Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 13:48, реферат
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекет түрі.
2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3. Қоғамдық құрылымның мұраты.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Демократия және түрлері
2. Демократияның теориялары
3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
4. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
5. Демократиялық қоғам белгілері
6. Демократиялық саяси жүйе
7. Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
8. Қазақстан Республикасындағы демократия
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі - халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан көрініс табады.
Демократиялық мемлекеттің негізін - халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады.
Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай:
Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді.
Демократияны дамыту процесі - өз өмірін орнықтыруда халықтың маңызын арттырып, рөлін үнемі күшейту және соған сәйкес, оның өкілетті органдарының, яғни, мемлекеттің қоғамдық қызметін әлсірету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі