Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді ел ретінде өз ата заңын өзінің төл Конституциясын құруы тиіс болды. Әрине Конституция жобасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің үлгілерімен, сонымен қатар шет елдерден заңгер практиктер консультанттар келіп көмектесті. Қазақстан өз Конституциясын 1993 жылы қабылдады, бірақ уақыт сынында жаңа заман талабына сай конституция қабылданды. Қазақстан ата-заңының мәнін ашып көрсету мәні мен мағынасы ең өзекті мәселе болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................................4

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы
1.1 Конституция мемлекеттің негізгі заңы......................................................................5
1.2 ҚР 1993жылғы Конституциясы.......................................................................................7
1.3 Конституция – қоғамдық қажеттілік заңдар жинағы......................................8
ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет
2.1 Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет….........……...................................13
2.2 Қазақстан Президенттік республика........................................................................16
2.3 Қазақстан Республикасындағы халық билігі.......................................................21
Қорытынды.....................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 26 б.вввввв.doc

— 147.00 Кб (Скачать файл)

Ж о с п а р

 

Кіріспе..................................................................................................................................4

 

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.1 Конституция мемлекеттің  негізгі заңы......................................................................5

1.2 ҚР 1993жылғы Конституциясы.......................................................................................7

1.3    Конституция  – қоғамдық қажеттілік заңдар  жинағы......................................8

 ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет

2.1 Қазақстан Республикасы  егеменді мемлекет….........……...................................13

2.2 Қазақстан Президенттік  республика........................................................................16

2.3 Қазақстан Республикасындағы  халық билігі.......................................................21

Қорытынды.....................................................................................................................24

Пайдаланылған  әдебиеттер...................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді ел ретінде өз ата заңын өзінің төл Конституциясын құруы тиіс болды. Әрине Конституция жобасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің үлгілерімен, сонымен қатар шет елдерден заңгер практиктер консультанттар келіп көмектесті. Қазақстан өз Конституциясын 1993 жылы қабылдады, бірақ уақыт сынында жаңа заман талабына сай конституция қабылданды. Қазақстан ата-заңының мәнін ашып көрсету мәні мен мағынасы ең өзекті мәселе болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция тұрақты және ұзақ мерзімге жоспаланып жасалды. Осы Конституция негізінде елімізде басқа да заңды нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Бұл Конституцияның маңызын, құрылымын, өзектілігін және т.б осы курстық жұмыста мүмкіндегінше баяндау.

Курстық жұмыстың мақсаты:

  1. Конституция ұғымына анықтама беру және оның өзектілігін баяндау;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясына толық сипаттама беру;
  3. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясына сипаттама беру;
  4. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы бірінші бөлімнің бірінші бабындағы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік ұғымдарына жеке-жеке анықтама беру;
  5. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да нормативтік құқықтық актілердің қайнар көзі теориясын дәлелдеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

 

- Қазақстан Республикасының  егемендік алуы және тұңғыш коституцияның қабылдануын атап өту.

- Конституция мемлекеттің  негізгі заңы екенін тұжырымдау

- Конституция қоғамдық  қажеттілік заң және мемлекет  пен қоғамдағы реттеу мәнін  баяндау 

- Қазақстанның Президенттік  Республика және Конституциядағы  Президент бөлімін ерекше атап өту

 

 

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.1 Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

 

      «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген, қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді теңдік және татулық мұраттарына берген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып дүние жүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алды тілей отырып жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деп басталады еліміздің Ата Заңы.

      Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал, қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы  керектігін ешкімде дәл тауып  айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да олардың бәріне ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттің құрылымы түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация) мемлекетті басарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады. Мемлекеттің негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар  көзі болып табылады. Өзге номативтік актілердің бәрі конституциялық ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтанда оның басқа нормативтік актілерінде кездеспейтін өзіне тән белгілер болады.

      Конституция (латын. Constitutio – құрылу өнім ) қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін олардың түзілу реттілігі мен қызметін азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттік негізгі заңдылық мүдделерін  халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.

      Конституцияны жасауға саясатшылардың, философшылардың, әлеуметтанушылардың, құқықшылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелердің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттілік даналықтың жинақталған нысанының көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын  негізгі заң болғандықтан конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң  және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы Конституцияларын өзгертпей орнықты өмір сүріп келеді.

       Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымына барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік саяси құбылыс ретінде түсіндіреді. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбей сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды роль атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайларына қарай алаламайды. Түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жаттап шықпайды, өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық акті деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп яғни бүкіл халықтық бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек қоймай, тұтас халықты Конституциялық – Құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.

       Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттік, яғни бүкіл халықтық әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен , оған айрықша құқықтық әлеуметтік экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.

       Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының халқы осы Конституцияны қабылдаймыз деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы Конституцияны референдумда қабылдады.

       Қазақстан халқы Коституцияны қабылдаған соң бірден-бір субъектісі болғанынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепілі. Қазақстан халхы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылу нысандарын әлеуметтік экономикалық құрылысының негіздерін адам мен азаматтың мәртебесін анықтады.

        Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен  толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін.Былайша айтқанда, халық конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселерді де шешеді, референдум өткізу жөнінде шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Президенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.

        Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрды. Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген Президенттік басқару нысаны құқықтың қолданылуы айқындалған идеологияның және саяси алуандылық меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастау халық» деп жарияланған.

       Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелері «Адам және азамат» деп аталған ІІ бөлімде жинақталған берілген.

 

1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы – басқа да құқықтық нормативтік актілердің құқықтық қайнар көзі ретінде

 

      Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның барлық аумағында тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғарғы заңдық күші бар құқықтық нормативтік акт. Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде басқа да құқықтық нормативтік актілер қабылданады. Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде Азаматтық Кодекс, Қылмыстық Кодекс, Неке және отбасы Кодексі, Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы және Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы т.б. қабылданған. Егер құқықтық нормативтік акт Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарына қайшы келмеу керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарына кез келген құқықтық нормотивтік актінің қайшы келмеуін қадағалайтын орган бар. Ол – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум арқылы қабылданды. Қазақста Республикасының заң шығарушы органы – Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына Қазақстан Республикасының Президенті көп септігін тигізді. Қазақстан Республикасы Конституциясына 3 рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Алғаш 1997 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында, ал үшіншісі 2011 жылдың 2 ақпанында енгізілген болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясының 84 бабы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен алып тасталды. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарғылары, өкімдер, министрлердің нормативтік бұйрықтары да ел Конституциясына қайшы келмеу керек.

Қазақстан Республикасы, ең алдымен, демократиялық мемлекет. Демократия – халық билігі. Біздің еліміз демократиялық ел екенін біз Президентті, Парламенттің сенат және мәжіліс депутаттарын, жергілікті өзін – өзі басқару аумағындағы маслихат депутаттарын сайлаудан, ауыл әкімдерін сайлаудан және Республикалық Референдум арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуден көрініс табады. Халық өзі сайлаған депутаттар арқылы ел үшін маңызды мәселелерді шешуге, заң жүйесіне өзгеріс енгіздіруге қауқарлы. Сонымен қатар, біздің елімізде цензура жоқ. Біз кез келген мәселені өзіміз ашық жеткізе аламыз. Бұны БАҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның барлық аумағында тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғарғы заңдық күші бар құқықтық нормативтік акт. Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде басқа да құқықтық нормативтік актілер қабылданады. Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде Азаматтық Кодекс, Қылмыстық Кодекс, Неке және отбасы Кодексі, Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы және Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы т.б. қабылданған. Егер құқықтық нормативтік акт Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарына қайшы келмеу керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарына кез келген құқықтық нормотивтік актінің қайшы келмеуін қадағалайтын орган бар. Ол – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум арқылы қабылданды. Қазақста Республикасының заң шығарушы органы – Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына Қазақстан Республикасының Президенті көп септігін тигізді.  Қазақстан Республикасы Конституциясына 3 рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.  Алғаш 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында, ал үшіншісі 2011 жылдың 2 ақпанында енгізілген болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясының 84 бабы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен алып тасталды. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарғылары, өкімдер, министрлердің нормативтік бұйрықтары да ел Конституциясына қайшы келмеу керек.

Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде үлкен жұмыс жүргізіліп, 2007 жылғы мамырда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мадридте Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған (2007 жылғы қараша), Қазақстанның 2010 жылы ЕКЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім нәтижесінде еліміздің төрағалық етуінің басымдықтары егжей-тегжейлі қаралуда. Олардың қатарына мынадай мәселелер жатады: ЕКЫҰ кеңістігінде демократиялық институттарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылды жалғастыру; ЕКЫҰ-ның барлық мемлекеттерінің транзит-көлік әлеуетін, еуразиялық құрлықаралық көлік дәліздерін дамыту, экология лык проблемаларды шешу; Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім білдіру шаралары мен өңірлік қауіпсіздікті нығайту; ЕКЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін, атап айтқанда, лаңкестікке, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақпен және адамдармен сауда-саттыққа қарсы күрес салаларын дамыту, сондай-ак ЕКЫҰ-ның әріптес елі - Ауғанстанды қалпына келтіру. Аталған мәселелердің қай-қайсысы да маңызды. Жүйелі жұмысты, жауапкершілікті талап етеді.

1.3 Конституция –қоғамдық  қажеттілік заңдар жинағы

 

       Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсудігіне ие бслғаннан кейін егемен мемлекетпен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтың негізін қайта құру қажеттігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыс істелді. Мемлекетті басқару, эконмика,әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын ретейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдарды сапалы және тиімді жасауға заңгер ғалымдар мен заңдер практиктер қатысып, олар халхаралықұйымдар мен шетел мамандарының беделді сарапшылығынан  өткен болатын мысалы, қазақстан республикасының канституциясын бүкіл халық талқылап, республикалық референдумда қабылдады.   

      Сонымен қатар демократия мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтың мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай олардың қоғам мен мемлекет алдында да өз міндеттерін түсінбей, қоғамдық өмірдің маңызды жақтары заң арқылы ретке келтірмей құру мүмкін емес. Сондықтан заң білімін насихаттаудың, халықтың тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.

Қазақстан Республикасы  Президенттің 1995  жылы маусымның 21-де  қабылданған  Жалпыға  құқықты оқытуды   жүзеге   асыру    шаралары   туралы    қаулысының  зор   саяси  маңызы  бар Мектеп  жасына дейінгі   құқықыты   оқыту   және  құқықытық  тәрбие   мәселесінің  қажеттілігі   мемлекеттік    маңызы   бар     дәрежеге   көтеріліп  отыр.   Құқықты  оқыту,   мен   құқықтық   тәрбие  берудің    маңыздылығы  Қазақстан  халқының  алында    қалып   отырған   тарихи   мақсатына  - құқықтық   мемлекет   қажет    ол   қоғам   өмірінің    демократизациялауға,  адамгершілікке   баулыуға, адамдардың   жағдайына,   ұлтына, мүліктік   жағдайына,  қызметіне   жынысына т.с.с.  белгілеріне  қарап  кемсітуді   жоюға     бағытталады.  Жаңа   құқықтық   қоғамды  адамның  дамуына,  оның   барлық   қабілет мүмкіндігін  өзінің  және   қоғамының     игілігі   үшін      паьйдалануға   бағыттауы  керек.   Міне  осындай      құқықтық жүйе   Қазақстан   Республикасы   өз   егемендігін   иеленіп,   тәуелсіз   болғаннан бастап  қалыптаса  бастады.   Бірнеше  жыл   дербес   өмір   сүру   нәтижесінде Қазақстан Республикасында   көптеген   заңдармен   құқықтық   норм алапр  қабылданып,   олар адамдардың   өмірінің  түрлі  салаларын   реттеуге   бағытталады. Үш   жылда  Қазақстан   Республикасының   екі    жаңа   конституциясы    жасалып,  олар   бұрынғы    мемлекеттік мезанизмді    өзгертіп,   жаңа   мемлекеттік  және  қоғамдық   құрылысты   жасаулы,    жеке   меншікті   енгізу,   жаңадан   адамдардың   құқықтарымен   босатндықтарын   белгіледі,  түрлі   ұлттар   арасында    жаңа  қарым – қатынастар   бастады.

Информация о работе Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет