Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:55, реферат
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызметтің принциптері
Мемлекеттік лауазым
Мемлекеттік қызметті өткеру
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру
Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы.
Жоспар
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызмет жөнінде Баяновтың пікірі бойынша: «Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік – шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік – мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да ( басшылар, инженер – техникалық қызметкерлер), сондай – ақ мемлекеттік мекемелердегі де (мектептер, мәдени – ағарту және медицина мекемелері, т.б.) жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар мағынада да түсінуге де болады. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылатын. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік — басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы өкім етушілік (мемлекеттік – басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналады.
Әкімшілік – басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін объектісі болды.
1995 жылға дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты – бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші шормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 – шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік – қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік – мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс, тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай қызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.
Сондықтан, мемлекеттік қызмет қазіргі кезде шенеуніктердің (төрелердің) қызметіне тіреледі. » [1. 149 б.]
1999 жылғы
23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет
туралы» заңда былай белгіленген:
б) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. (мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің лауазымдары). Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты;
в) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады – заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;
г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі;
д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;
ж) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшалай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет ұғымының негізгі белгілері мен ерекшеліктері осындай.»[2. ]
Е.Баянов тағы мына мәселеге тоқталып кеткен: « Батыс елдерінің заңнамалары мемдлекеттік қызмет туралы мәселені көп жағдайларда Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа алатын қағидаттардан өзгеше негіздемелерде шешеді. Мәселен, АҚШ – та мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың реттелуіне бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез келген қызметкер жатады; оларды «азаматтық» және «үкіметтік» қызметшілерге бөлу қаралған. Ұлыбританияда барлық шенеуніктер, сондай – ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ғылыми және ғылыми – техникалық мекемелерде істейтін адамдар да мемлекеттік «азаматтық» қызмет атқарады. Францияда мемлекеттік қызмет шенеуніктерінің, сондай – ақ өзге де мемлекеттік қызметшілердің жариялық басқарушылық қызметі болып табылады. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып ең алдымен жариялы билікті иеленуші ретінде мемлекеттің барлық қызметшілері танылады. Германияда да шенеуніктер мемлекеттік қызметшілер болып танылады. Оларға өзге мемлекеттік қызметшілер де, мысалы, көмекші – техникалық функцияларды орындайтындар жатады. Әкімшілік қызметкерлер тобын білдіретін шенеуніктермен және шенеуніктер болып табылмайтын азаматтық қызметшілер арасында шек қойылады.
Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекет құратын лауазымдарға орналасқан және шындығында мемлекетте қызметте болатын адамдардың жұмысына қолданылмайды. »[1. 151 б.]
1999 жылғы 23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3 – бабы бойынша принциптері берілген: «
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі
11. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу
14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда үздіксіз жүргізу принциптеріне негізделеді. »[2. ]
Жалпы мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР – сы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді. (33 – б. 4.т.) . Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.