Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 08:16, реферат
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Адам және саясат
2) Адам және оның саясатқа қатысуы
3) Саяси сана
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Адам және саясат
2) Адам және оның саясатқа қатысуы
3) Саяси сана
1.Қоғам жане адам:
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген
сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты,
экономикалық, мемлекегтік, партиялық
саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык
саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан
алуан саясаттар іске асырылады екен,
ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін
адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені,
материалдық және рухани құндылыктарды
билік аркылы белетін, өзара қатынаста
болатын адамдар. Олай болса адамдардың
әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси
өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара
байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі
— мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру.
Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы
мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық
және саяси өмірдің процестеріне де әсер
етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты,
дербес, көп қырлы және күрделі саласы.
Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін
қамтиды — зандылық, аткарушылық және
соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және
оның дамуының қозғаушы күшінің бірі.
Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы
бар. Саяси билікті анықтау және қайта
бөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін
іске асырудың нақтылы механизмін табуға
негізделеді.
Саяси саланың, басқа да салалардың өзара
қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп
жағдайда байланысты. Сондықтан саяси
режим және саяси сала іштей өзара байланысты
құбылыс. Саяси режим — саяси және қоғамдық
өмірді ұйымдастырудың және оның өмір
сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық
саяси режим коғамдық өмірді күштеп реттеумен,
қысым көрсетумен, қоғам мен жеке адамды
мемлекеттің жұтуымен, коғамдық сананың
саяси билікке бағынуымен, халыкты саяси
биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттық
мәдениеттен ажырату мен сипатталады.
Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде
өмір сүрдік.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
өкімет билігі оның заң шығару, аткару
және сот билігіне бөлу принципіне негізделген.
Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз
өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір
тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің
тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату
кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы
занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы
атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска
биліктерді толықтырушы, екінші жағынан
олардың қызметінің занда көрсетілген
дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы
да болуы керек
2. ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ:
Адам тумысынан анархист, монархист, либерал
болмайды. Мүндай мінез-кұлықтар адамда
жүре-бара қалыптасады.
Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада
өскендігіне тікелей байланысты. Оның
саяси көзқарасына әсер ететін факторларды
екі кезеңге бөлеміз.
Бірінші кезеңге адамға бала кезінде ете
зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын
достарын, мектепті жатқызуға болады.
Қазіргі мектептерде авторитарлық тәртіп
басым. Еліміздің атақты адамдары, олардың
балалық шактары, елдін тәуелсіздігі туралы,
баска да оқиғалар мәтін аркылы оқытылады.
Біздің мемлекеттік кұрылысымыз (ол қандай
болса да), оның басшылары, жеке адамдар
мадақталатын әндерді айтып, өлеңдерді
оқушылар жаттайды. Мектептерде әсіресе
сыныптарда билік иелерінің атына сын
айтылуы мүмкін емес. Мектептерде, мектепке
дейінгі мекемелерде билік қатынасы диалог
тұрғысында емес, жалпыға бірдей қатаң
орныкқан тәртіп түрінде әтіледі.
Мектептің езінде билікті бөлісу үлгісін
оқушылар міндетті, кажетті деп қабылдайды,
солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет
құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты
да қалыптастырады.
Бұл кезенде саяси әлеуметтенуге әсер
ететін факторлар — құрбы-құрдастары,
коғамдық ұйымдар, бұқаралық акпарат кұралдары.
Екінші кезенде саяси әлеуметтенудің
факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат
құралдары және әлеуметтік орта басты
орын алады. Теледидар және радио арқылы
берілетін хабарлар алғашкы және шындық,
ретінде қабылданады.
Саяси әлеуметтенуде маңызды орын алатын
фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта:
оқудағы, жұмыстағы сыбайластар, жақын
туысқандар, т.б. Шығармашылык интеллигенция
ортасы маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш,
тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен
қатынаста болудың да үлкен манызы бар.
Саяси сана:
Саяси сана — өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.
Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси сана деңгейлері:
Саяси сана деңгейлері — қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың функциялары:
Саяси сананың функциялары — саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі. Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель,
кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтері елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХVIII ғасырдағы неміс ағар¬тушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қа¬тынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқау¬лар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлт¬тардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауат¬тылық қажет. Осы орайда В.И. Ленин былай деп жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И. Ленин, ШТЖ, 44-том, 188-б.)
Сондай-ақ дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.
Саяси мәдениет категорияларының құнды
қатынастары құрылымындағы
Әрбір адамның азаматтық міндет¬тері
мен құқықтарына деген
Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:
– танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды;
– аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;
– саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақ¬тылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауап¬кершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды рет¬теуді қамтамасыз етеді.
– саяси психологияны
дамыту міндеттері. Олар адамдар¬ды қоғамдық-саяси
қызметтерге қатысуға ынталандырады,
саяси белсенділікті арттырады,
белгілі бір тосын саяси
– қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;
– қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды.
Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналар¬ды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеумет¬тік қорғау», «автономия», «төзімділік», т.б. сияқты саяси қазы¬налардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либерал¬дар деп бөліну де содан келіп шығады.
Саяси мәдениетке тікелей қатысты
тағы бір ұғым – ол саяси мінез
туралы категория. Саяси мінез немесе
саяси мінез-құлық – басқару
процесіне қатысты адамның
Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде қолданылады.
Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрай¬ды.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатын¬дығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.
Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында ауызша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдір¬мей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді.
Өйткені қазақ тілі – өте бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығармала¬рын ХIХ ғасырда-ақ көп елдерден бұрын аударуға жараған тіл… Біз Маркс, Ленин еңбектерін көп елдерден бұрын аудар¬дық. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілді таза ұстаған жөн. Оның үстіне, тіл – саясат құралы емес, таным құралы. Талайлардың қателігі осында, таным құралын саяси қаруға айналдыруда жатыр. Тіл еш¬уақытта саясаттың нысанасына айналдыруға болмайтын киелі, қасиетті ұлттық ұғымдардың қатарына жатады. Ол саясаттан да жоғары тұруы тиіс.
Сондықтан тілді орынды пайдалану
үшін, әрине едәуір қам-қарекет істеу
керек. Ең алдымен мектепке балалар
білімінің тек теориялық
Аталған іс-шараның орындалуын қадағалап, міндеттеп отыруды тіл шаруасын тәртіпке шақыратын құқы бар ресми орын – Тіл комитеті қолына алуы қажет. Тек осындай жолмен ғана біз тілдің мәдениетін кемелдендіріп, оның қолданыс ауқымын кеңейте түсеміз.
Айталық, саяси тілде «әскери өнеркәсіп», «әскери комплекс», «қару-жарақ», «қарулану», «әскери блок», «соғысқа әзірлену», т.с.с. қолданылса, сөз жоқ, тіл мәдениеті өзінен-өзі байқалып тұрады.