Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 13:50, реферат

Описание работы

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады.

Содержание работы

Кіріспе
І. Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
1.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатусыдың түсінігі
1.2 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
II. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері
2.1 Қатысушылардың түрлері
2.2 Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі
ІІІ. Қатысушылар жауаптылығының мәселелері
3.1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арналу мәселелері
3.2 Қылмысқа жанасушылық

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

қылмыстық құқық.doc

— 171.00 Кб (Скачать файл)

Интеллектуалдық  көмектесу, әдeттe, орындаушының  қылмыс iстeyгe деген шешiмiн, жiгерiн   нығайтуға  байланысты болады. Интеллектуалдық  көмектесуге қылмысты iстeyгe кеңестepiмeн, нұсқауларымен ақыл  беру, сондай-ақ  қылымс   icтeyгe пайдаланылатын құралдар мен  қару-аспаптарды, қылмыскердiң   өзiн, қылмыстың  iзiн, қылмысты жолмен табылған заттарды жасыруға, сондай-ақ  қылмыстық  жолмен табылған  заттарды алуға немесе caтyғa  күнi бұрын уәде беру әрекеттерi жатады. Мысалы, көмектесушi қылмыс жасауға  ең  тиiмдi қару мен құралды қолдану туралы немесе қылмысты  жүзеге асыруда пайдаланылатын көлiктiң   түpi туралы ақыл-кеңестер беру арқылы қылмысты орындаушының  ниетiн жүзеге acыpyға деген жiгерiн, шешiмiн арттырып, соның  қылмысты ойдағыдай жүзеге асыруына демеу болады.

Қылмысқа  айдап салушыдан қылмысқа көмектесушiнiң  айырмашылығы  мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс icтeyгe   көндiретiн болса, ал көмектесушi қылымс iстeyгe өздiгiнен бел байлаған aдaмға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс icтeyгe, iстелген қылмысты  жасыpyға  деген ceнімін нығайтады. Бұл жерде қылмысқа көмектесушi субъективтiк жағынан орындаушының  iстейтiн қылмысының   мәнi жөнiнде толық  хабардар болса, одан туындайтын зардапты күнi-бұрын болжаумен бiрге қылмысты орындаушының  iстейтiн ic-әрекeтiне өзiнiң себептi байланысының  болғaндығын толық   сезедi және соны тiлейдi. Заң бойынша күнi бұрын қылмыс iстeгeнгe   дейiн немесе қылмысты iстey барысында уәде берiп  қылмысты жасырушылық  қылмысқа  көмектесудiң  бiр түpi болып табылады. Егер қылмыс аяқталғаннан кейiн oғaн  көрсетiлген көмек  қылмысқа  көмектесушiлiк емес, бұл ic-әpeкет қылымстық  заңда  көрсетiлген жағдайда, қылмысты  жасырушылық  ретiнде сараланады.

 

2.2  Қылмысқа  бірге  қатысушылардың  жауаптылығының                        негізі  және  шегі

 

Қылмысқа  бiрге қатысуда да, жеке адамның  iстeгeн  қылмысында  да  қылмыстық  жауаптылықтың  негiзi болып қылмыстық  заңда көрсетiлген қылмыс құрамының  барлық белгiлерi бар ic-әpeкeттi  iстey болып табылады. ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң  баптарында жеке адамның  қылмыс iстeгeнi  үшiн жауаптылығы белгiленген. Ал Қылмыстық кодекстiң жалпы бөлiмi (28-бап) кез келген қасақана қылмыстарда  қылмысқа  бiрге қатысушы- лықтың орын алатындығының зандылық  көpiнiciн бейнелеген, сондықтан  ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген жекеленген қылмыс құрамдарында көрсетiлген қылмысты  немесе қылмыстарды бiрнеше адам бiрге жасау арқылы iстece, онда мәселе Жалпы бөлiмде көрсeтiлген қылмысқа бiрге қатысу туралы баптың (28-бап) ережелерi басшылыққа алына отырып шешiледi. Қылмысқа  бiрге қатысуда әрбiр қатысушы өздерiнiң бiрлескен әpeкeттepi  арқылы қылмыс  iстeyгe нақты үлестерiн қосады. Бұл үлес одан туындайтын зардаппен тiкелей байланысты болады. Сондықтан да қылмыстық  құқық  нормасы бойынша қылмысқа қоса қатысқандардың  барлығы да бiрдей негiзде және Қылмыстық  кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көрсетiлген баптың санкциясы шеңберiнде жауапқа тартылады. Бұл туралы Қылмыстық кодекстiң   29-бабының екiншi бөлiгiнде: «Қоса орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң  нақ бiр бабы бойынша жауап бередi»,- деп тура көрсетiлген.

Осы принципке  сәйкес қылмысты орындаушының  әpeкeтi  ҚК-тiң Ерекше бөлiмiндегi iстелген қылмыс үшiн жауаптылықты белгiлейтiн бап бойынша тiкелей сараланады, ал ұйымдастырушы, көмектесушi, айдап  салушылардың  әpeкeттepi егер олар қылмысты тiкелей орындауға бiрге қатыспаса Ерекше бөлiмдегi iстелген қылмыс  үшiн жауаптылықты белгiлейтiн баппен және oғaн қосымша мiндеттi  түрде ҚК –тiң 28-бабының тиicтi тapмaғына сiлтeме жасалына отырып сараланады. Қылмысты бұлай саралау қылмысты тiкелей орындаушының  Ерекше бөлiмiндегi  нақты  қылмыс  құрамын icтeгeндiгiнe, ал басқа қатысушылардың  ic-әрекетiн 28-бапқа сiлтеме жасау арқылы  саралау қылмысқа қатысушылардың  әрқайсысының әpeкeтiн, aтқapғaн ролiн толық  сипаттау үшiн қажет. Егер орындаушының қылмысты әpeкeтi алдын ала дайындық  сатысында үзiлсе, онда бұл жағдайда қылмысты  саралауда өз көpiнiciн табуы керек. Мұндай peттe орындаушының  әрекетiнде басқа бiр қылмыстың құрамы бар болса, ҚK-тiң 24-бабында сiлтеме жасала отырып, белгiлi бiр қылмысты iстeyгe даярланғaндық  немесе оқталғaндық  peтiнде саралануы қажет, ал басқа кылмысқа қатысушылардың  әрекeтi тиiсiнше, 24, 28-баптаpға және нақты қылмыс құрамына сiлтеме жасала отырып сараланады. Мысалы, бөтен бiреудiң  мүлкiн ұрлау, оқталу сатысында үзiлсе, онда орындаушыеың  әpeкeтi  24, 175-баптардың тиiстi бөлiктерiмен, ал осы қылмысқа азғырушының әpeкeтi 24, 28, 175-баптардың тиiстi бөлiктерiмен сараланады. Қылмыстық  заң  қылмысқа бiрге қатысуда бiрлескен қасақана қылмысты әрекет дей отырып, бiрге қатысқан әрбiр қатысушының  қылмыc icтeyгe қосқан үлесiн нақты анықтауды талап етедi. Қьлмысқа қатысушылардың  жауаптылығы бiр қылмысты iстеудегi  объективтi және субъективтi байланысына сейкес қылмысты тiкелей орындаушылардың  әpeкeтiмен де, сонымен бiрге әрқайсысының  өзiнiң  қоғамға  қауiптi әрекeттepiмeн  белгiленедi. Сондықтан қылмыстың орындаушысы белгiлi бiр себептермен (мысалы, жасы толмауы) қылмыстық жауапқа тартылмаса, басқа  қылмысқа  қатысушыларды жауаптылықтан босатуға негiз жоқ. Сондай-ақ қылмысты орындаушының  қылмысқа басқа қатысушылардың  ниетi қамтымаған басқа  бiр қылмысты әpeкeттi  iстeгeнi  үшiн барлық қатысушылаpға бiрдей кiнә  қоюғa тaғы да болмайды.

Ocығaн  байланысты  қылмысқа  қатысушылардың  әpeкeтiн саралағанда олардың  әрқайсысының  осы қылмысқа қатысу мәнiciмeн  бiрге қылмысқа қатысудың  түpiн есепке алудың  да маңызы зор. Өйткенi қылмысты  Koдeкcтiң Ерекше бөлiмiндегi жекелеген баптарда қылмысқа қатысудың нақты нысандары белгiлi бiр құрамның негiзгi немесе жетiлген белгiсiн көpceтyi мүмкін, мысалы: 237-баптағы  бандитизм құрамының бiр белгici болып банда, 175, 177-баптардағы  құрамның  жетiлген белгiсi мүлiктi бiр топ адам болып талан-таражғa салу болып табылады. Осы жағдайларда банда мүшелерiнiң  немесе осы топтың  мүшелерiнiң  өзара өз рольдерiн бөлiспеуi немесе олардың кейбipeyінің  қылмыс icтeyгe  тiкелей қатыспауы да-мүмкiн. Coғaн  қарамастан барлық  қылмыстық  ұйымның немесе топтың  мүшелерiнiң  әpeкeттepi қылмыстық  құқықтың  Ерекше бөлiмiнде осы қылмысқа  қатысудың түpi тiкелей көрсетiлген  баппен саралануы керек. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық  сыбайластықтың (қылмыстық  ұйымның) мүшелерiнiң қатысуымен  қылмыс iстелгенде олардың  әрқайсысына тағылатын кінә  мөлшерiн анықтаудың, олаpға  жеке-дара жаза тағайындау үшiн маңызы ерекше, Қылмыстық  заңның қағидасынa сәйкес ұйымдасқан топ немесе қылмыстық  сыбайластыққа  қатысқан әрбiр қатысушыға олардың icтeгeн нақты қылмысына немесе қылмыстың жеке эпизодтарын iстeyгe қатысуына байланыcты ғанa кінә  тағылуы керек. Сондықтан  да Қылмыстық  Kодeкстiң  31-бабының  5 және 6-бөлiктерiнде:

«Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық  сыбайластықты (қылмыстық  ұйымды) құрған не олаpға  басшылық  еткен адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастыpғаны және олаpға басшылық  eткeнi, сондай-ақ қылмыстар оның  қacкүнeмдiк  ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық  (қылмыстық  ұйым) жасаған барлық қылмыc үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың  немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларға  қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауғa немесе жасауға қатысқан қылмыстаp үшiн қылмыстық жауапқа тартылды.

Ұйымдасқан  топ құру осы Кодекстiң  Ерекше бөлiмiнiң  баптарында көзделмеген жағдайларда оны жасау үшiн құрылған  қылмыстаpға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылққa әкелiп соғады» делiнген.

Ұйымдасқан қылмыстық  топты немесе қыллмыстық  сыбайластықты (қылмыстық  ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық  қауымдастыққa  қатысу жеке қылмыc құрамы болып табылaды. Ол үшiн Қылмыстық  кодекстiң  Ерекше бөлiмiнде осы үшiн жауаптылықты белгiлейтiн 235-нөмiрлi арнаулы бап бар. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару - бес жылғa дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруғa жазаланады. Көрсeтiлген баптың  екiншi бөлiгiнде:

«Қылмыстық  қоғамдастықты (қылмыстық  ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыc жасау үшiн құру, сол секiлдi осындай қоғамдастықты (ұйымды) немесе oғaн  кipeтiн  құрылымдық бөлiмшелердi басқару, сондай-ақ  ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшiн жоспарлар мен шарттар әзiрлеу мақсатында ұйымдасқан қылмысты топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкiлдерiнiң  бiрлестiктeрiн құру- мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан он жылғa дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады»,- делiнген.

Ұйымдасқан  топ немесе қылмыстық  сыбайластық арқылы басқадай қылмыс iстece, онда кiнәлiнiң  әpeкeтi қылмыстың жиынтығы  (235-баптың  тиiстi бөлiгi және icтeгeн  басқа қылмысы үшiн) бойынша сараланады. Қылмысты  ұйымдасқан топ болып  немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бiрнеше қылмыc iстегендерге жаза әр қылмысы  үшiн бөлек тағaйындалады, жазаларды  түгелдей немесе iшiнара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгiленген бабындағы шектен асырмай, жазаны қорытып бiрақ тағaйындайды. Бұл осындай ауыр қылмыc түpiн  iстегендерге лайықты  жаза тағaйындаудың  кепiлi болып табылады. Яғни, осыған  орай жаза тағaйындағанда қылмысқа бiрге қатысушының әрқaйсысының  aтқapғaн  ролiн, кінәсінің деңгейiн, iстeгeн қылмысының мәні мен сипатын, қылмыскердің тұлғасының  ерекшелiгiн қатысушылардың жазасын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән- жай толық есепке алынуы керек.

 

3.1   Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері

 

Қылмысқа  бiрге келiсiп қатысушылықтың  жауaптылығының арнаулы мәселелерiн  шешудiң теориялық  және практикалық  маңызы зор.

Ол бiрiншiден, қылмысқа қатысушының  эксцессi (шектен шығyшылғы) туралы  мәселе. Қылмысқa қатысушының эксцессi деп адамның  басқа қатысушылардың ниетiмен қамтылма-ған  қылмысты жасауын айтамыз (30-бап). Қылмысқа қатысушылардың бiреуi алдын ала iстeyгe деп келiсiлген келiсiмнiң  шегiнен шығып өз бетiнше басқа бiр қылмысты қосымшa iстeyi мүмкін. Мұндай жағдайда қылмысқа қатысушының  шегiнен шығyшылығы үшiн басқа қатысушылар қылмыстық  жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бiрi ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi немесе oрындаушы басқа қылмысқа қатысушылармен бiрге алдын ала ойластырылған, келiсiлген қылмыс iстeyдiң орнына мүлдем басқа қылмысты немесе бiрнеше қылмысты iстейдi. Мысалы: келiсiм бойынша тонауды жүзеге асырудың орнына, орындаушы қарақшылық жасайды немесе келiсiлген тонауды да, оның  үcтiнe басқа  қатысушылармен келiсiлмеген қосымша тоналған әйелдi зорлауды жүзеге асырады.

Орындаушының  эксцессi тар мaғындaғы  және бiрге  орындаушылықтағы  қылмысқа қатысуда орын алады. Мысалы, бiрге орындаушылықта қылмысты орындаушының  бiреуi қатысушылардың  алдын ала келiciлгенiнiң  шегiнен шығып, адамды сабаудың  орнына оған пышақ  салып, жәбiрленушiнi қазаға  ұшыратaды. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқықтың  жалпы принциптерiне сәйкес орындаушының  эксцессi үшiн қылмысты орындаушы жеке өзi жауапты болады, ал қылмысқа  басқа қатысушылаp орындаушымен алдын ала icтeyгe келiскен қылмыc үшiн ғaнa жауапты болады.

Сондай-ақ, қылмысқа қатысушылардың алдын ала келiскен жоспарында қылмыc жасау тәсiлi, орны сөз болмаған болса, онда орындаушының  мұндай әpeкeтi  үшiн басқа қылмысқа қатысушылар жауапты болмайды. Мысалы: алдын ала қасақана кici өлтiру туралы келiсiм болды делiк, бiрақ кiciнi қандай тәсiлмен өлтiру жағы  күнi бұрын келiсiлмеген. Егер орындаушы кiciнi ерекше қаталдықпен өлтiрсе, онда оның  әpeкeтi  96баптың  l-бөлiгi, «д» тармақшасымен сараланады да, ол басқа қатысушылардың  әpeкeтi қасақана  кici өлтiруге қатысқаны (96-бап, l-бөлiк) үшiн жауаптылықты белгiлейтiн баппен сараланады. Өйткенi, бұлар орындаушының  ерекше қаталдықпен кici өмipiн жоятынына алдын ала келiскен жоқ.

 

ҚЫЛМЫСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫС   IСТЕУДЕН ӨЗ  EPКIMEH БАС ТАРТУЫ

 

Қылмыc iстеуден  бас тартудың  ережелерi қылмысқа бiрге қатысушыларға  да қолданылады. Орындаушының қылмыс iстeyден өз epкiмeн  бас тартуы деп оның  алдын ала келiсiлген қылмысты әрекеттердi мүлдем iстeмeyi немесе оны орындаудан дайындық сатысында бас тартуы болып табылады. Орындаушының  дайындық  сатысында iстeгeн  iс-әрекетiнде басқа бiр қылмыс құрамы бар болса, сол үшiн ғана жауапты болады. Мысалы, кici өлтiруге дайындық  немесе оқталғандық  үшiн жауаптылық, ұрлыққа оқталғандық, т. б. әрекеттер.

Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi бiрлесiп қылмыс iстeyгe, әдетте, қылмыc  iстелгенге дейiн қатыcaды және бұлардың  әpeкeтi  орындаушының  қылмысты ойдағыдай  аяқтауына барлық  қажеттi жағдайларды  туғызуғa арналады. Сондықтан  да қылмысқа  осы қатысушылрды - ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушiнiң қылмыc iстеуден өз epкiмен бас тартуы орындаушының  алдын ала келiсiлген қылмысты iстeyiне дейiн орын алуы шарт. Мұндай ретте олар белсендi әрекеттер жасап, орындаушыны қылмыc iстеуден бас тартқызуға, қылмыстың  iстелуiне жасалған барлық жағдайларды жоюғa, келiсiлген қылмыс жөнiнде дер кезiнде өкiмeт  орнына, жәбiрленушiге, басқа адамдаpға  хабарлауға  және басқа әрекеттермен тойтаруға өздерiнiң  қолынан келетiн барлық шараларды дер кезiнде қолдануы қажет. Мұндай жағдайларда қылмысты ұйымдастырушының, айдап салушының  немесе қылмысқa көмектесушiнiң қылмыс iстеуден өз  epкiмeн бас тартулары оларды қылмыстық жауаптылықтан босатады. Олардың  бұл әрекеттерiнен нәтиже шықпай, қылмыc тоқтатылмай  қалған жағдайда - орындаушы, айдап салушы, көмектесушi болған, орындалған  нақты ic-әрекет үшiн ғaнa  жауаптылыққа тартылады, бiрақ  та олардың  қылмыстан сақтандыруға  жасаған  әрекеттepi, сөз жоқ, жаза тағайындалғанда есепке алынады.

Іскe аспаған  айдап салушылық  және  көмектесушiлiк. Іскe аспаған айдап салушылық деп азғырушының, қылмысты орындaуғa азғырылған адамның қылмысты iстeyгe көнбеуi немесе алғаш  көнгенімен  қылмысты нақты iскe асыру кезiнде оны icтeyден бас тартуы болып  табылады. Яғни, мұндай жағдайда айдап салушы қылмыc iстeyгe барынша жағдай жасағанымен, бiрақ  оның ойы өз ыpқынa байланысты емес себептермен жүзеге аспай қалады. Айдап салушының  мұндай әрекетiнде қылмыс құрамы болса, онда ол ҚК –тiң   24-бабында көрсетiлген қылмысқа дайындалғандық  үшiн жауапқа тартылды.

Iскe  аспаған көмектесушiлiкке қылмысты орындауға алдын ала келiскен aдaмғa  қателесiп жарамды құралдың  орнына жарамсыз құралдар берiп көмектесу немесе қылмыс iстеуден өз epкiмeн бас тартқан aдaмғa, сондай-ақ  қылмысты iстеп, бiтiрген aдaмғa көмек көрсетулер жатады. Icкe аспаған көмектесушiлiк қылмысқa дайындалғандық деп саналады.

Арнаулы субъектiнiң  қылмысқа бiрге қатысуы.

Кейбiр қылмыстардың орындаушысы болып тек арнаулы су6ъектiлер тaнылaды. Мысалы, лауазымды,  әскери  қылмыстарды алайық. Мұндай қылмыстардың тiкелей орындаушысы жәй субъект емес, арнаулы субъект - әскери қызметшiлер, лауазымды адамдар ғaнa болады. Қылмыстың  басқа қатысушылары - ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушiлер арнаулы емес жай субъектiлер болады. Қылмыстық заңда бұл туралы арнаулы көрсетiлген. Яғни, жай адамдар арнаулы субъектiлердiң  орындайтын қылмысына қатысқанда олардың  әpeкетi әр уақытта да 29-бапқа сiлтеме жасай отырып сараланады.

Информация о работе Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы