Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:37, реферат
Сан алуан субьектілерінің оған ықпалы әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады. 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді .
Сан алуан субьектілерінің
оған ықпалы әрине әр түрлі. Жеке азаматтар
және әлеуметтік топтар күнделікті саяси
өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті
саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады
, оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси
элита аталымын қалай түсінуге болады?
“ Элита” француз тілінен аударғанда
“таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы”
деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен
жоғары сапалы тауарларды атады. 20ғ бастап
саясаттану мен әлеуметтануда білімі
, байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың
азғантай әлеуметтік тобын білдіреді
. Бұл аталымның этимологиялық маңызының
екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита
өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді
, айқын белгіленген интенсивті белгілерді
жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілерді
кң жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің
алғашқы этимологиялық маңызы бойынша
элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке,
демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте,
жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы,
спорт саласындағы элита т.б түсініктер
пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында
да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік
айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар
олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің
әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық
процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді.
Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген
саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде
сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан
алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға
және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға
бөлу идеясы өте ертеден бастау алады.
Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды
асыл азаматтарға және төменгі адамдарға
бөлді. Платон билеуші-философтарға,
әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге
ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар
жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары
Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және
т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита
теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген
еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар
мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған
ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,
байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы
үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар
( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
Саяси элита және саяси көшбасшылықталар
Элиталар мен көшбасшылар
әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік
– саяси ғылымдар зерттеулерінің
маңызды объектісі болып
Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар – саясаттың сас маңызды белсенді субъектілері. Бұл субъектілір өз қызметінде нақты мақсаииар мен мүдделерді көздейді. Практикада халықтың көпшілік бөлігінің саяси үрдіске қатынасуы әдетте сайлаумен ғана шектелгендіктен нақты билікті саяси элиталар мен ( элита ұғымы француз тілінен аударғанда – «ең жақсы», «сұрыпталған», «қалаушылар» ) және көшбасшы –лидерлер ( ағылшын тілінен аударғанда лидер сөзі – «алда жүретін», «жол бастаушы», «жол көрсетуші», «басшы» деген мағына береді) қоғам дамуының мақсаттыр мен болашағын айқындауды қалыптастырады. Олар қоғамды басқарады, стратегиялық маңызды шешімдер өабылдайды және оларды жүзеге асыруда мемлекеттік билік ресурстарын пайдаланады. Басқару міндеттерін атқара отырып, олар, сонымен қатар, билікте болып, оны ұстап тұруға көмектесетін тұлғалық айрықша ерекшеліктер мен кәсіби сапаларды меңгерген.
Осымен байланысты аталмыш элитаға және көшбасшыға басқа адамдарға жетекшілік ету құқы не беретінін, олардың өздерінің саяси қызметінде нендей уәждерді басшылыққа алатынын анықтау қажет.
Демек, саяси элиталар мен саяси көшбасшылыдың арасында қоғамдық – саяси өмірдегі және қоғамдық саясаттағы ерекше рөліне не себепші болып отыр деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, саяси элитаның мазмұнын ашу керек.
Саяси элита ұғымы. Саяси элиталарды танып – білудің және бағалаудың негізгі тәсілдері.
Дүние жүзінің әлеуметтану
және саясаттану әдебиеттерінде саяси
элитаға берілген анықтамалар мен
әр түрлі көзқарастар бар. Сондықтан
отандық және шетелдік саяси ғылымда
саяси элитаның не екендігі жөнінде
түсінік те толық бірлік жоқ. Бұл
сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен,
«саяси элита», «басқару элитасы», «контрэлита»,
«бюрократия» ұғымдарн ажырата білу
керек. Алғашқы ұғым көлемі жағынан
ауқымды, себебі ол басқарушы элитамен
қатар контрэлита яғни саясатта
белсенді атсалысатындарды, билікті
қоға алуға тырысатындарды, бірақ
дәл сол уақытта нақты басқару
Саяси элитаны анықтау мен оның ауқымын белгіле үшін келесі өлшемдерді ұсынған жөн деп санауға болады:
Билеші элитаны саяси элитаның жетекші бөлігі ретінде оның саяси бағытты айқындауы, осы маңызды саяси – басқарушылық шешімдер қабылдауы және саяси ресурстарды бақылауы айшықты белгісі болып табылады. Қарапайым санада осы билеуші элита әдеттегі саяси элитамен ағат ұқсастырылады, әрине бұл да дұрыс емес. Билеуші элитаға саяси элитаның, тікелей билікте тұрмаса да, оған қолдау көрсететін бөлігі жанасады.
Контрэлита – бұл билеуші элитаға қатысты оппозиция рөлін сол сәтте атқаратын саяси элитаның бөлігі. Кейде оның да билеуші топқа кейбір басқару және кадрлық шешімдер қабылдауға жеткізетін қысым жасау ресурстары болады.
Әйтсе бюрократияның жоғары өкілдері билеуші элитаның құрамына енетіні сөзсіз, оның еркін орындайтын соңғысын бюрократиялық аппаратпен шатастырмау керек. Дәрежесі кіші, орташа және жоғары қызметтгеі шенеуніктер билеуші элитаға тән белгілірді иеленбеген. Олар салыстырмалы түрле қосымша рөл атқарып, билеуші элитаға қабылданған саяси бағыт пен шешімдерді өмірде жүзеге асырушылар ғана.
Осымен байланысты, жалпы саяси элита деген не, оның құрамына кімдер кіреді, оның құрылымы қандау деген сұрақтар туындайды?
Саяси элита – бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратын жіне шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ. Қоғамнаң саяси элитасының құрамына биліктік функцияны және уәкілді құқықты иеленген жоғарғы дәрежелі қызметтегі кәсіби саясаткерлер кіреді. Саяси элитаның құрамына сонымен қатар, қоғам дамуының стратегиясын дайындауға, саяси бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатынасуға кәсіби дайындығы бар жоғары мемлекеттік қызметкерлерді жатқызуға болады. Саяси элитаның басты сипаттарын баса көрсетеміз деп, оны көбінесе «елдің саяси басшылығымен», «саяси шешім қабылдау орталығымен» ұқсастырады. Жылдар өткен сайын саяси элита қызметкерлерінің құрамы өзгереді. Алайда қызмет құрылымы шбір өзгеріске ұшырамайды десек те болады. Бұған мемлекеттер басшылары (монархтар, президенттер), биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот органдарының, жоғары елшілік корпустардың және т.б. жетекшіері жатады. Әртүрлі елдерде берілген әр қилы баға бойынша саси элитанңы саны 2−4 мың адамнан аспайды.
Дегенмен саяси элитаның ішкі құрылымы болатынын естен шығармау қажет. Саяси элитаның құрылымы: жоғары,орташа және төменгі деп үш деңгейге бөлінеді.
Жоғары саяси элита
өзіне жетекші саяси
Орташа саяси элита көптеген саналатын сайланған лауазымды адамдардан: губернаторлардан, парламенттік депутаттардан, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар көшбасшыларынан, сонымен қатар кәсіподақтардың басшыларынан қалыптасады. Әйтсе де дамыған
демократиялық институттары бар елдерде партиялар мен кәсіподақтар көшбасшылары элитаның жоғары жігінің қатарына кіре алады. Жалпы орташа саяси элита өзінің саны жағынан халықтың 5% құрайтын аса маңызды адам топтарынан, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі билік органдарының өкілерінен тұрады.
Саяси элитаның төменгі жігін жергілікті жердегі саяси қайраткерлер – басшылар, жергілікті билік органдарының депутаттары және аймақтық деңгейдегі партия қайраткерлері қалыптастырады. Сонымен қатар, саяси элитаның төменгі жігі өзіне қызметші – басқаршыларды, мемлекеттік орталық және аймақтық деңгейдегі шенеуніктерді қосқан. Негізінде ол әкімшілік – бюрократиялық аппараттың көптеп саналатын өкілдерін қамтиды.
Өздерінің беделі есебінен билеуші элитаның және өз күшімен әрекет етуші элитаның позициясын нығайтуда аса беделді техникалық және гуманитарлық интеллегенция өкілдерінен тұратын, сайланйтын элитаның бір түрі болып саналатын «саясаттағы элита» саяси элитаның ерекше құрылымдық элементі болып табылады. Көрнекті жазушылар, ғалымдар, спортшылар, шоу – бизнес өкілдері қайсыбір партияларға сайлауда жеңіп шығуына көмектесумен қатар олардың дағдарыс жағдайындағы немесе ескішіл ағымдағы саяси үрдістер кезіндегі саяси талаптарына қолдау көрсетеді.
Саяси элитаға, сонымен бірге, әкімшілік, экономикалық, әскери, полициялық, идеологиялық – ұйымдық құрамдарына шоғырландырып, монополиялаған. Әкімшілік элита – бұл билеуші элитаның бөлігі, ол өз қолына биліктің техникалық – ұйымдық құрамдарында – ол министрліктер, департаменттер және мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы жігі. Әкімшілік элита саяси элитаны жалғастырушы, ұйымдық белгісі бойынша оны өз алдына жеке топқа бөлуге де болар еді. Әлеуметтану зерттеулері бюрократияны салыстырмалы түрде өздерінің мүдделері мен мүмкіншіліктеріне орай іштей біріккен дербес әлеуметтік жік екенін көрсетті.
Экономикалық элита – бұл билеуші меншік ресурстарының негізінд билік құрылымына өзінің қатысуына іске асыратын билеуші элитаның бөлігі. Экономикалық элитаға өз қолдарында материалдық және қаржы ресурстарын шоғырландырған: ірі корпорациялар, банктердің иелері және олардың менеджерлері, бизнесмендер және т.б. адамдар кіреді. Билуші элитаның бұл бөлігі экономикалық үстемдікті жүзеге асыра отырып, көптеген саяси мәселелерді шешудің жолдарын анықтауға қатысады.
Әскери және полициялық элита – билеуші элитаның маңызды жігі. Олар қоғам өмірінде, саяси үрдістерде үлкен рөл атқарады, әскери, полициялық элитаны көбінесе саясаттың шешуші құралы ретінде пайдаланады. Әскери және полициялық элитаның құрамына елдің жоғары әскери басшылары, генералитет, ішк істер министрлігінің басшылары, мемлекеттік қауіпсіздік, арнайы қызмет және т.б. басшылары кіреді. Бірқатар елдерде элитаның бұл бөлігіне саяси элитаның жоғары жігі енгізіліп, қалған бөлігін орташа немесе әкімшілік элиитаның қатарына жатқызады. Саяси элитаның маңызды жігін идеологиялық –ақпараттық элита құрайды. Ол өз құрамында қоғамда дүние танымдық ұстанымдарды, құнды бағыт – бағдарларды,адамдарда идеялар мен сенімдерді қайраткерлерін – гуманитарлық ғылымдардың, білім берудің, діни қызметшілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші өкілдерін кіргізген. Осы тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының – радио, теледидар, баспасөз рөлі аса зор.
Осы элиталық топтар ішкі жағынан
біртектес, жеңілдікті, бүкіл қоғамның
өкілдігіне ұмтылатын саяси үстем
етуші топты құрай отырып, бәрі
бір-бірімен өзара тығыз
Осыған орай әрбір қоғамдағы саяси элитаның өз ерекшеліктері болатынын айтуымыз керек. Элитаның қандай болуы ең алдымен қоғамның сипатына, оның әл-ауқатының мөлшеріне, мүшелерінің білім деңгейіне, тарихи салт-дәстүріне, дінге, байлыққа негізделген. Үндістан саясаттанушысы П.Шарин дәстүрлі элитаның қатарына діни элитаны, ақсүйектерді (аристократияны), дамушы елдердің әскери басшыларын қосқан.
Саяси элиталарды зерттеу мен баға берудің келесі амалы – экономикалық тұрғыдан қарастыру. Мұның аса көрнекті өкілі, кеңінен танымал « Басқарушылар революциясы » атты кітаптың авторы Дж. Бернхэм еді. Ол саясатты билік пен мәртебе үшін әрдайым болатын топтар арасындағы күрес деп есептеді және барлық қоғамдарда шағын ғана топ түптеп келгенде саяси бағытты айқындауға сөзсіз бақылау орнатады деп санады.
Алайда басқа да көптеген элитизмнің жақтаушыларынан Дж. Бернхэмнің өзгешелігі басты – басты өндіріс құралдарына бақылау орнату элита билігінің негізіне жатады деп есептеуінде еді. Аталмыш бақылаудың екі жағы бар:
Сайып келгенде, өндіріске бақылау орнату саяси билікті әлеуметтік престижге қол жеткіздіреді, сондай-ақ байлыққа кенеледі.