Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:48, реферат
Қылмыс ̶ бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан , оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет ̶ қылмыс деп танылады».
Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап).
Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық қылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (314-бап). Пара беру, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс дер саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын-ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз.
Келте қылмыс құрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалтыру (116-бап,1- бөлігі) жатады. Бұл құрам бойынша заң шығарушы аяқтау уақытының зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Келте қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады. Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді[7].
3 ҚОРЫТЫНДЫ
Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық жауапкершілік деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптаушылығын айтамыз.
Қылмыстық жауапкершілік өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауапкершілік айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауапкершілікте айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауапкершілік бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауапкершіліксіз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауапкершілік және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. Негізгі бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен элементтерін қарастырдым.
Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыс құрамының түрлерін қосымшада көрсеттім.
Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, қылмыстық жауапкершілік және оның негіздерінің институттары бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР