Демократия және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 13:48, реферат

Описание работы

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекет түрі.
2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Демократия және түрлері
2. Демократияның теориялары
3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
4. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
5. Демократиялық қоғам белгілері
6. Демократиялық саяси жүйе
7. Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
8. Қазақстан Республикасындағы демократия
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 70.40 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

 

  1. Демократия және түрлері
  2. Демократияның  теориялары
  3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
  4. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
  5. Демократиялық қоғам белгілері
  6. Демократиялық саяси жүйе
  7. Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
  8. Қазақстан Республикасындағы демократия

 

  1. Қорытынды

 

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

 

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демократияның түрлері

 

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

  • Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
  • Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
  • Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  • Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады.

 

Демократияның антикалық, классикалық теориялары

 

Тұңғыш демократиялық  мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар  бес жүз адамнан тұратын кеңес  жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

 

Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

  1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
  2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
  3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
  4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

 

Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы

 

Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан  шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.

“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.

Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:

  • халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
  • халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
  • саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады.

“Плебисцитарлық демократияда” азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мештікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

 

Қоғамдағы саяси  қатынастардың демократиялық негізі

 

Принциптері:

  1. Билік органдарын сайлау.
  2. Биліктің бөлінуі.
  3. Саяси пікірдің әртектілігі.
  4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
  5. Заң.
  6. Қоғамдық пікірді ескеру.
  7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
  8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары:

  • Сайлау өткізу, есеп беру.
  • Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
  • Референдум өткізу.
  • Митинг, жиналыс.
  • Съезд, конференция, пленум.
  • Шеру, бой көрсетулер.
  • Сессия
  • Шетелге сапарлар.
  • Ереуілдер

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезеңдегі  демократиялық қозғалыстар

 

Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:

  1. Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.
  2. Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.
  3. Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.
  4. Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.
  5. Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.
  6. Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.
  7. Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.
  8. Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.

 

Демократиялық саяси  жүйе

 

  • азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
  • билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
  • жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
  • сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
  • мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
  • өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
  • көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Осылайша, демократиялық саяси жүйеге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады:

  1. басқарушы топтың тұрақты занды мойындалғандығын;
  2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;
  3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;
  4. бүқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.

Осылардың барлығы мүндай саяси жүйелердің бұқараның билік  органдарын қалыптастырып, саясатты жүзеге асыруға қатысу құқына негізделгендігін білдіреді. Алайда барлық саяси жүйелер жоғарыда аталған талаптарға сай келе бермейді. Көп жағдайда мұның бәрі шынайылықтан гөрі, әртүрлі жүйелер талпынатъш мінсіз идеалға жақынырақ.

 

Демократиялық қоғам белгілері

  • Экономикалық

  • Саяси

  • Рухани

  • Әлеуметтік

Экономика саласында

  1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
  2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
  3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
  4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
  5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
  6. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Информация о работе Демократия және түрлері