Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:16, реферат
Казақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі қоғамның саяси жүйесінің түрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату қажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен қатар дербес, басқа биліктерді толыктырушы, екінші жағынан олардың кызметінің заңда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.
Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның құрамы
1.2.Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
1.3.Конституциялық Кеңес
1.4.Орталық Сайлау Комиссиясы
ІІ.Мемлекеттің Қызметі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б.
Фунқцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқықшығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді.
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады.
Функциялар теориясы а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды; б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді; в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгертілер енгізудің қажеттігіне бағыттайды.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтіқ мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.
Адамдардың өндіріс, орйаластыру
және алмастыру саласындағы
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың код саласын өз қарауына алғысы келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет қарауына өтіп кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып, тиіміділігін жоғалтты. Соңғы кездері экономикалық функция күрделі өзгерістерді басынан еткерді: меншікті жекешелендіру және мүлікті мемлекет меншігінен тартып алу шаралары жүргізілді, мемлекеттік реттеудің, экономиканың дамуына ықпал ету мен бақылау жасаудың нысандары мен әдістері өзгерді.
Адамдардың, әсіресе қысымға
ұшыраған адамдардың материалдық және
рухани қажеттіліктерін
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер де жатады:
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және байыту.
Мемлекеттің басқа бір сыртқы функциясы — көршілес, сондай-ақ басқа мемлекеттермен қатынасты жөндеу функциясының да мәні зор. Мұндай қатынастар мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге, онда толық құқықты субъекті және партнер ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Олардың нысаны әр түрлі дипломатиялық қатынастар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық құрылымдар жағынан байланыстар. Мемлекеттер арасындағы қатынастарға ресми сипат пен жария мәртебе беретін дипломатиялық қатынастар ерекше роль атқарады. Олардың шеңберіндс мемлекеттер арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстар нығайып, көптеген өмірлік мәселелер өзара түсіністік негізінде шешіледі. Белгілі бір жағдайларда (екі жақтың да ұмтылысы мен пайдасы болған кезде) мемлекетаралық қатынастар тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қатынасына айналуы мүмкін, ол жасалатын келісім-шарттардан (мысалы, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер), сондай-ақ олардың үкіметінің міндеттемелерін сақтауына көбірек көңіл бөлуінен, бастамаларды өзара қолдаудан, аталған мемлекеттердің сыртқы саяси акцияларын үйлестіруінен көрініс табады.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары таралып, оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері демократияландырылады.
Қорытынды
Қорыта келгенде қолданып отырған жіктеу практикасы ең алдымен, теориялық базалық модельді көрсетеді. Бұл нақтылы өмір сүріп отырған жүйені зерттеу үшін ғылымда әлі жеткілікті түрде материал қалыптасты деп айту ерте.
Қазақстанда президенттік, премьер-министрлік институтар өмір сүреді. Президент өкімет басшысы болып есептеледі және ресиубликадағы бірыңғай атқарушы өкімет билік жүйесін басқарады. Яғни атқарушы өкімет парламентке емес, президентке бағынатын болғандықтан, республикадағы басқару жүйесін президенттік түрге жатқызуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
Алматы, 2002 ж. 275-307 бб.