Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:53, реферат
Демократия деген сөз грректің “демос ” – халық және “кратос” – билік деген сөздеріәнен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлауы және көпшілігі дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Либерализм
тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік
тираниядан сақталуын көздеді,
жеке адамды қоғам мен
азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азматтардыңм саяси теңдігін жария етті, азшылықтың құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітті.
Либералдық принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады.Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейде ол акцонерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айналады. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналады.
Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді:1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқвлв алынады. Сайлаушылар мен олардың сайлаған өкілдерінің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі – депутаттарға қатал талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері – мұны дұрыс санамайды. Себебі,олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, обылысына қатысты мәселелерді аманат етеді,ал парламенттегі саясатшы тұтас халық, ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу жәрежесін ол өзі табуы керек.
Шумпетердің
ойынша,демократияның
Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементттері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж.Локк пен Ш.Л.Монтескесье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж.Мэдисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның
алуан түрлілік теориясы саяси
процеске барлық азаматтардың
тікелей қатысу теориясынан
Қоғамда экономикалық, әлеутметтік,саяси, мәдени және т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық, мамандық,діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол счол топқа тқлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті- қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.
Саясатта топтың
қатынас тұжырымдамасын
топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты «түңгі күзетші» ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын,қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.
Демократияның төбе деп (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалауы топтар арасындағы күрес жатады.
Бұл теорияны
жақтаушылар халыққа өз
Жоғарыда аталған
теориялардан басқа
Францияның саясатшысы М. Рокар “ақпараттық демократия” деген тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша, қазіргі демократия сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы, Американың президенті Б.Клинтон жақында қазіргі Батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.
Демократияның
тура, плбисцитарлық, өкілдік
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдума маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкітмет басшысы немесе халықтың өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең таралған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тақтатылды. Қазақсстын Республикасында реферем арқылы Президеенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Констьитуция қабылданды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе қабылдамау құқығы беріледі.Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды.Мұнда халықтың жобаны тдайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшінде пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депудаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мсақсаттарының, бағдарламаларның жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзіреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістердің өрістеуі және т.б.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстауға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.
Сонымен қатар,
демократия – тарихи құбылыс.
Оны бір қоғамнан екіншісіне
қалай болса солай өшіруге
салуға боолмайды. Оны осы
Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйрену керек. Оған тез жету оңай емес. Дегенмен,ол өркениетті елдердің тарихи тәжірибелерінен белгілі болғандықтан демократияның өз өміршеңдігін дәлелдеген рәсімдерін, тәртәп,қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Информация о работе Демократия туралы ұғым және оның белгілері