Демократия туралы ұғым және оның белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:53, реферат

Описание работы

Демократия деген сөз грректің “демос ” – халық және “кратос” – билік деген сөздеріәнен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлауы және көпшілігі дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Файлы: 1 файл

Демократия.doc

— 87.00 Кб (Скачать файл)

 

 

                                       Демократия

 

                  Демократия  туралы ұғым және  оның белгілері

 

    Демократия  деген сөз грректің “демос ” – халық және “кратос” – билік деген сөздеріәнен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

    Қазір бұл  сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлауы және көпшілігі дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

    Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

  1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстрып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға “халық үшін халық сайлаған халық билігін” жатқызды.
  2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т.с. болуға тиіс.
  3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болады. Солардың бәрін қалай теңдстіруге болады?  Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізгі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әректтер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды.

 

 

 

 

 

Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен  құқықтың өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтың теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

  1. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымыжоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өэіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт,ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жтты.Инквизацияны жақтанушылар үшін діннен безгендерді тірідейотқа жағу - әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жарысына жуығы қырылып, біразы болып кетті. 1986 жылы желтоқсанда  жастарды  қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
  2. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық,еркіндік үшін алаңға шыққан болатын.Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар,революциялар,өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке,әділеттілікке, еркіндікке,демокртияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек.Құқық пен заң адамды күйзелу,қорқыныш,заңдықтан құтқаруға міндетті.Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік бостандыққа байланысты.

    Сонымен біз  халықтың мемлекеттік билікті  жүргізуге қатысу              керектігі,құқық,теңдік,еркіндік жөнінде әңгіме еттік.Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл - әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол өкінішке орай,адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.

    Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдары сайлау жатады. Ең  алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.

    Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді,азшылықтың өз пікірі болуы,оны сыйлау,онымен санасу керектігі мойындалды.

 

 

 

 

    Қазіргі демократиялық  процесте мынадай демократиялық  рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайлаудың,демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай,шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.

    Демократия болу үшін  саяси,экономикалық,құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.

    Сонымен,демократия деп халық билігі,теңдік,құқық,әділдік,еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

    Халықтың билігі  ретіндегі демократия көбіне  утопиялық арман-аңсарды білдіреді.  Кейбіреулер оған жақындайды,кейбіреулерге  көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ,кейбіреулерге қиынға түседі.Дегенмен, ол – шындық, өмірдегі бағдар, нысана,қоғамның саяси дамуының мақсаты.Ағылшынның көп желдар Премьер-Министрі болған Уинстон черчилльдің айтуы бйоынша, демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның құндылығы сонда – бұдан атықты бүгінгі дейін ешкім ойлап тапқан жоқ .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Демократияның  антикалық теориясы

                       

Демократиялық мемлекеттің  ең бірінші түріне Афина республикасы жатады.Ол б.з.б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдар сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы – қаражатты жұмасы тәртібі ; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастықтарды айқындау;басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау  және т.с.с жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ  онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың,әйелдердің,басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады.Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне,сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады.Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын көбейтпеді.

    Халық кеңесімен  қатар демократиялық жолмен  сайланатын  бес жүздік ( бес жүз адамнан  тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы оргон ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық  кеңесінде қаралатын істерді дайындады.

    Афины мемлекеттік  құрылысының үшінші демократиялық  он бөлімінен тұратын халық  соты құрды. Істің қандай бөлімде  қаралатындығы сот болатын күні  жеребе арқылы шешілетін. Бұл  пара алушылық сияқты зиянды  әрекеттерге жол бере қоймады. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін.Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын.Олар  соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.

     Ежелгі  грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді.Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты.Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын.Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын,сатқысы келсе сататын.Бірақ ол жер өңделмесе,қауым оны басқа біреуге бере алатын.

     Полисте  азаматтық қоғам мен мемлекет  ажыратылмады.Азамат және мемлекеттің  құқығы мен міндеттері біртұтас  еді.Сондықтан өз құқығын басқа  біреуге беру деген ойға да келмеді.Ондай  жағдайда азамат толық  құқығынан айрылғандай болып көрінетін.

 

 

 

 

     Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және мендетті болатын.Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия,парламет,бюрократия сияқтылар болған жоқ .

 Афинылық демократия Периклдің(б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді.Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да асқан саясаткер; керемет шешен білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тииранияға қарсы тұрды.Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды.Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап,оларды қолдады.

   Ол өлгеннен  кейінгі жылдары саяси және  экономикалық теңдік біртіндеп  бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп,көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық,зорлық-зомбылық көбейді.  Осның бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп төмендетті.

    Б.з.б 322 жылы  афинылық демократия құлап, қала  Македонияға тәуелді болып қалды.  Афиныда демократиялық басқару  түрі сақталып, бірақ халық кеңесі  шын мәніндегі биліктен айырылды.

    Афиныдағы  сияқты демократиялық мемлекет  Ежелгі Римде де болды.Мұнда  демократия одан әрі дамыды. Институционалдық  және әлеуметтік билік бөлінді.  Басы бос,бірақ саяситең құқы  жоқ төменгі топтың адамдары  мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың  нәтижесінде халықтың трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.  

    Сонымен, мемлекеттік  биліктің демократиялық түрі  алғамш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осл жерлеріде бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырады. Биліктің мұндай түррінде халық заң бойынша емес, зорлықпен  тшексіз үстемдік  құратын жауыз патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінеді. Демократияның мұндай түрі тобырдан басқаратын көпірме, лепірме, даутель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап,ұстамады,үтымды,баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол жемократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады.

 

 

 

Дегенмен,антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зеттеп,оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі Грек Рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді . Мысалы, қазір ең демократияшы елдерқатарындағы АҚШ-та Римдік саяси жүйенің принцитері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік-патшалық билікті, синат – аристократияны,өкілдер палатасы- халық трибунаттын бейнеліп  тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы

 

    Жаңа дәуірдегі  демократияның класстикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық ажамдар тең бәріде саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны « қоғамдық келісім» деген еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастыды. Оның ойынша, саяси поцеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады,. Олар жиналып ортақ игілік иеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттық басшы принципіне айналады,және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі.Сөйтіп, жалпы жұрттың иықтиярын,  көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.

    Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдылық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адам үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссода демократияның  классикалық теорисымен негізін қалаушыларда адамның ұтымды, бьаянды жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдарың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтарың күнделікті өміріне тікілей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883-1950)Болды. Ол өінің ар\тымен аталған демократияның «шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойында, жалпы ықтиярлық, тілек барлық  халықтың еркімен қалыптаспаыды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институциоалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелестік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болу мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.

Информация о работе Демократия туралы ұғым және оның белгілері