Еліміздің көшбасшысы болуға кім лайық?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 21:54, творческая работа

Описание работы

Зерттеу агенттігі ағымдағы жылдың наурыз айында саяси элита ішіндегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде ықтимал мұрагерлерінің мүмкіндіктеріне қатысты объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізді.

Рейтингтік зерттеу Қазақстанның саяси элитасының 23 өкіліне қатысты жүргізілді. Оған қоса, сарапшыларға аталмыш орынға ие болу мүмкіндігі бар тұлғаларды атау ұсынылды.
Сонымен қатар зерттеу аясында болашақ мұрагерге тиісті саясаткерлердің 9 негізгі факторларының маңыздылығы есепке алынды.

Файлы: 1 файл

Слайд.pptx

— 1.44 Мб (Скачать файл)

 

Ықтимал мұрагерлердің жалпы рейтингісі 

Көшбасшылар тобы

 Рейтингтік көрсеткіштер арқасында көшбасшылар тобын төмендегі тұлғалар бастады:

 

1. Нұртай Әбіқаев, ҚР ҰҚК Төрағасы.

2. Кәрім Мәсімов, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі.

3. Тимур  Құлыбаев, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық қауымдастығының төрағасы.

4. Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі.

5. Марат  Тәжин, ҚР Мемлекеттік хатшысы.

6. Болат Өтемұратов, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

7. Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжісілінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.

8. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі.

 Зерттеу нысанына түскен басқа саясаткерлерге қарағанда Нұртай Әбіқаев ҚР Президентінің сенімі (6,22 балл) мен саяси ықпал етуі (5,8 балл) бойынша көшбасшы болып табылады. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевқа адалдығы, мемлекеттік аппараттағы түрлі маңызды орындардағы үлкен жұмыс тәжірибесі, ықпал етуші топтардан алшақтығы мен солардың арасындағы делдал ретіндегі үлкен қабілеті әсер етті. Былтырғы болған шекара қызметіндегі оқиғаларға қарамастан, Әбіқаевтың жалпы позициясы еш өзгермеді. Оған қоса, әлеуетті саладағы ықпал етуі (6,15 балл) мен ішкі билік элитасындағы басқа ықпал етуші топтар мен негізгі тұлғалар үшін тиімділігі (4,63 балл) бойынша көрсеткіштері жоғары. Әбіқаевтың орташадан жоғары балға ие болуы көбіне оның жасымен байланыстырылады. Сондықтан да осының бәрі постназарбаев уақытысында транзиттік тұлға ретінде шығуына әсер етеді.

 

 Былтырдан бастап Кәрім Мәсімовтың жалпы рейтингісі 2-ші орында қалды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Президент Әкімшілігінің жетекшісі болуы арқылы өзінің көрсеткішін біршама жақсартты. Мәселен, мемлекет басшысының сенімі (5,8 балл), саяси ықпал етуі (5,65 балл), әлеуетті саладағы ықпал етуі (4,54 балл) бойынша Нұртай Әбіқаевтан кейінгі орынға ие болды. Соңғы факторға былтырғы жылғы өткен құқық қорғау органдарының өкілдерін аттестаттау комиссиясының басшылығы әсер етті. Сондай-ақ, экономикалық ықпал ету (5,56 балл) бойынша Тимур Құлыбаевтан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Тимур Құлыбаевқа келетін болсақ, Жаңаөзендегі оқиғадан кейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағылығынан алып тастаса да, мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлер ішінде 3-ші орынға орналасты. Мемлекет басшысы тарапынан сенімі (5,05 балл) мен саяси ықпал ету (4,78 балл) деңгейі жоғары болып сақталды. Сонымен қатар басқа тұлғалармен салыстырғанда оның экономикалық ықпал етуі (5,98 балл) өте жоғары, ал биліктің жоғары эшелонындағы жақын жақтастардың (ықпал етуші топтар) бар болуы (5,59 балл) көрсеткішімен екінші орынға жайғасты. Оған қоса, Құлыбаев Қазақстанның сыртқы саяси әріптестерінен қолдау алу мүмкіндігі әлдеқайда басым (4,9 балл).

Рейтингтің жалпы 4-ші орнына Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ие болды. Қоғамдағы танымалдылығы мен әйгілілігі (6,22 балл) мен кәсіби қасиеттер (5,63 балл) көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып танылды. Ал саяси (5,27 балл) және экономикалық (4,75 балл) ықпал етуі бойынша төртінші орынды алды. Соңғы жағдайға қала мэрінің күйеу баласы Кеңес Рақышевтың экономикалық активтері ықпал етсе керек. Тек мемлекет басшысының сенімі мен қолдауы (4,68 балл) бойынша көрсеткіші төмендігі анықталды.

Былтырғы нәтижелермен салыстырғанда  Марат Тәжиннің рейтингтік позициясы 10-шы орыннан 5-ші орынға көтерілді. Бұған оның ҚР Мемлекеттік хатшы (көпшілік алдындағы деңгей) етіп тағайындалуы қатты әсер етті. Тәжиннің еншісінде – мемлекет басшысының сенімі (5,61 балл), саяси ықпал етуі (5,29 балл), кәсіби қасиеттер (5,56 балл). Ал әлеуетті саладағы ықпал етуі (4,41 балл) бойынша 3-ші орынды алды. Осы жағдайға көп жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқаруы септігі тиді.

Рейтингтің көшбасшылар  тобын Серік Ахметов аяқтап отыр. Оның ҚР Премьер-министрі болып тағайындалуы арқасында 14-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді. Сонымен қатар, билік элитасы үшін тиімділік деңгейі бойынша (4,21 балл) 3-ші орынға ие болып отып.

 

«Қосалқылар»  тобы

 Мемлекет басшысының ықтимал мұрагерлер санатының келесі тобына:

Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Қорғаныс министрі.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қорының басқарма төрағасы.

Нұрлан  Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

Қайрат  Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.

Қайрат  Қожамжаров, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Әсет  Исекешев, ҚР Вице-премьері – индустрия және жаңа технологиялар министрі кірді.

 

Жұмыс тәжірибесінің молшылығы мен ҚР Президентімен туыс болуына қарамастан, Ахметжан Есімов тек мемлекет басшысының сенім ресурсына (5,63 балл) ие. Басқа көрсеткіштер бойынша орташадан төмен бағаланды. Бәлкім, осындай төмен бағаларға ие болуы Есімовтың Алматы қаласының әкімі ретіндегі өзіне жүктелген міндеттерін толық атқармай отырғанына байланысты шығар.

 

Дариға Назарбаеваның  осал жері – ол әлі де болса бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевпен байланысты саяси мансабының кереғар заманынан өткермеді. Оған қоса, елдің саяси сахнасында кезіндегі «Асар» Республикалық партиясының жетекшісі секілді амал-әдістерді қолданып келеді. Осындай жол арқылы ол билік элитасындағы өзінің потенциалды оппоненттеріне ҚР Президенті мен жалпы саяси элита тарапынан наразылықты тудыруына алғышарт жасап отыр.

Осыған орай, ықтимал мұрагер позициясына үмітті тұлғалардың қандай да бір қозғалысы (тіпті мемлекет басшысы мақұлдаған жағдайда) ішкі билік элитасындағы оппоненттер тарапынан қатаң қарсы әрекеттер қолданылады. Сөйтіп, соңғылар үшін ҚР Президенті алдында аталмыш үміткерлердің беделін түсіру арқылы (соның салдарынан ықтимал мұрагер ретінде қарастыру мәселесін түсіру) тиімді.

Жалпы, елдегі биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету тұрғысынан аталмыш зерттеу саяси элита ішіндегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде ықтимал мұрагерлерінің мүмкіндіктеріне қатысты рейтингтік баға беру арқылы жалпы көрініс берді. Ал ықпал етуші топтардың кемінде аз мерзімдік уақытқа мемлекет басшының орнына болашақ мұрагерді жариялауы сәтсіз жоба ретінде қарастырылады.

 Себебі елдегі беделі және мықты позициялары арқасында қазіргі ҚР Президенті өзінің рұқсатынсыз билік сабақтастығы мәселесін шешуде қандай да бір қадамдарға жол бермейді. Сонымен бірге қазіргі таңда ішкі билік элитасында немесе оппозицияда онымен тең тұратындай тұлға жоқ.

Сондықтан да жоғарғы биліктің сабақтастығы мен Н.Ә.Назарбаевтың ықтимал мұрагерді таңдау мәселесі мемлекет басшысының қандай жол таңдайтынына немесе белгілі бір жағдайда оның қатысуынсыз ерік білдірілуіне байланысты.

Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы

15 мамыр 1947 2010 ж. 23 тамыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы2010 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. 
Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі – Төтенше және Өкілетті Елші. Әскери атағы – генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. 
1947 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауылы,

 

Жамбыл ауданында туған. 
Свердловск қ. (қазіргі Екатеринбург) Уральск политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 
1970-1972 жж. – Кеңес Армиясы офицерлік құрамында қызметте.  
1972-1976 жж. – Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы. 
1976-1984 жж. – жауапты партия-кеңес жұмысында.  
1984-1990 жж. – Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі. 
1990ж. мамыр-1991ж. маусым – Қазақ КСР Президенті аппаратының басшысы. 
1991ж. маусым-1994ж. маусым – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және Министрлер кабинетінің басшысы.

1994ж. маусым-1995ж. қазан – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы. 
1995-1996 жж. – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 
1996-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі.  
1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы. 
2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 
2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 
2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы.  
2007-2008 жж. – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 
2008ж.-2010ж. тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 
Қоғамдық қызметі: ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті. 
Наградалары: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Орден Дружбы" (Ресей), "Орден Почета" (Ресей) ордендері және медальдары. 
Үйленген. Екі ұлы, қызы және бес немересі бар.


Информация о работе Еліміздің көшбасшысы болуға кім лайық?