Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – басты міндет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 18:02, лекция

Описание работы

Азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың негізі көрсеткіші ол - тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің және қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы да тікелей осыған бағытталған.
Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген стандарттарға сәйкес біздің ауданымызда «Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Білім бөлімі» ММ, «Денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ және ауылдық округ әкімдіктері арқылы 68 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Мақалалар 1.doc

— 139.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – басты міндет

Азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың негізі көрсеткіші ол - тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Ырғыз ауданы әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің және қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы да тікелей осыған бағытталған.

Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген стандарттарға сәйкес біздің ауданымызда  «Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Білім бөлімі» ММ, «Денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ және ауылдық округ әкімдіктері арқылы 68 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің 17 түрі, соның ішінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»,  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою»,  «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» және т.с.с. қызметтер баламалы түрде, мемлекеттік орган және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтің 16 түрі www.egov.kz «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды форматта беріледі. Мысалы: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою», «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамалар беру» сияқты қызметтерді онлайн режимде алуға болады. Мысалға, бүгінде ата-аналар өзінің баласын балабақшаға кезекке қоюды үйінде отырып, Интернет арқылы жасай алады. Сонымен бірге, оған жұмыстан сұранып, мемлекеттік мекемелерге барудың, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Электронды қызметтердің артықшылығы осында. Бірақ, электронды қызметтерді қолдану үшін тұрғындар Интернетті пайдалануы, сайттарға кіре алуы, электронды үлгілерді толтыра білуі және Электронды сандық қолтаңбасы болуы тиіс. Яғни, қызметтерді интернет арқылы алу үшін тұрғындарымыздың компьютерлік сауаттылығы болуы керек, ал бүгінде негізінен жастар ғана компьютерді және оның мүмкіндіктерін белсенді қолданады.

Мемлекеттік қызметтердің 7 түрі қазіргі таңда тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты аудан әкімдігінің интернет-ресурсынан алуға болады.  

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-на көшіру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Құжаттары халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданып, мемлекеттік мекемелерде жүзеге асатын қызметтер саны күннен күнге көбеюде. Бұл тұрғындардың мемлекеттік мекемелерді аралап жүрмей, барлық қағаздарын, бір жерден, ХҚКО арқылы бітіруіне жасалған жағдай.

Тұтастай алғанда барлығы да салыстырмалы түрде белгілі болатыны анық. Егер аудан тұрғындарының осыдан 10 жыл, тіпті 5 жыл бұрынғы мекемелердегі кезекте тұратын жағдайын көз алдымызға елестетсек, қазірде Ырғыздықтар «бір терезе» қағидасы бойынша ХҚКО-нан қызметтер алудың қолайлы жағдайына үйреніп келеді.

Мемлекеттік органдардың міндеті халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру,  мемлекеттік қызметші мен тұрғындар арасындағы тікелей байланыстың болмауы үшін қызметтерді электронды форматқа көшіру болып табылады және бұл сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындамауына қолайлы ықпал ететін болады.

         Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер мәселелерін

үйлестіру бөлімі

Cапалы  мемлекеттік қызмет көрсету  -уақыт  талабы

 

 

Қазақстан Ресупбликасы Үкіметі мемлекеттік басқаруды жетілдіру,заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында көптеген жаңашыл істерді қолға алып жүзеге асырып келеді. Соның бірі -халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты ММ-сі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты Кеңсесінде №17 кабинетте электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекетік қызмет көрсету бағасы тегін.

Қызмет алушы төмендегі құжаттарды ұсынуы керек:

1.Жеке куәлігінің түпнұсқасы

2.Стандартқа сәйкес өтініш

Егер қызметті алушының өкілі  келсе  осы құжаттармен қатар

Нотариалды куәландырылған сенімхат  ұсынады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің басқа да осы мақалада көрсетілмеген тәртібімен электрондық түрінде көрсету,шағымдану тәртіібі тағы басқа) заңналармен танысу үшін жұмыс уақытында келіп әкімдік қызметкерлерінен түсінік алуларыңызға болады. Мекен жайымыз  Ырғыз селосы, Әбілхайырхан көшесі № 28 үй. Байланыс телефондарымыз 21687.

 

 

 

 

 

 

Ырғыз ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                С.Нахимова

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

 

Білім бөлімі арқылы және білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру; Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға),  қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру; Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру; Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; Мектепке дейінгі білім беру; Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту; Балаларға қосымша білім беру; Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну; Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру; Кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету; Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырауға қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау; Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

Сонымен қатар, аталған қызметтер тізбесінің кейбіріне ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №115 қаулысының негізінде стандарттары және Ақтөбе облысы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №108 қаулысының негізінде регламенті қайта бекітілді.

Аталған қызметтердің әрқайсысына білім бөлімінің басшысының бұйрығымен жауапты мамандар бекітілді.

 

 

Аудандық білім бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет : «Ауылдық елді мекендерге жұмыс жасау және тұру

үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету»

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2009 жылдан бастап аудан бойынша әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін ауданда аудандық мәслихаттың шешімімен 9 мүшеден тұратын арнайы комиссия жұмыс жасайды.

Комиссияның жұмыс органы  «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.     

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман жұмыс органына мынадай құжаттарды:

1) ережеге сәйкес өтінішін;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың  көшірмесін;

3)жаңа жұмыс орны бойынша  кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасаның көшірмесін;

4)тиісті елді мекенде тұратынын  растайтын азаматтарды тіркеу  кітабының                    (үй кітапшасының) немесе анықтаманың  көшірмесін;

5) білімі туралы дипломының  көшірмесін (еңбек өтілі жоқ тұлғалар  үшін)

             6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала шартты ұсынады.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Жұмыс органы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.

Комиссия жұмыс органынан құжаттардың түскен күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.

Аталған құжаттардан басқа дәйектемесіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

 Аудан әкімдігі комиссияның  ұсынымдары келіп түскен сәттен  бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.

 Қаулы қабылданғаннан кейін  жеті күнтізбелік күннің ішінде  аудан әкімдігі, маман мен сенім  білдірілген өкіл арасында ережеге  сәйкес үш жақты мамандарға  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім шарт жасалады.

Келісім жасалғаннан кейін жұмыс органы мамандарға жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақы сомасын жеке есеп шоттарына аударады, отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит (он бес жылға, жылдық 0,01 пайызбен) береді. 

Әлеуметтік қолдау шаралары алынғаннан кейін маман өзіне төмендегідей міндеттемелерді қабылдайды:

- әлеуметтік қолдау шараларын  алған кезде жұмысқа орналасқан  елді мекенде кемінде бес жыл  уақыт қызмет істеуге;

- меншігіне сатып алынған жылжымайтын мүлікті әділет органында тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкілге тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқасын он бес жылға кепіл ретінде беруге;

- жұмыс органына тоқсан сайын  жұмыс орынынан анықтама ұсынуға;

- келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге.

2014 жылға 11 маманға көтерме жәрдемақы,  5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін  бюджеттік несие беру жоспарланады.

           

   

Айтбай Гүлжан Аманжолқызы

«Ырғыз аудандық  экономика және

бюджеттік жоспарлау  бөлімі» ММ-нің

бас маманы

 

 

 

 

Сапалы қызмет – міндет

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10 бабының алғашқы тармақтарында «Орталық мемлекеттік органдар:  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді» деп атап көрсетілген. 

«Ырғыз аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ХҚКО бөлімінің қызметін заңды және жеке тұлғалар тұтына алады. Біздің де басты міндетіміз - сапалы қызмет көрсету. 

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» 2014 жылғы 13 наурыздағы №237 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар туралы айтар болсақ, біріншіден өтініш жазылады. Екіншіден тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырманың (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа); Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) нысандарға енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген нысанды одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс. 

Информация о работе Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – басты міндет