Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 18:41, реферат

Описание работы

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.

Содержание работы

1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.
2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.
3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

Файлы: 1 файл

каржы реферат.doc

— 124.00 Кб (Скачать файл)

2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші денгейлі 23 акционерлік банк кіреді.

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады.             Қазақстан   Республикасының   Азаматтық   кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін — несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналысқа шығаруды таңдап алу тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз — ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы — өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар  да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар — бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі — оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).

Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі — оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б, жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.

Осылайша  бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласын — міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқықпен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісімшартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.

Қазақстан Республикасында  қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар. облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.

Борыштық  бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың  меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік  бағалы қағаздар — ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Ұсынбалы бағалы қағаз — осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

Құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі. Құжаттандырылмаған -   шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

Нарықтық бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

Қайтарылымды бағалы қағаз — мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.

Қайтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • акциялар;
  • облигациялар;
  • коносаменттер;
  • ипотекалық куәліктер;
  • туынды бағалы қағаздар;
  • жай қоймалық куәліктер;
  • қосарлы  қоймалық куәліктер   (қоймалық  +   кепілдікті куәлік);
  • ҚР-дағы   айналысқа   жіберілген   шетелдік   эмитенітің бағалы қағазы;
  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция — акционерлік  қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндеттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндетгемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір  акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • атаулы;
  • ұсынбалы.

Атаулы  акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2.   Табысты алу құқығына қарай:

  • жай;
  • артықшылықты.

Бұлардың  арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Қазақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадан дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация — бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитепт оны пайда  болған уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық төлеу шартымен және жылдық баланстың осы уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспайтын сомада шығаруға құқьілы.

Облигация —  бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.

Мерзімді қарыздық міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға - эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.


Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметі мен құрылымы