Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3


Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5

1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11


ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................23

III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33

3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33


Қорытынды......................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер..................

Файлы: 1 файл

курсавой мемлекеттик.doc

— 604.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде:

А. Мемлекеттегі өкілді билік  органдар:

1. Жоғарғы заң шығарушы  және өкілді орган – ҚР Парламенті.

2. Жергілікті өкілді  органдар – Мәслихаттар.

Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:

1. Жалпы құзыретті  орталық атқару органы – ҚР Үкіметі.

2. Орталық салалық  құзыретті органдар – ҚР министрліктері  мен ведомствалары.

3. Жалпы құзыретті  жергілікті атқару органдары  - Әкімдіктер.

4. Жергілікті салалық  және функционалдық органдар.

5. Министрліктер мен  ведомствалардың аумақтық органдары.

6. Жергілікті әкімдіктердің  бөлімдері мен басқармалары.

Б. Мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық органдары:

1. ҚР Қаржы министрлігі,  оның құрылымдық және аумақтық  бөлімшелері.

2. ҚР Ұлттық банкі;  оның құрылымдық бөлімшелері мен оған бағынышты кредиттік – қаржылық ұйымдар.

3. ҚР Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігі  көрініс тапқан.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған  мақсат – міндеттер  мен күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.[7,32]

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.

Қаржылық жоспарлау  обьектісі ақшалай қор болып  табылды. Ал ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын  құрайды.

Қаржылық жоспарлардың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін  анықтау, ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау, қажетті  қаржылық резервтерді құру, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары мен экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері деп қаржылық бақылауды жүргізуге уәкілетті  органдардың жүйесін айқындайтын және олардың мемлекеттік қаржылық бақылау аясындағы құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржылық тексерулерді жүргізу тәртібі мен нысандарын белгілейтін қаржылық – құқықтық институтын атаймыз.

 Мемлекеттік қаржылық  бақылау мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың атқарылуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, кредиттік ресурстардің пайдаланылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы мен мемлекеттік резервтердің жайын қаржылық және салықтық жеңілдіктердің берілуін тексеру түрінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттеріне: 1. қаржылық заңдардың  сақталуын қамтамасыз ету; 2. қаржы жүйесінің тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; 3. қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 4. мемлекеттің қаржылық ресурстарын заңды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 5. қаржылық тәртіптің бұзылуын жою; 6. мамандандырылған қаржылық органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқаруына қоолғабыс ету; 7. қаржылық қатынас субьектілерінің мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және мүлтіксіз орындауларына қолғабыс ету жатады.[7,57]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері

 

2.1. Қаржы министрлігі және оның құрылымы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe сәйкес жүзеге  асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:

      • Қазынашылық комитеті;
      • Кедендiк бақылау комитетi;
      • Салық комитетi;
      • Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
      • Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
      • Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

ҚР Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету; [17,27]

      Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болыптабылады                       
Министрлiктiң функциялары мен құқықтары:

Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:

               1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:                                                                              

       -  тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды; 
    - мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды; 
      - бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;

       - заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды); 
  - өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi;

               2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды: 
    - республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi;

    - түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi; 
    - Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi, өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi;

     - ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi; 
     - келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды; 
    -  мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзудi; 
     - республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi; 
    - үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды дайындауды;

      - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iрiктеудi; 
     - уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi; 
     - түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;

      - республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердiң берiлуiн, қызмет көрсетілуiн және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың есебiн, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етудi; 
     - республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды;   

- бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi жасауды;

   -  бюджет есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi;   

- бюджет жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi дамытуды және жетілдiрудi;  

-  қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есептілiк нысандарын, оны жасау мен берудiң тәртiбiн әзiрлеудi;     

- бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы, оның iшiнде өз құзыретi шегінде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласындағы функцияларды орындауды; 
     - салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi; 
     - этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының мемлекеттік реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi;     

- республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі есеп пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына баға беру, гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi;

- республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

  - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды және бекiтілуiн қамтамасыз етудi.     

 Министрлiктiң құзыретi  шегiнде халықаралық ынтымақтастықты  жүзеге асыруға құқығы бар.[22,37]

ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері:

Салық комитеті:

 Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады: 
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету; 

- "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;

   - Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 
   - Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;

Халықаралық ынтымақтастықты  жүзеге асыру.  Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
     Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.[24,57] 

Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару