Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 18:02, лекция
Азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың негізі көрсеткіші ол - тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің және қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы да тікелей осыған бағытталған.
Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген стандарттарға сәйкес біздің ауданымызда «Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Білім бөлімі» ММ, «Денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ және ауылдық округ әкімдіктері арқылы 68 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесіне келер болсақ, тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама алынады.
Жұмыс барысында туындайтын мәселелеріңіз болса, мына мекен-жайға келіп мамандардан кеңес алуларыңызға болады.
Ырғыз селосы, Алтынсарин көшесі №12 үй. 315 кабинет. Қызмет телефоны: 21-8-56.
А.Жансүгіров,
Ырғыз аудандық сәулет, қала құрылысы және
құрылыс бөлімінің бас маманы.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет стандарты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің нысаны
ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет коммуналдық
тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті
елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан)
тұрақты тұратын және:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері
мен қатысушыларына;
- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған
азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының
азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік
қызметті алушылар) көрсетіледі.
Халықтың әлеуметтік жағынан
осал топтарына оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері
мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері
мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
4) мүгедек балалары бар немесе
оларды тәрбиелеуші отбасылар;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен
бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың
ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (бұдан
әрі – кейбір созылмалы аурулардың ауыр
түрлерінің тізімі);
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейін
ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа
толмаған жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- оралмандар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- көп балалы отбасылар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде,
ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе
оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару
кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде
қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың
отбасылары;
- толық емес отбасыларға көрсетіледі.
Адамдар, егер:
1) есепке қойған кезде және коммуналдық
тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік
кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын
үй берген кезде Қазақстан Республикасының
аумағында меншiк құқығында тұрғын үйi
болмаса;
2) есепке қойған кезде және мемлекеттік
мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй
берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында
тұрғын үйі болмаса;
3) осы елді мекенде тұрақты пайдалануында
коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын
үйі болмаса;
4) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген
санитариялық және техникалық талаптарға
сай келмесе;
5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын
үй-жайларда екi және одан да көп отбасы
тұрып жатса;
6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы
аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар
болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге
тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын
үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған
сәттен бастап:
1) күнтізбелік отыз күн ішінде
жұзеге асыралады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу
үшін мемлекеттік қызметті
уәкілетті органға немесе орталыққа:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қою туралы
өтініш;
2) өтініш иесінің және оның отбасы
мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының
көшірмесін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің
қайтыс болуы, балалардың тууы туралы
куәліктердің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының
анықтамасын (өтініш берушіде және онымен
тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік
құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің
бар немесе жоқ екендігі туралы);
5) жергілікті атқарушы органының
анықтамасын (өтініш берушіде және онымен
тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы
елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйдің жоқтығы туралы);
6) азаматтарды тіркеу кітабының
көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не
тиісті елді мекенде тұратынын растайтын
анықтама бюросының немесе ауылдық округ
әкімнің анықтамасы;
7) басқа адамдарды өтініш берушінің
отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды
өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану
туралы соттың шешімі;
8) әлеуметтік жағынан осал топтарына
жататынын азаматтар қосымша өтініш берушінің
(отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға
жататынын растайтын құжатты;
9) халықтың әлеуметтік жағынан
осал топтарына жататын азаматтар (жетім
балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды және мүгедек балаларды
қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы
он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне
шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы
анықтаманы;
10) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк
ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер
және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын
адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтаманы
қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар,
ғарышкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен
берілген мәртебесін растайтын құжаттарын
ұсынады;
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық
жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні
растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;
12) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген
санитариялық және техникалық талаптарға
сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған
тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп
отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында
кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен
ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда
(пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған
жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті
органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Егер азаматтың соңғы бес
жылдың iшiнде өз тұрғын үй
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының
сол немесе басқа елдi мекенiнде болуына
қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi
тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жалғыз тұрғын
үйін иелiгiнен шығаруы;
3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы
немесе бүлiнуi;
4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған
кезде тұрғын үйiнен кетуi;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған
және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ
еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа
адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік
қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып
табылады.
Мемлекеттік қызметті алушы осы
стандартта белгіленген талаптарға сәйкес
келмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын
үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.
Ырғыз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің жетекші маманы:
Қызмет көрсету сапасын арттыру – басты мақсат
Елімізде мемлекеттік қызметтер көрсету мен оның сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Бұл бағытта Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын басшылыққа алып жұмыс жасап келді. 2014 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 5 наурызда №185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулылары қабылданып, қазіргі таңда аталған қаулылар бойынша жұмыстар жасалуда.
Бүгінгі таңда бөлім Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтің 18 түрін көрсетеді. Оның ішінде 9 қызмет Ырғыз аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негізде жүзеге асырылса, қалған тоғызы тек бөлім арқылы ғана көрсетіледі. Бөлім арқылы көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі мүгедектерге қызмет көрсетуге байланысты болып отыр. Атап айтқанда, 2014 жылдың 5 айында «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 7 мүгедекке жеке көмекші тағайындалды. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 1 азамат мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы «Денсаулық» санаторийінде болып қайтты. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» және «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» қызметтеріне 1 құжаттан қабылданды. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 16 құжат түсті. Аталған 3 қызмет бұрын ХҚКО арқылы жүргізілсе, маусым айынан бастап бұл қызмет бойынша құжаттар бөлім арқылы қабылдануда. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» және «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» қызметтері бойынша әзірге азаматтардан өтініштер түскен жоқ.
Жоғарыда айтылғандай 9 қызмет бөліммен бірге Ырғыз аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негізде жүзеге асырылады. Дегенмен тұрғындар ХҚКО арқылы көрсетілетін баламалы қызметке қарағанда бөлімге келіп құжат тапсыруға көбірек басымдық беретіні байқалады. Бұл үрдіс келешекте өзгеріп, қызмет көрсету орталығының үлесі артуы тиіс. Атап айтар болсақ, 2014 жылдың 5 айында «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 444 өтініш, «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» қызметіне 148 өтініш түссе, бұл қызметтер бойынша құжаттар өтініш иелерінің өз қалауымен бөлім арқылы қабылданды. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметіне 842 құжат қабылданса, оның 791-сі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, қалған 51 өтініш бөлім арқылы қабылданды. Осындай баламалы түрде көрсетілетін 5 қызмет бойынша бүгінгі күнге дейін өтініштер түскен жоқ. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» қызметіне құжаттар қыркүйек, қазан айларында қабылданады.
Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуы тұрақты назарда ұсталынып отырады. Көрсетілетін қызметтер жөнінде жан-жақты ақпарат қамтылған стенд көрнекі жерде орналастырылған. Келушілерге қызмет көрсету талапқа сай жолға қойылған. Басшылыққа алынатын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары толық сақталады. Осы уақытқа дейін бұл мәселеде тұтынушылардан шағым болған жоқ.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру біздің басты мақсатымыз болып қала бермек.
Ырғыз аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
Сапалы қызмет - уақыт талабы
Қай кезде болмасын ең алдымен халыққа уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет түрін ұсыну мемлекетіміздің алға қойған мақсаты. Ырғыз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі де аталған қағидаттарды басшылыққа алып жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы заңында «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты анық көрсетілген. Бөлімде көрсетілетін қызмет бойынша Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар облыстық, республикалық дәрежедегі спорттық жарыстардан жүлделі орын алған жасөспірімдерге беріледі. Ал біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын жоғары деңгейден көрініп жүрген спортшылар мен төрешілерге беріледі.
Жалпы құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы жүзеге асырады.
А.Нұрекешов,
аудандық дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бас маманы.
Халыққа сапалы қызмет көрсету - барлық мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің міндеті. Бұл туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында үнемі айтып келеді. Ырғыз аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі де жергілікті тұрғындар үшін тиісті дәрежеде жұмыс жасап келеді. Аталған бөлімнің бірнеше қызмет түрі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 171 қаулысымен бекітілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын негізге ала отырып, қызмет көрсетеді.
Біз, осы мақалада «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты туралы терең мағлұмат береміз.
Аталған қызмет түрінің ережесінде біріншіден тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі айтылған. Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетіндігін айтқымыз келеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне келер болсақ, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні, құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты отыз минут. Ал, порталда – бір жұмыс күн ішінде.
Информация о работе Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – басты міндет