Меншікке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:16, реферат

Описание работы

Казақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі қоғамның саяси жүйесінің түрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату қажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен қатар дербес, басқа биліктерді толыктырушы, екінші жағынан олардың кызметінің заңда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.

Содержание работы

Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның құрамы
1.2.Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
1.3.Конституциялық Кеңес
1.4.Орталық Сайлау Комиссиясы
ІІ.Мемлекеттің Қызметі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның құрамы.DOC

— 101.00 Кб (Скачать файл)

                                                      Жоспар

 

Кіріспе

І.Негізгі бөлім

1.1.Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның құрамы

1.2.Қазақстан Республикасының Парламенті

а) Сенат

б) Мәжіліс

1.3.Конституциялық Кеңес

1.4.Орталық Сайлау Комиссиясы

 ІІ.Мемлекеттің Қызметі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Казақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.

Әлемнің өркениетті елдеріндегі  өмір тәжірибесі қоғамның саяси жүйесінің  түрақты өмір сүруі үшін билікті  ажырату қажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен қатар дербес, басқа биліктерді толыктырушы, екінші жағынан олардың кызметінің заңда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.

       Жалпы  күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.

     Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.

    Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы  бойынша Президентік республика  болып табылады. Қазақстанның Үкіметі  атқарушы тармақ өкіметін басқарады.  Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.

    Өкіметтің  Соттық тармағы Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотымен басқарылатын  жалпы юрисдикциясы бар соттар  жүйесімен ұсынылады. Қазақстан  Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық  қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.

    Қазақстан  – әкімшілік-территориялық бірлік  болып келетін аймақтарға бөлінген  унитарлы мемлекет.

 

                           1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі     

     Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметінің басқаруын іске асырады.

    Үкімет Премьер-Министрдің  тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде ұсынысы бойынша Президентпен құрылады және өзінің барлық қызметі мен іс-әрекеттерінде Президенттің алдында жауапты. Сонымен қатар, өзінің қызметінің бағдарламасы бойынша Парламенттің алдында жауапты болады.

Үкімет мүшелері Қазақстан  Республикасының Президенті мен халқы алдында ант береді.

        1999 жылғы 13 қазан күні Президенттің қаулысы бойынша келесі Қазақстан Республикасы үкіметінің құрылысы анықталды:

 

  • Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының юстиция министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі (2003 жылдың 13 қыркүйектен Президент Жарлығы);
  • Қазақстан Республикасының ақпарат министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000 жылдың 14 желтоқсаннан Президент Жарлығы);
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
  • Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
  • Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (2001жылдың  21 қазаннан Президент Жарлығы);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясын жүргізуші.

 

                 1.2. Қазақстан Республикасының Парламенті

    1995 жылы 30 тамызда  бүкілхалықтық референдумда қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясына  сай Қазақстан Республикасының  Парламенті заң шығарушы функцияларды  іске асыратын Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс екі платасынан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 6 жыл, ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Парламенттің депутаты Қазақстан халқы алдында ант береді. Палаталар әр палатада жеті адамнан аспайтын тұрақты комитеттер құрайды.

    Парламент  депутаттары үкіметпен қатар,  заң шығарушы инициативасының  құқығына ие болады. Ол тек  мәжілісте ғана күшке енеді. 

   Парламент: Президент ұсынысымен Конституцияға өзгерістер енгізеді, республикалық бюджетті бекітеді, Республиканың Премьер – Министрін Ұлттық Банктің Төрағасын тағайындауға рұқсат береді, бейбітшілік және соғыс сауалдарын шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты халықаралық міндетті орындауға Республиканың Қарулы Күштерін қолдануға Республика Президентінің ұсынысын қабылдайды.   

 

                                                           Сенат

     Сенатты, барлық өкілді органдар депутаттардың біріккен отырысында, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланып отыратын депуттар құрайды. Жеті депутат сенаттың өкілеттік мерзіміне Республиканың Президентімен тағайындалады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Сенатқа депутаттардың сайлануы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру түрінде іске асады. Сайланатын сенат депутаттарының жартысы әр екі жыл сайын қайта сайланып отырады.

    Сенаттың депутаты  ғ жылдан кем емес азаматтықта тұрған, 30 жасқа жеткен, жоғарғы білімді және бес жылдық стажы бар, Қазақстан Республикасы территориясының лайықты облысында, республикалық маңызы бар қаласында немесе республика астанасында 3 жылдан кем емес тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

  Сенаттың басқаруына:

    Қазақстан  Республикасы Президентінің ұсынысы  бойынша Жоғарғы Сот Төрағасын,  коллегия төрағасын және Жоғарғы  Сот судьяларын сайлау және  қызметтен босату;

  • Республика Президентінің Бас Прокурорды, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру;
  • Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын дербес праволығынан айыру;
  • Жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын қысқарту;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жіберу;
  • Республика Президентінің қызметтен босату жайындағы істі қарау және оның нәтижелерін палаталардың біріккен отырысында қарауына шығару;

                                               Мәжіліс

    Мәжіліс әкімшілік – территориялық бөлініс есебімен және бірдей халық саны есебімен құрылған бірмандаттық территориялық округ бойынша сайланатын 77 депутаттан тұрады. Соның ішіндегі 10 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалдық өкілділік және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің территориялық жүйесі арқылы сайланады.

    Мәжіліс депутаттарының  өкілеттілік мерзімі – 5 жыл.  Депутаттардың сайлануы жалпы,  тең және тура сайлау құқығы  негізінде жасырын дауыс беру  түрінде іске асады.

   Мәжіліс депутаты  болып жасы жиырмаға жеткен республика азаматы бола алады.

   Мәжілістің  ерекше басқаруына:

    • Заң жобаларын қарауға қабылдау және талқылау;
    • Парламентпен қабылданған заңдарға, Президенттің қарсылығы бойынша, ұсыныстар дайындау;
    • Президенттің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасын, оның орынбасарын, секретарін және мүшелерін қызметтікке тағайындау немесе одан босату;
    • Республика Президентінің кезекті сайлануын жариялау;
    • Маманданған Юстиция Коллегиясының құрамына екі депутатты жіберу;
    • Республика Президентінің мемлекеттік опасыздық жасаужағдайында оған қарсы айын тағу жатады.

                 Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі

    Қазақстан Республикасының  Конституциясына сай 1995 жылы тамыз  айында құрылды.

    Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі өкілеттілік мерзімдері алты жылға дейін созылатын жеті мүшеден құралады. Өздерінің құқықтары бойынша Конституциялық Кеңестің өкілеттілік мерзімдер шексіз мүшелері республиканың экс-Президенттері бола алады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Республика Президентімен тағайындалады. Дауыстардың тең екіге бөлінген жағдайында оның шешімі ақырғы болып саналады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екі мүшесі Сенат Төрағасымен, екеуі Мәжіліс Төрағасымен тағайындалады. Қалған жартысы әр үш жыл сайын жаңарып тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасының және мүшесінің қызметі депутаттық  мандатпен сай бола алмайды, яғни олар ғылыми не өнеркәсіптік істен басқа төленетін коммерциялық не кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алмайды.

   Конституциялық Кеңестің  ұйымдасуы мен қызметі конституциялық  заңмен реттеледі. Конституциялық  Кеңес Қазақстан Республикасының  Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс  Төрағасы, Парламен депутаттарының  жалпы санының бестен бір бөлігінен кем емес депутаттардың, Премьер-Министрдің сұрауы бойынша:

    • Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлануының және республикалық референдумның дұрыс өткендігі жайындағы сұрақты шешеді;
    • Президенттің қол қойғанға дейін, Парламентпен қабылданған заңдардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
    • Республиканың халықаралық келісімдерінің бекіту мерзіміне дейін олардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
    • Конституциялық нормаларға ресми түсініктемелерді береді;
    • Орнатылған конституциялық процедураларды сақтау жайындағы қорытындыны береді;

                                    Орталық Сайлау Комиссиясы

    Орталық Сайлау Комиссиясы  тұрақты қызмет ететін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органы  болып табылады. Сайлау жүйесінің  демократиялық принциптерінің іске асырылуын қолдайды және сайлаушылардың еркін өз қалауы бойынша сайлау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Отралық Сайлау Комиссиясы Республиканың сайлау жүйесінің органдарын басқарады.

Отралық Сайлау Комиссиясының басты  қызметтері болып:

  • Сайлау жайлы Қазақстан Республикасының заң шығарылуының іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Сайлау бойынша сайлау комиссиясының қызметін басқару;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының және Республиканың территориясында тіркелген қоғамдық бірліктердің сайлау құқығын қамтамасыз ету;
  • Сайлаудың дайындығын ұйымдастыру және өткізуді бақылау;

    Орталық Сайлау Комиссиясы төраға, төраға орынбасары, секретарі және төрт мүшесі бар құрамнан құралады. Комиссияның арнайы құрамы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Парламентпен сайланады. Және де оның құрамына өзгертулер Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламентпен енгізіледі.

    Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері.   Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. олардың жалпы сипаттамасы.

 

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар