Саяси элита және саяси көшбасшылықталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:37, реферат

Описание работы

Сан алуан субьектілерінің оған ықпалы әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады. 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді .

Файлы: 1 файл

реферат саясаттану.docx

— 38.81 Кб (Скачать файл)

          Енді саяси элиталарды зерттеп  білуде жаңа баға беруде институционалдық  амалға тоқталып кетсек. Оның  аса көрнекті өкілі – « Билеуші  элита » атты кітаптың авторы  Чарльз Райт Миллс мәртебесі  мен құрамын элитаның жекелеген  мүшелерінің дарындылығымен және  психолгиясымен түсіндіруге   болмайды деген көзқарасты қолдайды. Элитаны қоғамның экономикасы  мен әлеуметтік құрамына сәйкес  зерттеу қажет. Ол билікті   ауқымды институттар жүйесі ретінде  болжап,  элита стратегиялық институттар  иерархиясында жетекші позицияны  иемденіп тұрады деп есептейді. Бұл шын мәнінде саяси элитаның мәртебелік үлгісі еді. Осы элитаның құрамна ену үшін көрнекті  интеллектуадық және моральдық сапалардың болуы мндетті емес, тек қана  билік иерархиясындағы керекті орынға отырса жеткілікті.

           Нақты өмірде  саяси элита   биліктің ең жоғарғы деңгейінде  тұрса да  бұқараның саясатқа қатысуына жол бермейді. Билеуші элита мемлекетке  басты  позицияларды иемденген және соның негізінде өзіне билікті,  байлықты  және танымалдықты қамтамасыз етеді. Элита мен бұқара арасында жоюға болмайтын үлкен айырмашылықтар бар.

           Саяси  элиталарды зерттеп  білу  мен баға берудің жоғарыда  қарастырылған негізгі амалдарын  саяси элиталардың қалыптасуы  мен ауысуы үрдісін анықтауға  және олардың міндеттерін ашуға   жан-жақты  қарауға мүмкіндік  беретінін айтуымыз керек.

 

 

Саяси элиталардың қалыптасу, ауысу процестері және олардың функциясы

 

            Саяси элиталардың қалыптасуы мен ауысуы мәселесін дұрыс  түсіну үшін ең алдымен олардың пайда болу себептерін анықтау қажет. Саяси элиталардың пайда болуы үшін керекті белгілі  бір объективтік алғы шарттар, яғни себептер бар. Бұл алға шарттарды үш деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгейді қоғамдық еңбек бөлінісі себептер құрайды. Еңбек  бөлінісі заңы және онымен байланысқан қоғамның әлеуметтік стратификациясы  әр түрлі топтар, жіктер орындайтын әлеуметтік функциялардың жіктелуіне септігін тигізеді. Қоғамның өмір сүруі  тек  еңбек  бөлінісінің арқасында ғана мүмкін, әрбір әлеуметтік топ, жік бүкіл әлеуметтік организм үшін  аса маңызды  міндеттерді  шешуді жүзеге асырады: бірі материалдық игіліктерді  өндірумен айналысса, екіншілер – рухани құндылықтар жасайды, үшіншілер – басқарады және т.с.с.  Қоғамдық организмнің қалыпты өмір сүруі үшін барлық қызметтер түрлерін барынша үйлестіру қажет. Бірақ олардың кейбіреуі осы организм тұрғысынан аса маңызды деп саналса,  басқаларының маңыдылығы олардың төмендеу болуы ықтимал. Әлеуметтік пирамиданың шыңына жалпы жетекшілік пен басшылықты іске  асыратындар отырғызылады, өйткені тек осы функциялар арқылы әлеуметтік организмнің бірлігі қамтамасыз етіледі, өзге де функцияларды табысты орындау үшін қажеттңі алға шарттар жасалады. Сайып келгенде, элиталардың өмір сүруі басқару еңбегінің қоғамдық ынталандыру және басқа да формалармен түсіндіріледі.

             Ынталандырудың мұндай формасы  мемлекетті басқарудағы қызметке жоғары уәжедеме жасау үшін барлық саяси жүйелерде  қолданылады. Алайда, бұл жерде қоғамның, мемлекеттің  ұсынған уәжемесі ғана көрігніп қоймайды,  соныменбірге жеке адамның «жоғары»  көтерілуі, мемлекеттегі  басқарудағы командалық позицияға жетуге деген құлшыныс ішкі уәждемесінен байқалады. Саяси – басқарушылық еңбекті пайдаланудың кең мүмкіндігі маңызды ынталандыру болып табылады. Демек ол басқару элиталарының өмір сүру факторы болып саналады.

             Әлеуметтік теңсіздік дегеніміз  – мәртебелер теңсіздігі. Мұндай  теңсіздік экономикалық себептермен  де орнығады.  Меншігі бар жеке  адамдар және топтар, ең алдымен  өндіріс құралдарын меншіктенгендер,  басқару саласында, материалдық  игіліктерді бөлу  және тұтыну  саласында үстемдік жағдайға  жетеді.       

             Сонымен бірге мұндай теңсіздік  жеке адамның қайсыбір әлеуметтік  рөлді атқару қабілетінен де  келіп шығады. Атап   айтқанда, жетік басшының рөлі жоғары интеллектуалдық  және ерік – жігер сапаларын, басқару қызметі жөніндегі көлемді білім мен дағдыны талап етеді. Алайда, адамдардың қабілеттері табиғатынан бірдеә емес. Қорыта келгенде, адамдардың табиғи дарындылығы, психологиялық теңсіздігі қоғамның элита және бұқара болып бөлінуінің екінші маңызды алғы шарты болып табылады.

            Билеуші элитаның басты мақсаты  – өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру  және топтық  мүдделерін қорғау. Билік тетіктерін меңгерумен, онда  өзінің монополиясын сақтауға  тырысумен, қандайда болмасын  элитаның позициясынжұмылдыру және орнықтырумен, демек оның әр мүшесінің позициясын нығайтумен байланысқан билеуші элита мүшелерін, ең алдымен мүдде біріктіреді.

          Сонда айтарым, қоғамның саяси  саласының  өмір сүру ерекшеліктерін  келіп шығатын таза саяси факторларының  болуы, саяси элитаның басты мақсаты − өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен мүдделерін қорғау.

          Саяси элиталардың пайда болуның  алғы шарттарының бірі олардың  қалыптасуы мен дамуы келп  шығады. Саяси элиталарды қалыптастыруда  олардың құрамын толықтыру   жүйесі аса маңызды саналады. Элиталарды толықтыру  жүйесі  –бұл қажетті өлшем-бірліктерді,  тәртіп және іріктеуді іске  асыратын адамдар құрамынан тұратын  элита өкілдерін сұрыптау механизмі.

         Ғылыми әдебиеттерде саяси элиталардың құрамын толықтырудың (қалыптастыру және жаңарту) екі негізгі жүйесі: «антрепренерлік» деп ашық және «гильдия жүйесі» деп аталатын жабық  жүйелері қарастырылған. Бұл таза күйінде өте аз кездеседі. Ашық жүйе демократиялық, тоталитарлық мемлекеттерге тән құбылыс.

          Саяси элиталардың ашық жүйесі  әр түрлі қоғамдық топтар өкілдерінің  вертикальді қозғалу мүмкіндігін  сипаттайды. Ол жоғары бәсекелестікпен,  өткір қарсыластықпен,  ұсынылатын  кандидаттар санының  көптігімен, аздаған формальды шектеулермен  және талаптармен, маңызды тұлғалық сапалармен, қоғамдық белсенділігімен, тартымды идеяларымен және бағдарламаларымен еліктіру қабілетімен элитаның құрамына халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының, саяси партиялар мен қозғалыстардан пропорционалдық жету мүмкіндігімен айрықшаланады.

           Саяси элиталардың жабық жүйесі  көптеген формальды «сүзгіштерден» құралып, ол салыстармалы түрде аз ғана  кандидаттардың болуын, қызмет иерархиясның барлық баспалдақтарына олардың бірте – бірте көтерілуін және лауазымды қызмет үшін жоғары талаптарына орындауды талап етеді. Саяси элиталардың ашақ жүйесіне қарағанда ол кейде әйгілі бірегей тұлғаралық қызмет бабында көтерілудегі жолын бөйгейді және саяси басшылықтың жетік емес амалдардың баруына да тосқауыл қояды.

           Саяси элиталарды құрамын толықтырудың (қалыптасу, жаңарту) екі жүйесінің  жағымды және жағымсыз жақтары  болатынын айтуымыз керек. Ашық  жүйе (антрепренерлік жүйе) – жас  көшбасшыларға және жаңашылдыққа жол беретін жүйе. Алайда, ол үлкен тәуелділік пен кәсібисіздікке, саясаттағы  әлсіз болжаушылыққа, көшбасшыларының сыртқы эффектімен әуестенуіне әкеп соқтырады. Жабық жүйе (гильдилық жүйе) шешімінің байсалды, үлкен кәсіби, мейілінше дау –дамайсыз, саясаттағы болжаушылықпен сипатталады. Оның басты  құндылықтары: келісім,  кәсіби тәжірибе, сабақтастық, тұрақтылық. Сонымен қатар саяси элиталардың жабық жүйесі бюрократиялануға, консерватизмге және күрделі ішкі иерарзия жасауға бейім келеді. Бәсекелестік  механизмдерді қолданбайынша  ол саяси элитаны тоқырап қалауға жеткізеді, оны жеңілдіктер бар кастаға айналдырады. Сондықтан саяси элиталардың алмасуы қажетті нәрсе.

            Саяси элиталарды қалыптастыру  және алмастыру  мәселесі  мәселесі  басқарушылар жігінің сипаты туралы мәселемен тікелей байланысқан. Егер де  билеуші элита көбінесе  кәсіби дайындығы бар, қажетті  басқару тәжірибесін иеленген адамдардан тұратын болса, егер оны жоғары іскерлік пе моральдық сапалары ерекшелейтін болса, өзі тұрақты түрде қоғамының әр түрлі жіктерінің аса дарынды өкілдерімен толығып отыратын болса онда мұндай саяси элитаның қоғамдағы көпшіліктің мүддесі үшін  күрделі саяси үрдістерді тиімді басқаруға мүмкіншілігі  болады. Сонымен қатар элита қызметінің тұрақтылығы мен нәтижелігі билеуші жіктің ішкі және сыртқы саясатта ұлттық мүддені анық түсінуге, оны білдіруге, әр түрлі қоғамдық жіктермен және топтармен байланыстың қажеттігін мойындауға қабілетті болуы маңызды шарт. 

             Саяси элиталардың функциялары  және олардың қалыптастыру және  алмастыру мезанизмдері осы топтардың  қоғамдық рөлі мен бейнесіне  тікелей  ықпал етумен қатар,  олардың жекелеген  өкілдеріне  –саяси көшбасшыларға тән әдеттегідей   типтік белгілерді анықтайды.  Сондықтан да саяси элиталардың  көптеген проблемалары саяси  көшбасшылардың мәні мен табиғаты  мәселелерімен тығыз байланысты.

 

 

Саяси көшбасшылардың мәні және табиғаты

 

            Саяси көшбасшы  саяси элитаның маңызды элементі болып табылады. Ежелгі дүниеден  адамзат қоғамын саяси көшбасшы, көсем, батыр және т.б. үлкен рөл  атқаратындығымен түсіндіріледі. Сонымен бірге ғасырлар бойы  көсемдердің, әскери  қолбасшылардының,  батырлардың. Заң шығарушылардың бейнелері  биліктің  жанды көрінісі іспетті  болды. Қайсыбір билеушіге  адамдар тағзым етсе де, одан қорықса да немесе оны көре алмаса да жұртшылық алдында ол қалыптасқан билік жүйесін бейнелейді.

          Саяси көшбасшы – көп қырлы  ұғым, ол қоғам дамуымен бірге өзгеріске ұшырайды. «Саяси көшбасшы» ұғымының қазіргі саясаттануда кеңінен қолданылуына қарамастан оған белгілі бір  мағыналық анықтама бекітілмеген. Сондықтан қазіргі ғылымда саяси көшбасшы әр түрлі мағынада айтылып, сипатталып келеді.

            Кейбір зерттеушілер саяси көшбасшыны "ықпалына ету" деп анықталса,  екіншілер − "басқару", үшіншілер  "шешім қабылдау" деп түсінсе,  ал  төртіншілері халықты "алға  жетелейтін" тек "жаңашыл"  көшбасшыларды мойындайды.

«Саяси көшбасшы» деп  формальды  лауазымына қарамастан, қоршаған ортаның күшін біріктіруге  және өздерінің белгілеп,  алғаз қойған мақсаттарына жету үшін  бұл үрдіске белсенді ықпал етуге (қала, аймақ, ел аумағынада) тырысатын және қабілеті бар кез келген саяси процеске қатысуын айтамыз.

             Саяси көшбасшы мәселесі белгілі  бір саяси еркіндігі бар елде  ғана пайда болады. Оның маңызды  шарты – саяси плюралим. Тоталитаризм  және автократизм жағдайында  саяси көшбасшы  деген мәселе  атымен болмайды да, мұнда билікке  көшбасшылық заңы арқылы емес, «басып алу  құқы» заңына  сүйенгендер келетін тек диктатура  мен номенклатура  мәселесі ғана  болады.

            Осымен байланысты саяси көшбасшылар өз соңынан әр түрлі адамзат қауымдастықтарын – шағын, белгілі бір адам топтарынан бастап, мемлекеттік деңгейдегі қауымдастықтарын ерітіп, ілестіреді. Сонымен саяси көшбасшылар қатарына көбіренсе ұйымға, мемлекетке, жалпы қоғамға тұрақты және шешуші ықпал жасайтын тұлғаны жатқызады.

           Саяси көшбасшылар халықтаң небәрі  5%-ын құрайтыны белгілі. Саяси көшбасшыларды сипаттай келіп, олардың басым көпшілігі ер адамдар екенін айпай кетуге болмас.

          Үлгі өнеге боларлықтай сирек  кездесетін, мысалы, М.Тэтчер (Ұлыбритания), Г.Х.Брудтланд (Норвегия), Б.Бхутто (Пәкістан), И.Ганди (Үндістан) сияқты белгілі әйел-саясаткерлерде шықты. Бүкіл дүние жүзі мемлекеттерінің 40 мың депутатының небәрі 10%-ын әйелдер құрайды, олардың кейбіреуін ғана саяси көшбасшы деп санауға болады. Жалпы әлемде әйелдер саны еркектерден 1% ғана кем.

            Саясат әлемінде өзін мойындату үшін әйел адамға әдетте, әйелдікті сипаттайтын белгілермен шектеліп қалу жеткіліксіз. Консерваторлар партиясының саяси көшбасшысы болу үшін және кейінірек премьер-министр қызметіне келу үшін Маргарет Тэтчер қатаңдықты, тік мінезділікті, табандылықты көресту керек болды. Сол үшін ол «темір леди» деген лақап атты иеленді. Сонымен қатар ол ерекше ерік жігер, сендіру және қарапайым тілмен өзінің мақсаттарын баяндау қабілеттерін меңгерген. Ол жұмысқа айрықша қабілетті әйел адам.  

             Саяси көшбасшы – бұл саяси процестерге жетекшілік ететін, қоғамды, саяси ұйымдарды немесе қозғалыстарды басқару функциясын жүзеге асыратын жай ғана адам (әйел, еркек) емес. Кім оқиға барысын және саяси процестердің бағытын өзгертуге қабілетті болса, сол – саяси көшбасшы. Сондықтан кез келген премьер-министрдің, монархтың, саяси партия жетекшісінің, әсересе парламентарилердің саяси көшбасшы болу қолынан келе бермейді. Саяси көшбасшылар қоғамдағы саяси процестерді жандандырады. Олар қоғамның тарихи дамуының барысын анықтайтын бағдарламлар ұсынады.  Нақты саясат – саяси процестердегі басты әрекет етуші, олардың негізгі ынталандырушы ретінде көрінетін саяси көшбасшылардың қатысынсыз ешқашан да жүзеге аспаған.

          Саяси элиталардың функциялары  және оларды қалыптастыру және  алмастыру механизмдері осы топтардың  қоғамдық рөлі мен бейнесіне  тікелей ықпал етуімен қатар,  олардың жекелеген өкілдеріне  – саяси көшбасшыларға тән әдеттегі−типтік белгілерді анықтайды. Сондықтанда саяси элиталардың көптеген проблемалары саяси көшбасшылардың мәні мен табиғаты мәселелерімен тығыз байланысты.         

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Д. Жамбылов Саясаттану, «Жеті жарғы» баспасы, Алматы қ-сы 2005ж.
  2. А. С. Рахымбаева Саясаттану; «Фолиант» баспасы, Астана қ-сы 2006ж.
  3. Д. Р. Шалабаев Саясат және саяси мәдениет, «Саясат» баспасы, Алматы қ-сы 1998ж.

Информация о работе Саяси элита және саяси көшбасшылықталар