеткенін қоса ескергенде жекешелендіру процесінің басқа да маңызды нәтижелерін айта кетуге болады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесінде шетелдік инвесторларды толғандырған мәселелердің бірі - олардың құқықтық қамтамасыз етілуі болды. ҚР зандарына сәйкес шетелдік инвесторлардың құқығы отандық инвесторлардың құқығымен бірдей, олар өз мүдделерін сотта және басқа да кез келген құқық құралдарының көмегімен қорғай алды. 1995 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған «Шетелдік инвестицлялар туралы» Заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтан, сондай-ақ саяси ахуал мен заң өзгерістерінен қорғайды, әрі зиян шеге қалған жағдайда (әрине, еліміздегі белгілі бір өзгерістердің салдарынан) оларға келген залалдың орнын толтыруға кепілдік береді. Аталған заңға сәйкес шетелдік инвесторлар халықаралық төрелік сотқа жүгіну арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.

Қазақстан жекешелендіру  процесінде ШАГО жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және  шетелдік  компаниялардың жәрдемін  пайдаланды.   Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық және түсінікті етті.

Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғни олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖИҚ-тың құрылуы бүгінгі таңдағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын калыптастырған базис болды.

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалык қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  • ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  • нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
  • мемлекеттік   және   корпоративтік   (мемлекеттік   емес) бағалы қағаздар нарығы;

• алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты — нарықгық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық — яғни,  нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші — ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

• қайта бөліну;

• баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. 
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта болу;
  • ең  алдымен  халықтың жинақтарын  өнімсіз  формадан 
    өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес  негізде,  яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы  тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік. және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет;

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметгің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін — арнайы мемлекеттік органдардың біліктілік куәлігі қажет.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы