Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:48, реферат

Описание работы

Қылмыс ̶ бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан , оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет ̶ қылмыс деп танылады».

Файлы: 1 файл

құқық срс.docx

— 41.35 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Қылмыс  ̶  бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан , оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет  ̶  қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

  1. Қылмыс әрқашан іс  ̶  қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет  ̶  бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

  1. Қылмыс  ̶  бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
  2. Қылмыс   ̶  әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық  ̶  бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
  3. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
  4. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған[1].

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі  немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп атайды.

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де  жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана бірлесіп қылмыс жасауы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немес қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады[2].

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауапкершілік болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер болуы керек[3].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.1 Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік

 

Қылмыстық жауапкершілік  ̶  құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары  ̶  қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлеттік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау  ̶  кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мқндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауакершілікке тартылады.

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауакершілік 14 жастан басталады.

Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады[4].

Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті  кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.

Адам қылмыстық жауапкершілікке істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.

Мұның өзінде қылмыстық жауапкершілік оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауапкершілік те болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауапкершілік - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді[5].

 

      1. Қылмыстық жауапкершілік негіздері

 

    Қылмыстық жауаптылықтың  негізін дұрыс анықтау құқық  қолдану органдары қызметінің  заңдылықты қатаң сақтауының  кепілі болып табылады.

    Қылмыстық құқық  бойынша қылмыстық жауаптылықтың  негізі болып қылмыстық заңда  көрсетілген қылмыс құрамының  барлық белгілері  бар іс-әрекетті  істеу болып табылады (3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.                                  Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді.

    Адамның (қылмыс  субьектісінің) қылмыстық заңда  көрсетілген қоғамға қауіпті  іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік  жағы) кінәлі түрде қасақана немесе  абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті  жағы) қылмыс құрамының белгілері  болып табылады.

    Қылмыстың обьектісі  болып табылатын қылмыстық заң  қорғайтын қоғамдық қатынастардың  жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында  көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың  негізі болып қылмыс құрамы  болатынын білдік. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ[5].

2 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

 

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175 - бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175 - бабында ұрлықтың оған тән белгісі – басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.

Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі – оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы  - тонау болады.

Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада – бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314 - бап – қызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы  мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті  асыра пайдаланудың үш құрамы  көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде  осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істелген қылмыстары көрсетіледі.

Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне  сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге  оқталғанда қылмыстың зардабы – адам өлімі жоқ. Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар.Қылмыс құрамының заңдылықты  сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты  қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиетті борышы.Бұл азаматтардың  конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру   болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік