Мемлекеттік қызметтің ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 16:55, реферат

Описание работы

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Содержание работы

Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызметтің принциптері
Мемлекеттік лауазым
Мемлекеттік қызметті өткеру
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру
Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы.

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 45.32 Кб (Скачать файл)

10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі. Мемлекеттік қызметтегі тәртәптә нығайтудың мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.

11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелері оның ырзашылығы мен және келісуімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қол жетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдар бірде – бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.

12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі. Олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегңнңғ беделін көтеруді айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.

13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталыатқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23 – бабында қаралған.

14. Мемлекеттік қызметшілердің   қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципімемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын , арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.»

Осы  мемлекеттік қызмет жөнінде Баяновтың айтары коп. Ол кісінің пікірі  бойынша: « Мемлекеттік лауазым заңмен мемлекеттік мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық  міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі ретінде айқындалған.

Лауазым деп қызмет орны түсініледі, ол оған орналасқан адамның құқықтық мәртебесін айқындайды. Бұл оның лауазымдық (қызметтік) міндеттерінің көлемі, оның лауазымдық (қызметтік) құқықтары, оның өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау үшін жауаптылығының шегі, сондай – ақ осы адамға қойылатын мамандық және біліктілік талаптар. Шын мәнінде, лауазым мұндай ұғымында тиісті мемлекеттік органның, сондай – ақ Конституцияға және басқа заң актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі тиісті адамның орындайтын жұмысының мазмұнын айқындауға қызмет етеді.

Мұндай «өзге» мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі, ҚР – ның Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аппараты және т.б. жатады.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды тағайындау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.

Саяси лауазымдарға:

  1. ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  2. ҚР – сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  3. ҚР – сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
  4. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
  5. Орталық атқарушы органдар мен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік  саяси қызметшілер(басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен – бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады.

Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін  белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына  жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді.

Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар  түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР – сы азаматының құқығы бар.» 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыруды екі топқа бөлуге болады:

А) жеңілдіктер

Ә) көтермелеу шаралары

Жеңілдіктер . олар әр түрлі болады және әдетте, мемлдекеттік қызметшілердің тиісті санаттарына қарай тағайындалады.

Көтермелеу шаралары . көтермелеудің жалпы шаралары еңбек туралы заңдармен, мемлекеттік қызметшілердің нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құқықтық актілермен тағайындалады.

Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық.  Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған құқықтар мен іс – әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларынан көрініс табады. Жалпы мәлім, құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға (деликтілерге) бөлінеді.

Тәртіптік жауаптылық – бұл қылмыстық тәртіппен қудаланбайтын мемлекеттік қызметтің ережелерін кінәлі түрде бұзған үшін қызметтік бағыныштылық тәртібімен тәртіптік ықпал жасаудың шараларын қолдану. Ол өзге азаматтармен бірдей жалпы негіздемелер негізінде белгіленген. Алайда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің сипаты олардың жауаптылығын реттеудің кейбір ерекшеліктерін де болжайды.

Заңдық жауаптылықтың бұл түрін реттейтін нормативтік актілер «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, «ҚР – ның әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі», «ҚР – сы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеру туралы ереже», «ҚР Қарулы күштерінің тәртіптік жарғысы», «ҚР – ның Кеден  органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруі туралы  Ереже» және кейбір басқа актілер болып табылады. Олар жауаптылықтың негіздемелерін, тәртіптік жазалардың түрлерін, бұл жазаларды тағайындау жөніндегі атқарушы билік органдары мен басшылардың құқықтарын, сондай – ақ мемлекеттік қызметтің  нақты жағдайларын ескере отырып, оларды қолданудың және шағым жасаудың тәртібін белгілейді.

Мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасауы жаза қолдану үшін негіз болып табылады. Тәртіптік жаза – бұл қызметшілердің теріс қылық жасағаны үшін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес тиісті құқығы бар тұлға (әдетте мемлекеттік органның басшысы) қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы. Тәртіптік жазалардың түрлері: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы,
  2. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007, — 408 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2010 – 288 б.
  4. Б.Б.Сейдеш. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. – Алматы: Дәнекер, 2004 – 140 бет.
  5. Қызылов М.А., Ибраева Г.А., Есенов Д.Қ., Искакова И.Е. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Дәрістер конспектісі. – Қарағанды, 2006. – 121 бет.
  6. А.А.Таранов.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы Академиялық курс. Алматы, 2003. – 282 бет.
  7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. Баспа. 1995.

 


Информация о работе Мемлекеттік қызметтің ұғымы