ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:40, реферат

Описание работы

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді.

Файлы: 1 файл

Саяси партиялар ж-не партиялы- ж-йелер.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

         ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар

XX ғасырдың басында  Қазақстанның экономикалық, саяси  және әлеуметтік жағдайы ауырлап  кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі  күшейе берді, одан қоныс аударған  қоныс аударушылар қазақтың шырайлы  жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкехановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «Делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейханов кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн  тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ  делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын  дайындау және қазақтың саяси партиясын  құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде  «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік респуплика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтиаты болуы керек; билік пен сот әр халақтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас  кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың  съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А.Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

«Алаш» партиясы жөнінде  ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (Григорьев, Пахмурный, Сармурзин) бұрынғы коммунистік  идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл) партия ретінде қарайды. Екіншілері ( Қозыбаев, Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгаршілікті қоғам құрғылары келді.

Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде «Алаш» партиясына қарсы  солшыл революциялық – демократиялық  ағымның бір бөлігі «Үш жүз» атты Қырғыз социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда «Үш жүз» атты газет шығарады.

1917 жылы наурызда Қазақстанның  оңтүстік облыстарында «Шура-и-Исламия»  партиясы құрылды. Осы партияның негізгі бағыты исламділік (исламизм) пен түріктік (тюркизм) болды. Ислам ұстаушылары «таза исламды» жақтады, ал тюркизмның жақтаушылары модернизм мен прагматизммен ерекшеленді.

1917 жылы маусымда «Шура-и-Исламия»  партиясының «таза ислам» жақтаушылары бөлініп өз «Шура-и-Исламия» партиясың құрды. Олардың негізгі мақсаты мұсылман және шариат қағидалардың негізінде мұсылмандардың заңды құқықтарын іске асыру.

1918 жылы 1 қаңтарда Семейде  большевиктердің партия ұйымы  құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезіндегі, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

 

Егемен Қазақстанның партиялардың қаыптасуы

Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде, әлбетте бұл жүйеге өтпелі кезеңге  сай тұрақсыздықта тән екенін де айтпауға болмайды.

1990 жылы КСРО-ның «Қоғамдық  бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Ортақ мүдде жолында халықтың  бірігу мүмкіндігінің жоғарғыдай  заңдастырылуы, қоғамда саяси  ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым көпшілігі уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған «қуыршақ»  партиялар болды. Жалпы саяси партия-пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.

Бүгінгі таңда белгілі  Қазақстандағы мемлекеттік-саяси  жүйесінің қалыптасу үрдісінің  кезенің дамытып, келесі 5 кезендерді белгілеуге болады:

1986 ж. аяғы – 1990 ж.  басы (бейресми бірлестіктердің  құрылуы);

Бастапқы кезең: 1990-1991 ж.ж. (партиялардың, қозғалыстардың, ұйымдардың құрылуы);

Орта кезең: 1991 ж. аяғы – 1995 (партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің  тіркелуі);

Кейіңгі кезең:1995-1999 ж.ж. (бір қатар саяси партиялардың құрылу кезеңі);

Қазіргі кезең: бұл кезең  Қазақстан Республикасының соңғы  сайлау күннең басталады және сайлау жүйесінің рәсімдеу аяқтлуымен ерекшеленеді.

Қазіргі кездегі негізгі  мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру барлық партия оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер, құралдар қолдану керек.

 Республикадағы барлық  партиялар өздерінің бағдарламаларында  демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық  болғанын қалайтындықтарын білдіреді.

Қазақстанның заңына сәйкес 1999ж. қырқүйегінде және 2002 ж. қазаныңда  өткен парламентте сайлау нәтижесінде  сенаттың (парламенттің жоғары палатасы) жарты құрамы жаңарды. 1999ж. ҚР-ның Конституция,а өзгерістерді енгізуіне сәйкес Орталық Азияда алғаш рет мәжеліске (парламенттің төменгі палатасы) аралас схемасы бойынша сайлаулар өткізілді.

2004 ж. қырқүйегінде  Қазақстан Республикасының мәжілісіне  үшінші шақырылуы бойынша сайлауы өтті. Сайлауға 12 саяси партиялар (солардың ішінде 4 партиялар – екіблоктық сайлау құрамында) қатысты. Сайлаудың нәтижесінде мәжіліске 77 депутат өтті, солардың ішінде 59 депутат саяси партиялардың өкілдері болып шықты.

2007 ж. жаздың басында Қазақстан Республикасы Президенттінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер биліктің жоғары заң органдарының құқығың кенейтіп, мемлекет басшысының өкілеттігің нығайтты. Конституцияға өзгертулер нәтижесінде 2007 ж. 18 тамызында Қазақстанда мәжіліске кезектен тыс сайлаулар жаңа схемасы бойынша өтті. Республика тарихында қазақстан тұрғындары сол күні алғаш рет мәжіліс депутаттарының үміткерлеріне емес, партияларға дауыс берген. Бұл сайлаулар еліміздің демократия мен парламентаризмнің тарихында жаңа толқының ашты. 

Егер Республика аумағында белді  рөл атқарған бірнеше партиялардың бағдарламаларына тоқталсақ.

Қазақстан социалистік  партиясы (ҚСП)

Республиканың саяси өмірінде бұл партия  1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.

Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық ҚСП мүшелерін  біріктіреді. Партияғылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар, 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың аррсында көптеген мемлекеттік жүйенің басқарушылары, халық депутаттары бар.

ҚСП атқарушы органы болып Политиском (саяси атқару комитеті) анықталған. Ұйымдық  жағынан партия  территориялық, облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚСП Оңтүстік Қазақстан облысында – 16,5 мың, Қызылорда облысынада – 5 мыңнан аса, Солтүстік Қазақстанда – 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында – 4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері – ҚСП мүшесі.

Партия Еуразия кеңістігіндегі Одақты конфедеративтік негізде  қайта құруға мүдделік танытты. ҚСП  мүшелері дүниедегі  адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік  теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді. Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.

Қазақстан халық  конгресі партиясы (ҚХКП)

Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тең төрағалары болып «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен «Аралды қорғау» қоғамдық қозғалысының  жетекшісі, ақын, саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейінен М.Шаханов төрағалықтан кетіп, «Арал – Азия – Қазақстан» қозғалысына ауысты. Сондықтан партияның төрағалық қызметін В.Рогалев, Г.Ерғалиева атқарды. Оның құрылтайшылары Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.

ҚХКП партиясының Солтүстік  Қазақстан облысынан басқа 18 облыста  өз ұйымдары болды. ҚХКП – жас азаматтар  партиясы. Оның мүшелерінің 50 пайыздан астамы - 40-50 жастағылар. Партия өзінің бас органы «Халық Конгресі», «Народный  Конгресс»  газеттерін 20000 тиражбен шығарып тұрды. Партия саяси, экономикалық, әлеуметтік өмір салаларына  белсенді араласып, көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды. Қазіргі уақытта партия жұмысын тоқтатты.

Қазақстан халық бірлігі  партиясы (ҚХБП)

Қазақстан  халық бірлігі одағы 1995 жылы ақпан айыннан бастап аталмыш партияға айналды. Халық бірлігі одағының құрылтай съезі 1993 жылы 6 ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып, оның құрамына 71 адам мүшелікке енді. «Қазақстан халық бірлігі»  одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Әдірахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993жылы 2 қазанда халық бірлігі  одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтың лидері Президент Н.Назарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, Қ.Сұлтанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті ақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде «Жас алаш» және «Экспресс К» газеттері белгіленді. Кейінен одақ орыс және қазақ тілдерінде «Время», «Дәуір» атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Сұлтанов Қытай Халық Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайланды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.

Қазақстан  Республикасының  партиясы (ҚРП)

Партия өз тарихын 1990 жылдың шілдесінен бастайды. Бұл күні «Азат» азаматтық  қозғалысының құрылтай конференциясында Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының  негізгі мақсаты мен принциптер»  деген декларация қабылданды.

«Азат»  тез қарқынмен дамып, көп ұзамай-ақ республика көлемін  қамтыған қозғалысқа айналды. Оның ұрандары мен талаптары көпшіліктің, әсіресе  қазақ қауымының көңілінен шығып  отырды.

1991 жылы 4 қыркүйекте 30 өкіл қатысқан  «Азат» партиясының құрылтай конференциясы өтті. Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық партиясы «Азаттың»  құрылғаны жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар партияның Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды.

Сонымен, енді   біртұтас «Азат» қозғалысы екіге «Азат» - Қазақстан азаматтық қозғалысына және «Азат» - Қазақстан  республикалық партиясына бөлініп шыға келді. Бұл,әрине, оның қоғамдағы беделін күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен «Азаттық» көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік тіл, ұлттық ақша мәселелері жүзеге асты.

Осы тұста бытырап кеткен ұлттық демократиялық қозғалыстардың басын  қосып бір арнаға түсіру мақсатымен «Азат» азаматтық қозғалысын, «Азат» республикалық партиясын «Желтоқсанды» - үшеуін бір партияға біріктіру  идеясы ұсынылды.

1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз жұмысын бастады. Мұнда «Азат» республикалық партиясы шеңберінде ұйымдасты деген шешім қабылданды. Жаңа республикалық «Азат» партиясының төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент-мүшесі пофессор К.Ормантаев сайланды. Оның бірінші орынбасары болып Хасен Хож Ахмет, бас кеңесшісі болып Жасарал Қуаныш-Әлі сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты.

«Алаш» партиясы

1999 жылы қыркүйекте Қазақстанның  Республикалық партиясы «Алаш»  ұлттық партиясы болып өзгерді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялыларының біраз өкілдері енді. Мақсаты: қазақ ұлтының мүдделерін қорғау ашық айтылды. Партия лидері Сәбетқаз Ақатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60-жылдары Мәскеуде қазақ жастары құрған атақты «Жас тұлпар» студенттік ұйымының мүшелерінің бірі болған.

Қазақстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП)

Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда құрылтай-конференциясында құрылған. Конференцияға 34 өкіл қатысты, олар республиканың 15 облысының өкілдері еді. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Партия мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген: белсенділер және жақтау-шылар. Белсенді мүшелер париялық жарна төлеуге, партиялық қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді іс жүзінде партияға іш тартушылар деп үққан жөн. Партия мүшелерінің жалпы саны мыңға жуық. Социал-де-мократиялың партияның 10 облыстың бөлімшелері бар. Партия төрағасы - Дос Көшімов.

Информация о работе ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар